-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
«Аңызда да шындық
бар»
Мамытбек
Қалдыбай
– Сұрағың болса,
сұра.
– Әуелі әлденіп алайық,
Бауке.
– Е, мейлі, «қонақ қойдан жуас»
дегенді мен шығарған жоқпын ғой, қарағым.
Тез қимылдап, ортаға журнал
столын қойып, дастарқан жайдым. Бағаналы бері Баукеңнің сөзін
бөлуге батпай, қипықтап жүрген жұбайым енді еркін қимылға көшті.
Қазақша ет асқан едік, бірақ Баукең оған бір рет те қол
салмады.
– Тамақтан, мына қазыдан
алсаңызшы! – деген маған көзін аларта
қарап:
– Әй, қарағым, «алдына ас
қойдым, екі қолын бос қойдым» деген қайда? Мен жегім келсе, сен
алыңыз демесең де, жеймін ғой. Тәбетім шаппай отыр, – деді
жақтырмай.
– Келгелі бері жөндеп нәр татқан
жоқсыз. Бұл ағзаңызға зиян ғой. Баукең мырс етіп
күлді.
– Әнеугүні үлкен қызым Ақан:
«Әке, екінші тәулік тамақ ішкен жоқсыз. Құр жатасыз да қоясыз,
ешкіммен сөйлеспейсіз, Мұныңыз қалай? –
деді.
– Қызым, мен ойланып жатырмын.
Ойланған кезімде тамақ есімнен шығып
кетеді.
Таң қалып
қарап:
– Рас па? –
деді.
– Табиғаттың бір қызығы – басыңа
ойлар келгенде, қарның ашпайды екен. Ал кейбір кісілердің тамақсау
келетіні – ойланбайтынынан болса керек. Қызым таңырқап не дерін
білмей тұрып қалды.
– Қарын ашпаудың себебі, қызым,
күллі ағзаны ой
билеп кетеді екен. Ол
таңырқаған күйі бөлмемнен үнсіз шығып
кетті.
– Бір қызығы, мен тамақты аз
жесем де, арықтап көрген кісі емеспін. Қысқасын айтқанда, тамақтың
екі түрі болады екен. Бір түрі – кәдімгі өзіміз жеп жүрген тамақ.
Түсіндің бе? Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Екінші түрі – рухани
тамақ. Рухани тамағың болып тұрса, соны ойлап, толғанып жатсаң,
қарның ашпайды екен. Ал рухани азығы жоқ адамдар қай жақта асхана,
кафе, мейрамхана бар, үйге барғанда не жейміз
дейді
екен. Қасиетті кітаптан
оқығам, бір пайғамбар үйінен кетіп қалып, таудың ішіне барып, қырық
күн аш жатады. Жұрт іздеп таппайды. Қырық күн өткен соң, өзі қайтып
келеді.
– Тақсыр-ау, тамақсыз қалай жан сақтадыңыз?
Аң аулап жейтін қару-жарағыңыз болған жоқ.
Қалайынша аштан өлмедіңіз? – дейді жұрт.
– Мен
қырық күн ойланып жаттым. Ойланған кісі аш
бола ма? Не деп отырсыңдар?! – деп
тастапты.
Әрине, бұл – аңыз. Дегенмен, қарағым, аңызда
да шындық бар.
Сұрақ –
жауап:
• Бауыржан ата өзінің тамаққа
тәбеті жоқтығын қалай түсіндірді?
• Ойлану адамға не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
• Рухани тамақ дегенді қалай
түсінесіңдер?
• «Рухани тоқ адам» деп қандай адамды
айтуға болады?
• Өзің қандай адам болғың келеді?
|