400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Адам қаңқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім:Тірі табиғат. Адам

Мектеп:№25 жалпы орта білім беру мектебі



Күні: 9 қараша 2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Есимова Д.Б



Сынып: 2 «Е»

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны: 2





Сабақтың тақырыбы

Қаңқа құпиялары



Оқу мақсаты

2.3 Адам.




Сабақтың мақсаттары

2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау




Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • қаңқаның құрылымын анықтайды;

  • адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.



Тілдік мақсат

Оқушылар «қаңқа», «дене қалпы», «денеңді еңкейткенде», «ентігесің» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.



Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Алдыңғы білімдер

Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т.б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы


(Ұ) Күн!

Мке сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын,

Достарыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін!

Балалар, қане тақтаға назар аударайық! Тақтада ілінген киіз үй мен кітапта берілген суретке қарайық.Киіз үйге қаңқа не үшін керек? (Үйдің пішінін құрайды, оған тірек болады)Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады?( Қаңқа адам денесін ұстап тұрады әрі ішкі мүшелерді құрайды) Қаңқаны көргендерін бар ма? Қайдан көрдіңдер? Кинодан, теледидардан, кітаптан, мұражайдан. Сол арқылы жаңа тақырыпқа шығу. Тақтада адам қаңқасымен таныстыру

Тақтада ілінген кигіз үй мен оның құрылысы көрсетілген суреттер

Қатысқан оқушыға дөңгелек беру




Сабақтың ортасы


Қаңқа туралы мәтінді іштей оқу, дауыстап оқыту.

Видео көрсету.

Балаларға мозайка құрастыруға беріледі. Әр топ өздерінің шыққан суреті бойынша дене бөліктерін атайды.

  • Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.)

  • Қолдың бөліктерін атаңдар (Білек, шынтақ, иық.)

  • Адамның қолдары қандай қызмет атқарады?

  • Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)

Оқушыларға саусақтарын, басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасау

  • Нені байқадыңдар? (Ішінде қатты негіз бар.)

(МК) Оқушыларға бас сүйек бөлігіне мұқият қарауға ұсыныс жасау.

  • Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді?

  • Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады?

  • Ол нені қорғайды?

Бас сүйек миды қорғайтынын, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайтынын түсіндіру.

Сүйектер бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады.Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектесетінін түсіндіру. Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударту. Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау.

(Ұ) Адамның дене қалпын түзу ұстауы (дене бітімі). Суреттерді салыстыруға ұсыну.

- Қай суреттегі бала сендерге көбірек ұнайды?

- Неліктен?

- Партада дұрыс отыру ережесін көрсету

Видео көрсету

Ойлан

Қаңқа сүйектері өсе ме?

Сен білесің бе?

(Ө) Жұмыс дәптеріндегі жұмыс.

Қаңқаның бөліктері. Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жауырындар, бұғана сүйектері, жамбас, аяқ-қол сүйектері)

Қаңқаның қызметі. Қалып кеткен сөздерді мәтін шығатындай етіп бос орындарға қою.

(Адамның басының қалпын бас сүйегі береді. Қабырғалар, кеуде және омыртқа кеуде қуысын құрайды. Аяқтар мен қолдардың сүйектері олардың қалпын құрайды. Оларды аяқ және қол сүйектері деп атайды).

Сергіту сәті орындалады.

Дене бітімі. Оқушылар дене бітімінің дұрыс қалпын көрсететін суреттерді ғана бояйды.

(2, 5, 6.)

Жұппен жұмыс жасап денені дұрыс ұстау қалпын зерттеу


«Адам қаңқасы» көрнекі кестесі;

қаңқаның жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;

бағдаршам арқылы бағалау










































Бірін-бірі тексереді



Сабақтың соңы


Сабақты қорыту:

  • Адам денесінің қалпын не құрайды?

  • Қаңқа қандай қызмет атқарады?

  • Кеуде қуысы нені қорғайды?

  • Бас сүйегі ше?

Смайликтер арқыды бағалау



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Белсенді тақтаны тек 3 минут қолдануды жоспарлаймын.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі