Материалдар / Адам папилома вирусының алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам папилома вирусының алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам папиломасы вирусы (ары қарай АПВ) – бұл әртүрлі ағзалардың (мысалы жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақтың) терісіне және шырышты қабықтарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адам папиломасы вирусы алдын алу


Адам папиломасы вирусы (ары қарай АПВ) – бұл әртүрлі ағзалардың (мысалы жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақтың) терісіне және шырышты қабықтарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді.

АПВ-ның 200-ден астам типі бар. Әр типтің өз нөмері бар (нөмері өзінің анықтау тәртібімен беріледі). АПВ-ның жоғары онкогендік қауіп типтері ретінде белгілі кемінде 14 типі бар, олар шырышты қабықтар арқылы беріледі және жатыр мойыны обыры мен обырдың басқа түрлерін туғыщуы мүмкін.Алайда АПВ-ның онкогенді қаупі жоғары типтерінің инфекциясын жұқтырған 10 жағдайдың 1-де персистирленуі және созылмалы түрге ұласуы мүмкін.

АПВ-ны жұқтырған адамның организімінің инфекциясы түскен терісімен, шырышты қабықтармен немесе сұйықтықтармен тікелей жанасу арқылы беріледі.

АПВ вирусы адамдарға мынандай жолмен беріледі:

1 Тұрмыстық жанасу жолы арқылы. АПВ қол алысу, сүйісу арқылы, терідегі зақымдар арқылы берілуі мүмкін, Вирус ылғалды ортада тез таралады; сондықтан қоғамды орындарға-сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда ұқыпты болғаныңыз дұрыс.

2 Жыныс жолы арқылы. Вирустардың онкогенді типтері жыныс арқылы берілгенде, гениталийде орналасатын сүйір сүйелдерді тудырады.

3 Босанған кезде тікелей берілу жолы. Вирус анадан сәбиге босану кезінде беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

4 Өзіне-өзі жұқтыру жолымен. АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші жеріне жиі ауысады.АПВ иняекциясының ең жоғары таралымы 25 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде байқалады.

АПВ қарсы вакцинация обырды тудыруы мүмкін АПВ-ның онкогенді қауіпі жоғары типтерінен қорғайды. АПВ-ға қарсы вакцина организмнің иммундық жүйеге АПВ инфекциясымен күресуге көмектесіп пайда болатын антиденелер арқылы жауап береді. АПВ-ға қарсы вакцина АПВ типтерін тудыратын инфекцияны болдырмауда 100% тиімді болып табылады.

Қазақстанда вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады Сондай-ақ, ата-аналрдың өтініш бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

Вакцинация ата-аналардың немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі. АПВ-ғв қарсы вакцина иық бұлшықетіне енгізіледі.

Басқа вакциналарды бір уақытта (бір сессияда) немесе АПВ- қарсы вакцинамен бір уақытта енгізуге бола ма?

Иә, АПВ-ға вакциналар тірі вакциналар емес және баса вакцинацияларға дейін немесе одан кейін бір мезгілде немесе кез келген аралықта, мысалы сіпеспе компоненті бар вакциналар немесе менигококкты вакциналармен бірге енгізуге болады.

Зерттеушілер 11 жылдан астам уақыт бойы екі валентті және төрт валентті вакциналармен егілген ададарды бақылап келеді және уақыт өте келе қорғаныш деңгейі төмендейтіні туралы ешқандай дәлел таппады. Көптеген срапшылар вакцина бірнеше ондаған жылдар бойы өмір бойы қоғауды қамтамасыз ете отырып тиімді екенін дәлелдеді.

Ревакцинация қажет пе? Бүгінгі күні 2006жылы вакцинацияланғандар арасында иммундық қорғаныш деңгейі төмендемейді, сондықтан күейткіш егу қажеттілігін көрсететін фактілер жоқ. Болашақта күшейткіш (вакцинаның күшейткіш дозасын енгізу) қажет болуы мүмкін екенін білу үшін зерттеулер жалғасуда.

АПВ-ға қарсы вакциналардың жанама әсері бар ма? Басқа вакцинациялар мен дәрі-дәрмектер сияқты, АПВ-ға қарсы вакциналар көбінесе инъекция орнында ауырсыну, қызару және ісіну, еңіл қызба сияқты жеңіл жанама әсерлерді тудырады. Олар әдетте бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.

Сақтық шарасы ретінде кез келген вакцинациядан өткен адамдар вакцинациядан кейін клиникады 15 минутқа қалу керек.

АПВ-ға қарсы вакциналар фертильдікке әсер етпейді. Керісінше олар әйелдің денсаулығы мен фертильдігін қорғауға көмектеседі.

АПВ-ға қарсы вакциналар АПВ-ның қатерлі ісік тудыратын титірін жұқтырудын 95 %-дан астам қорғайды. Яғыни АПВ-ға қарсы вацинациялар тиімді болып табылады.

Қазақстанда АПВ-ға вакцинация 2024жылдың күзінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. ДДҰ 9-мен 14 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялауды басымдық ретінде ұсынады. Осы жастаға вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді және вакцинаны ерте жаста енгізгенде тиімді болады.

АПВ-қа қарсы вакцинация жүргізілмеуі тиіс:

1 Жүктілік кезінде.

2 Вакцина құрамына аллергиялық реакция болса.

3 Орташа ауырлқтағы немесе ауыр қызбасы бар немесе қызбасыз жіті ауру болғанда.







Бостандық ауданы СЭББ
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің
бас маманы Раева Н.Д.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!