Материалдар / Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинауға көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сыныпсағатыныңбарысы:
I-кезең:Сынып сағатымен таныстыру
II-кезең: Оқушылардың адамгершілік жайлы түсінігі
III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны
IV-кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесіңбе? (Өз ойын ортаға салу)
V-кезең:Пікірсайыс (қорытындылау)
Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.
Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құттыбілік» дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өтекеле өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әрадам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекіліккебармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туабіткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі.

Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Қорытындылау. Адамгершілік қағидалары туралы бір талай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейекеле ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет»


«Адамгершілік» тақырыбында сөзжұмбақ шешілді.

Сұрақтары:
1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).
2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).
3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).
4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).
5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).
6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).
7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).
8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).
9. Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).
10. Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).
11. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).
12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!