400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамгершілік тәрбиесі – толеранттылық бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік қасиеттерін шыңдау, әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу;Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты Адамгершілік тәрбиесі – толеранттылық бастауы

Сабақтың мақсаты:

  1. Мақсаты:Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік қасиеттерін шыңдау, әр ортада өздерінің

жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу;Жасөспірімдердің

ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және

бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа

тәрбиелеу;

  1. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

  2. Күтілетін нәтижелер: Оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, топта жұмыстанады, өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыланады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сергіту сәті,мың бір мақал, тез ойла сөз ойла.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар

Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,

оқушыларды сабаққа дайындау

Жоспары:

  1. Оқушыларға мағлұмат беру

  2. Көрініс

  3. Ойқозғау

  4. Мың бір мақал

  5. Сергіту сәті

  6. Тез ойла сөз ойла


І. Оқушыларға мағлұмат беру: Адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.

Толеранттылық дегеніміз не ? Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту деген мағынада қолданылады.Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзіндей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.

ІІ. Көрініс. Оқушылар «Мейірімділік» , «Әділеттілік» ,«Қанағатшылдық», «Кішіпейілділік» тақырыбтарына байланысты көріністер көрсетеді.


ІІІ. Ойқозғау. Көрініс бойынша қандай қасиеттерді көрдік осы тақырыпта ой қозғау, оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

  2. Әдептілік дегеніміз не?

  3. Мейірімділік сөзінқалай түсінесің?

  4. Кішіпейіл болу үшін қандай әрекеттер жасау керек?

  5. Қанағатшыл адам дем кімді айтамыз?

ІҮ. Мың бір мақал

1.Әке көрген оқ жонар

Ана көрген том пішер

2.Адамның ұяты бетінде ,

Адамгершілігі ниетінде.

3.Жақсы ниет - жарым ырыс.

4.Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.

5.Кең болсаң, кем болмайсың.

6.Қолы ашықтың, жолы ашық.

7. Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

8.Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

9.Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

10. Досы көпі жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды

11.Кешірерсің кешерсің,

Жетілерсің жетерсің.

12.«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

13.Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый күтпе.

14.Ана алдында - құрмет,

Ата алдында қызмет.

15.Кішіпейілділік - кісінің көркі.

16. Білекті бірді жығады білімді мыңды жығады


V. Сергіту сәті.

VІ .Тез ойла сөз ойла . «Мейірімділік» , «Әділеттілік» ,«Қанағатшылдық», «Кішіпейілділік» сөздерінедегі әріптерден сөз құрау.

Үй тапсырмасы: «Адамгершілік тәрбиесі – толеранттылық бастауы» эссе жазу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі