Адам және экология

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам және экология

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат пен адамның қарым-қатынасы,табиғатты қорғаудың маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам және экология


Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары, су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар – өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері – адамдар. Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады.

Табиғат – біздің асыраушымыз, олсыз адамзат өмір сүре алмас еді. Бұрынғы заманда, адамдар табиғатты құрметтеген және оған зиян тигізбеген. Ерлер – аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан, ал әйелдер жидектерді, саңырауқұлақтар мен шөптерді терген. Бұл үйлесімділік, өнеркәсіп пайда болғаннан кейін бұзылды. Зауыттардың саны көбейіп, экологияға үлкен залал келтірілді. Қазіргі уақытта, табиғат токсиндерден тұңшығып жатыр деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселенің бірі – қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі, оның ластануы. Жерге тастай салған ең қарапайым тұрмыстық қалдықтардың өзі ғаламшарға үлкен қауіп төндіреді. Жердің ластануы тұрмыстық қалдықтардан пайда болады. Тұрмыстық қоқыстарды арнайы орындарға, қазылған шұңқырларға тастауға да кейбіреуіміздің мәдениетіміз жетпей жатады. Тұрмыстық қоқыстардың шіруі, оның толығымен жойылуы жүздеген жылдарды керек етеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қарапайым қағаз 2-5 айға дейін, консерв құтылары жүз жылға дейін, ал пластик құтылар бес жүз жылға дейін шіріп ыдырайды. Қоқыс шірігеннен кейін көмірқышқыл газы мен метан секілді парникті газды бөліп шығарып, ғаламдық жылынуға әсер етуде. Ал кейбір тұрмыстық қалдықтардың құрамынан жер асты суы мен топырақты ластайтын улы заттар бөлініп шығады. Тұрмыстық заттардан шыққан қоқыстардың 80 пайызы шыны және пластик құтылар, түрлі металлдар мен қағаздардан тұратын болғандықтан, оны қайта өңдеп, тұрмыста қолдануға болады. Алайда біздің еліміз қайта өңдеу өндірісін қолға алған жоқ. Әлемде қоқыстың аз ғана бөлігі қайта өңделеді. Біз биоыдырағыш заттарды көбірек қолдану, тұрмыстық қалдықтарды қайта тұтыну, қоқыстарды арнайы орындарға, қазылған шұңқырларға тастау арқылы табиғатты қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.

Жер – адам баласының ортақ үйі. Шығыс ғалымы Әбу Райхан Беруни мың жыл бұрын «Адамның денесі – әлеммен бірдей» дегендей, адам мен табиғат арасындағы қатынастың бұзылуының әсері адамның өзіне зиянын тигізері сөзсіз. Біз, жастар, табиғат жанашыры болуымыз керек. Атадан балаға мирас болып келе жатқан туған жерді, оның көркем табиғаты мен байлығын көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпақтарға таза күйінде қалдыруымыз керек. Сондықтан жастардың табиғатты қорғауға қатысты өзінің экологиялық мәдениетін дамыту мәселесі алдыңғы қатардан орын алуы тиіс. Бұл мәдениеттің түрі әрбір саналы адамның бойында болуы тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
3092
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі