Материалдар / Адам жанының арашасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам жанының арашасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам жанына араша жанашыр денсаулық, дәрігер туралы сынып сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдасы көп. Сынып сағатында оқушыларға арналған түрлі тапсырмалар, белсенді әдістер жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2018
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Адам жанының арашасы

Мақсаты: Оқушыларға денсаулық ұғымдарының мағынасын ашып, олардың бір-бірімен байланысын көрсете отырып, денсаулық сақтау жолдарын және денсаулыққа әсер ететін заттарды анықтау арқылы салауатты өмір салтын сақтайтын салауатты азаматты тәрбиелеу. Адам өмірінің арашасы ақ халатты абзал жандардың дәрігерлердің еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, сызбалар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар:

Байлық – оны деседі. (Денсаулық)


ІІІ. Ой қозғау.

- Біз ауырған жағдайда бізге әрдайым көмек көрсетіп жүретін кім, балалар? Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз дәрігерлерге арналады. Бүгін бізде қонақта ауыл дәрігері – Рая Т

Денсаулық – басты байлық. Өркениетті елдерде адамдардың басты ұстанымы қолымыздағы ақшаны 2 нәрсеге аямай салуға болады. Бірі- денсаулыққа, екіншісі – білімге. Білім – ақпарат, білім – күш, білім – ақыл-ойдың дамуы. Ал денсаулық – өмірдің негізі.

IV.Топтастыру.

Спортпен шұғылдану жақсы күлкі

DrawObject1

дDrawObject4 DrawObject2 DrawObject3 ұрыс тамақтану



кDrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 үн тәртібін орындау жеңіл тамақ



жылы сөз жақсы әуен


Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,

Ауруға 4 нәрсемен құрсақ тұзақ.

Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.

V. Ертегі «Көрінбейтін елді-мекен». Балалар, «Көрінбейтін елді - мекен» ертегісі сіздерге таныс шығар. Қане есімізге түсірейік.

Мына үйде Тимур мен Дина тұрады. Бір күні екеуі аулада ойнап жүргенде, Тимур құлап, аяғын ауыртып алады. Аяғы қатты ауырып, қанайды. Бір кезде оның басы айналды. Ол көзін жұмып, басқа әлемге кетіп қалды. Ол көрінбейтін елді-мекенге келді. Ол елде ми, жүрек, өкпе, асқазан т.б ағзалар өмір сүріпті. Олар сонда жұмыс жасапты. Олар бір-бірінсіз жұмыс жасай алмаған. Сонымен қатар Тимур ақ солдаттар мен қызыл солдаттардың шайқасып жатқанын көріп таңғалады. Олардың бірі ірі, бірі ұсақ екен. Шайқас біткен соң Тимур армияның қолбасшысына кездесті. Ол: «Бұл не? Ақ солдаттар мен қызыл солдаттар неге шайқасып жүр?» деп сұрайды. Қатал генерал: «Қызыл солдаттар – эритроциттер (қан клеткалары). Ал ақ солдаттар қанның ақ түйіршігі.» депті.

Сөйтсе, адамның денесінде ақ, қызыл қан клеткалары бар екен. Біздің денемізде үнемі қызыл қан клеткалары көп болуы тиіс. Ағзаға аурукелген кезде бұл клеткалар бір-бірімен шайқасады екен. Егер ақ қан клеткалары жеңсе, онда адамның ағзасы бұзылады, ауруға ұшырайды. Ал қызыл қан клеткалары жеңсе, онда біз жақсы өмір сүреміз екен. Соны түсінген Тимур қайтадан ұйықтап кетіпті. Көзін ашса, үйінде жатыр екен. Ол аман сау екеніне қатты қуанды.

VІ. «Сөйлемді жалғастыр...»

«Денің сау болу үшін...» оқушылар сөйлемді жалғастырады.

VІІ. Топтық жұмыс.

Олай болса назарларыңызға «Денсаулық» туралы мультфильмды ұсынамыз.

СЕРГІТУ СӘТІ.

ІХ. «Кім көп біледі?» ойыны.

Тақтада түрлі тағам атаулары ілулі тұрады. Оқушылар олардың арасынан пайдалы тағамдар мен адам денсаулығына зиян тағамдарды іріктейді.

Пайдалы: алма, өрік, жүзім, алмұрт, ет, ірімшік, айран, пияз, сүт, балық, сарымсақ.

Зиян: чипси, кириешки, coca-cola, роллтон, майонез,

Х. Ақпарат алмасу. Балалар, қазіргі таңда тұмау т.б аурулар өте көп. Бұл аурулар көбіне қай уақытта күшейеді немесе тағы да басқа аурулар туралы бізге дәрігер апайымыз қандай мәлімет береді екен. Соны тыңдайық.

Сұрақ-жауап. Дәрігерге қойылатын сұрақтар:

- Дәрігер болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?

- Алғаш дәрігерлік жұмысыңызды қайда бастадыңыз?

- Жұмысыңызда кездескен қиын сәттер болды ма?

- Дәрігер болу оңай ма?

- Жұмысыңызда кездескен есіңізден кетпейтін қызықты сәттер болды ма?

Қорытынды. Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе арты толмас қазынасы. Сондықтан дені сау, білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өтіңдер.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!