Материалдар / "Адамгершілік-рухани тәрбие"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адамгершілік-рухани тәрбие"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу әдістемелік материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Адамгершілік-рухани тәрбие

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

* Айналасындағы адамдарға адамгершілікпен қарау керектігін түсінеді

* Адамгершіліктің адам санасына әсері барын біледі

* Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ажыратады.

Тәрбиенің бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие

Әдіс-тәсілдер:Диалогтық әдіс,Сыни тұрғыда ойлау.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар: АКТ, https://bilimland.kz

Сабақтың барысы:

Кіріспе

Психологиялық дайындық.

«Жарқыраған күн» Қашықтық жағдайда оқушылар видео арқылы келесі оқушыға жақсы қасиет тілеп, сары жіптен сары тор жасайды. Ол-Күн) Күн – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Күн бейнесі арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Тұсаукесер

«Сиқырлы сөздер»

Берілген сөздерді оқып,алғашқы әріптерін теріп шық.

Ақылды, дарынды, адал, мейірімді, гүлдену, еңбекқор, рақымшыл, шыдамды, ілтипатты, лайықты ,ізденімпаз ,кеңпейілді.

Жаңа сабағымызыдың тақырыбы: Адамгершілік-рухани тәрбие.

Негізгі бөлім

I. «АҚИҚАТ»

-Ақиқат дегенді қалай түсінеміз?

Аймектептен «Адамгершілік» туралы бейнефильм.

Мұғалім:

Адамгершілік парасатты сөз. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

II . «СҮЙІСПЕНШІЛІК»

- Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?

Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу

Сұрақтар:

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

Асықпай түсіндіріп беремін.

4.Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

6.Әдептілік деген не?

Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.

-Бұл әрекеттің барлығы да жүрегімізден сүйіспеншілікпен шығуы керек.

- Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру дейміз. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан сіздердің бойыңызда жастайыңыздан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуге біз көмектесеміз.

III.«ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ»

-Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?

Осы қағидаға топпен ереже құрастыру.

IV.«ДҰРЫС ӘРЕКЕТ»

-Дұрыс әрекет дегеніміз не?

1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?

2. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

3.Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың аяғын ауыртып алып жылап отыр.Не істер едің?

4. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ойын:«Сиқырлы айна»

-Балалар,біз Бердібек Соқпақбаевтың қандай фильмін білеміз?Осы фильмдегі басты кейіпкеріміз кім?

Олай болса,Қожа сияқты біз де өзімізге қарап өзіміздің қандай екенімізді айтып көрейік.

-Тап қазіргі таңда өзіңді қандаймын деп ойлайсың?

-Өзіңе қандай талап қоясың? АКТ https://bilimland.kz

Диалогтық әдіс

Әр топқа берілген қобдишадан жапырақтар астынан ,жасырын сұрақты тауып жауап береді.

Жасырын жапырақты алып,өз ойын білдіреді.

Қорытынды

V. «ТЫНЫШТЫҚ»

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа оқып береді?

-Өлеңде не туралы айтылған? Не ұқтық?

- Біз анадан туғанда ананың ақ сүтімен берілетін осынау бес құндылылығымызды жүрегімізге орналастырып,қашанда айналамызыға жақсылық жасауға тырысайық.

Бұл құндылықтар біздің бойымызда туа бітеді.Егер осыларды жарыққа шығаратын болсақ,онда адам өз іс—әрекетін ,айтар ойын,сөйлер сөзін барлығын автоматты түрде басқара алады, дұрыс әркет жасайды,ішкі әлемін тынышталдырады,айналасының барлығына риязы сүйіспеншілікпен қызмет жасайды.Ақиқат қашанда шындықты айтады.Ешкімге ешқашан сөзбен,іспен де қиянат жасауға болмайды екен.Атап айтқан «Бес асыл істі» өзіміздің бойымызға дарытсақ жақсы адам болып ер жетеміз.Жан дүниеміз тынышталғанда біз рақат өмір сүреміз.Мен сіздерді тек жақсы адам болып ер жетесіздер деп сенемін.

Рефлексия

Кері байланыс

Қолдана аламын. Білемін. Түсінемін.

Стикермен



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!