Материалдар / АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамайлды жүктеу (10мб гершілік рухани тәрбие беру, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру туралы айтылады. Отбасы, адамгершілік-рухани тәрбие, рухани жаңғыру, білім ордасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Курганбаева Марал Бахтыбаевна

7 «Арман» мектепке дейінгі гимназиясы Ақтөбе қаласы

mkurganbayeva@inbox.ru

Аңдатпа:Мақалада жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру туралы айтылады.

Кілт сөздер: отбасы, адамгершілік-рухани тәрбие, рухани жаңғыру, білім ордасы.

«Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың  бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты»

Н.Ә.Назарбаев

7 «Арман» мектепке дейінгі гимназиясында 2014 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру үрдісіне интеграциялау бойынша Республикалық пилоттық бағдарлама жүргізілуде.

Өзін-өзі тану оқу қызметінің балаларға берер рухани –адамгершілік азығы мол. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау –бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, дініне, тіліне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның рухани және мәдени жиынтығы, яғни, көненнің көзі, ата - әжелер даналығы. Бала- әлемдегі ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Пәннің әр атауы, әр тақырыбы болашақ  ұрпақтың бойында  рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттыққұндылықтарды,  адамгершілік  болмыстарды  ғұмыр  бойы  басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.  Сабақ өту барысында «өзін-өзі тану» сабағы арқылы ұсынылып отырған мәтіндер балаларды достыққа, мейірімділікке,  сыйластыққа, сүйіспеншілікке, адалдыққа, еңбек сүйгіштікке,шыншылдыққа кешірімді болуға және тағы басқа көптеген адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйретуді көздейді. Болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік болмысы мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделеді.

«Рухани -адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті» деген

Сара Алпысқызының сөзі осы мақалама негізгі арқау ете отырып, қазіргі таңда балаларымызды рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні арқылы әр баланың жүрегінен орын ала білу басты міндетіміз.

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр. Ұрпақ өнегесі,олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің басты мақсаты-адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп,өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани тәрбиесін қалыптастыру. 

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі

(Ыбырай Алтынсарин)

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына қамқорлық, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас (тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға ортаға тәрбиелеу, балалардың өзара ортада достарымен қарым-қатынасын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып баллардың бар істі шын ниетімен яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесіне, оның ортаға деген көзқарасын айқындайды.

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасөспірімнің рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара өарым-қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік-рухани қасиеттерді тәрбиелеу мәселесіне деген қызығушылық, оның өзектілігі ешқашан әлсіремеді. 21 ғасырда біздің елімізде қоғамдағы моральдық - адамгершілік құндылықтар мен мінез - құлық нормалары саласындағы өзгерістерге алып келген әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы өзгерістер болды. Қазіргі уақытта қоғамда балалардың адамгершілік тәрбиесі ерекше өзекті мәселе болып тұр. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік - рухани тәрбиелеудің басты мақсаты – балалардың адамгершілік, рухани, құндылық бағдарларының негіздерін қалыптастыру.

Біздің балабақшамыз «Өзін-өзі тану» рухани-білім беру бағдарламасын жүргізіп отырғанымызға шексіз қуаныштымыз. Әрбір өткен оқу қызыметінде балаларымыздың жүректеріне жылу ұялатып, жақсылық жасауға, мейірімділікке бағыт бағдар береміз.

Себебі оқу қызметтерінде сабақтар интегрециялау түрінде өткізіліп отырылады. Ол таным, әлеумет, қатынас,денсаулық, шығармашылық салаларында бес құндылықтардың қасиеттерін бала бойына сіңіріп, балаларды жақсылыққа-қайырымдылыққа, мейірімділікке,отансүйгіштікке, ізгілікке баулып келеміз. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте - бірте қалыптастырады.Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Адамгершілік тақырыбы — мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата — ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіp. Қорыта келе адамгершілік-рухани қасиеттерді тәрбиелеу бойынша жұмыс оң нәтиже береді. Балалар белсенді, белсенді бола бастайды, олар жауапкершілік, міндет, барлық тіршілік иелеріне жанашырлық, кішкентай болса да, нәтижелері үшін мақтаныш сезімін дамытады.

«Еліміздің күші — патшада, сәбидің күші — жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз — адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бала тәрбиесі журналы

2.Сарбасова Қ.А.Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану Бастауыш мектеп

3. 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және ӛзін-ӛзі тану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «Жоғары білім. Бакалавриат». – Астана, 2010. 09. 01. 2. 4.Типтік оқу бағдарламасы. ООТ 1201. Өзін-өзі тану. –Алматы. 2016. 3. Назарбаева С.А. «Самопознание» - возраждение истоковдуховности и нравственных ценностей. // Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм) Выпуск 2, часть 2. Алматы, 2003.

 









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!