Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл
қасиет».
Мақсаты: Адамның бойындағы
ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, қыздарды адамгершілікке
тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Қыздардың бойына
кішіпейілділік, мейірімділік, ізеттілік, сабырлылық қасиеттерін
қалыптастыру.
2. Айналасындағыларға адал
қарым – қатынас жасау дағдыларын
дамыту.
3. Өз сөзіне, өз ісіне
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі-
құралдар: слайд, ақ қағаз, түрлі-түсті
қаламдар.
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Қыздардың көңіл-күйін,назарын
шоғырландыру,
психологиялық тұрғыдан
дайындау.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, қонақтар және
қыздар! Бүгінгі «Адамгершілік – асыл
қасиет» ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
Тыныштық сәті (баяу
музыка
қойылады)
Көзімізді жұмып, біраз
демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір
керемет, әрі сиқырлы, адамгершілікпен сүйіспеншілікке толы әлемге
саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы таза, жұпар иісті. Бәріміз де
сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз бар.
Біз олардың жанында өзімізді еркін сезінеміз. Мейірімділік,
сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы
сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік
сыйлап жатыр қандай керемет. Міне қайтатын уақыт та келді. Осы
әлеммен қоштаса отырып, адамгершілік нұрын өзімізбен бірге ала
кетейік. Енді балалар өз елімізге келдік
көзімізді ашамыз , жан- жағымызға қараймыз,
керілеміз.
-Қыздар көз алдарыңа не
елестеді?
-Қане кім
айтады?
Ойланайық-
пікірлесейік
-
Адамгершілік деген
не?
-
Адамның адамгершілік қасиеті қай кездерде
көрініс береді?
-
Қыздар, адамгершілік тағы
қандай қасиеттерден тұрады?
-
Ол қасиет бізге керек
пе?
Топтастыру
Негізгі
бөлім.Тәрбиеші: Мейірімділік адамның өзге біреуге жылылығы, ізгі ниеті мен
лебізін білдіру көрінісі. Адамгершілік адамдар арасындағы
сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді
қасиеттерге негізделеді. Ал енді қыздарар, назарларыңды
бейнетаспаға аударып, мұқият көріп
зерделейік.
Бейнетаспа
«Жақсылық өзіңе қайтып келеді» көрсетіледі.
Осы көрсетілген бейнетаспадан
не түсіндіңдер? (қыздар өз ойларын
айтады)
Постер құрау «Адамгершіліктің негізгі
қағидалары
қандай?»
Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу,
әділ болу, ізеттілік,рұқсат сұрау, сабырлылық, кешікпеу, амандасу,
өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық,
т.б.
Кешірімді
болу, кек
сақтамау кез келген жағдайда да ұстамды
болу
Сөйлесе
білу: Тәрбиеші анаңмен, мұғаліммен,
құрбыларынмен тіпті кез-келген адаммен сөйлескенде сөзді дұрыс,
орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру
керек. «Жақсы жаман болу міндет
емес, Жақсы адам болу
борыш»
Сергіту
сәті: «Орныңды ауыстыр»
ойыны
Ойынның шарты: Ортаға шығып
үлкен шеңбер жасап тұрасыздар. Бойларыңдағы қасиеттерге байланысты
команда беріледі. Мысалы: « Кім ақылды?» , «Кім тапқыр?», «Кім
адал?», «Кім мейірімді?», « Кім қайырымды?», «Кім жанашыр?», «Кім
еңбексүйгіш?», «Кім көңілді?» сол балалар орындарын
ауыстырады.
Сахналық
көрініс: Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы
бар, аялдамаға жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы
шашылып қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді.
қыздарға сұрақ қойылады: сендер сол балалардың ішінде боласыңдар не
істер едіңдер?
2.
Көрініс: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп
тұрды.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші,
өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір
танымал кісі болатынына сенемін» - дейді баласын
мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза
киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта
балам үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады.Үшінші ана
үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне
көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы
көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға
алғысын жаудырып кете
берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі
ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші
бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта
келді.
Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге
болады?
Тәрбиеші: Рахмет, балалар. Қойылған
сұрақтар бойынша ойларыңды ортаға салдыңдар. Өте
жақсы, енді осы ойды кім өлең жолдарымен тұжырымдап бере алар
екен.
(Нарша Қашағановтың «Жақсылық жаса адамға»
атты өлеңінен үзінді
оқиды).
Дұрыс айтасыңдар, мейірімді,
қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады, ақ
ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын жан
сұлулығын, парасаттылығын
көрсетеді.
Ойын: «Сөйлемді
жалғастыр»
«Не істеуге
болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге
болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға
болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға
болмайды.)
- Қыз
баланы........................(ренжітуге
болмайды.)
-
Сабақтан.............................(кешігуге
болмайды.)
-
Сыныпта.............................(айғайлауға
болмайды.)
«Не істеу
керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау
керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу
керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем
беру керек.)
-
Кішілерді..............................(қамқорлау
керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп
ұстау керек.)
Қорытынды: Сонымен балалар, әдептілік,
үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында
қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман
қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға
дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы
аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
-
Осымен сабағымыз аяқталды,
сау
болыңыздар.