Материалдар / "Адамның жан сұлулығы" 5-сынып

"Адамның жан сұлулығы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
820
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: "О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" КМММерзімі: 09.11.201 Тақырып: Адамның жан сұлулығы.Құндылық: Ішкі тыныштықҚасиеттер: мейірімділік, байсалдылық.Мұғалім:Кулетаева А.А. Сынып – 5 сынып Оқушы саны:7
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның ішкі жан сұлулығымен ішкі тыныштық байланысы туралы түсінік беру .Міндеттері:
  • Оқушылардың жан сұлулығының ішкі тыныштықпен байланысы жайлы түсініктерін кеңейту.
  • Оқушылар бойында ішкі және сыртқы сұлулықтарының үйлесімділігі туралы дағдыларын дамыту.
  • Оқушыларды адамның ішкі тыныштығындағы жан сұлулығына тәрбиелеу.
  • Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
    Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Салемдесу.Топқа бөлу: тәттілер арқылы бөлу. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.1. Үй тапсырмасын тексеруШеринг «Сұлулық сыры» мәтінін оқып әңгімелеп келу.Сұрақтар:1.Бейбіттін көңілі өз –өзіне неліктен толмады? 2.Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді. 3.Адам өмірде өзін –өзі қалай бағалауы керек? 4.Сендердің өздеріне көңілдерің толмаған немесе өз істеріңе риза болмаған кездерің болды ма?Жай, баяу жағымды музыка қойылады
    2. Дәйексөз Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулық пен жандану қажет. Виктор Гюго.Сұрақтар:1.Ішкі сұлулық және сыртқы сұлулықты қалай түсінесіндер?2.Ішкі және сыртқы сұлулық арасында үйлесім бар ма?

    3. Әңгімелеу «Даналық тағылымы» Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізеді. Балалар суға түсіп,құмнан қамал жасап ойнайды.Кенеттен алыстан кішкентай қарт ана көрінеді. Оның киімдері кір, жыртық,ақ шаштары желмен жалбырап кеткен. Ол өзімен – өзі күбірлеп, құмнан бір заттарды теріп алып, сөмкесіне салып жүр.Ата – аналар балаларын жандарына шақырып алап, кемпірге жақындауға тыйым салды.Ол жандарынан өтіп бара жатып,бір затты алу үшін еңкейген уақытта адамдарға қарап күлімсіреді, бірақ біреуде – біреуі оның ықыласына жауап қайтармады. Олар бірнеше апта өткен соң қарт ананың жағажайдан балалар аяқтарын жарақаттап алмауы үшін үнемі шыны сынықтарын теріп жүретінің естіді. 1.Балалар жағажайда кіммен кездесті? 2. Ата – аналардың іс – әрекеттері дұрыс па? 3. Карт ананың ішкі сұлулығы қандай?

    4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 «Сыр тобы» : «Жан сұлулығы» мәтінін ( 16-17 беттегі) сахналап көрсету. 2 «Сымбат тобы»: «Адамның жан сұлулығы» жайлы 4 жол өлең жолдарын құрастырып жазу.

    5. Топпен ән айту «Балдырғандар әні» Қуанышқа бөленген әр күніміз,Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

    Қайырмасы: Өмір тым жайдары,Қызықтың қайнары, Бақшамыз жайнады. (2 рет)
    Сөзі: О. Әубәкіров Әні: Ш. Қалдаяқов

    6. Үй тапсырмасы5 сабақ. Жұмыс дәптерінен 13 беттегі 2- тапсырманы орындау. Төмендегі сөздерге өз ойыңша аңықтама беріп көр. Сұлулық: Жан сұлулығы:



    7. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып турады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!













    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ