Адамның зәр шығару жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның зәр шығару жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын түсіндіру адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін сипаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3 А Бөліп шығару


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: №193 ЖББМ

Күні: 10.01.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Мусина Л.С.

Сынып: 8 «а»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Адамның зәр шығару жүйесі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау


Сабақтың мақсаттары

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын түсіндіру

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;

  • зәр шығару мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бүйректің құрылысын, құрылымдық бөліктерінің орналасуы, қызмет ерекшеліктерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.

- зәр шығару мүшелерінің атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

несепағар, бүйрек артериясы, бүйрек венасы, қуық, бүйрек, зәр шығару түтігі, зәр

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Бөліп шығару ...маңызды.

Зәр жүйесі...,...,...,... құралады.

Бүйректің қызметтеріне...,...,... жатады.

Зәрді уақытша сақтайтын мүше....

Бүйректі қуық пен ...байланыстырады.

Бүйрекке қанды...әкеледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Зәрдің құрамы туралы түсінік арқылы химия пәнімен, заттардың қаннан бөлінуі кезіндегі диффузия, қысым түсініктері арқылы физика, зәр құрамындағы түрлі заттар туралы қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығарудың өнімдері туралы, 7-сыныптан

ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы,

өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктері,

омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысы, ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Суреттегі мүшелерден бөліпшығаруға қатысатын мүшелерді таңдау тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар бөліпшығаруға қатысатын мүшелерді атағаннан соң, олардан осылардың қайсысы зәр шығаруға қатысады деп сұрап, бөліп шығару мен зәр шығарудың айырмашылығына тоқталу қажет. Оқушылардан зәр шығаруға қатысатын мүшелерді атауды сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Мұғалім зәр деген не деп зәрдің ағзаға зиян келтіретін, улы, зат алмасудың соңғы өнімдері екеніне тоқталады. Бұл мүшелер туралы қандай білім қажет сұрағы арқылы оқушылар сабақтың мақсаттарын ұсынып бағалау критерийлері таыстырылады.

1 -3 слайдтар






Сабақтың ортасы

4-17 мин


Мұғалім шағын түсіндірме береді.

Оқушыларға зәршығару жүйесінің құрылысын анықтау үшін зәр шығару жүйесінің суреті мен олардың атаулары жазылған қима қағаздар ұсынылады. Оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелерін атағаннан соң олардың жауаптары оқылып салыстырылады.

Мұғалім сұрақтар қойып, кері байланыс ұсынады.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;

Оқушыларға осы мүшелердің құрылыс ерекшеліктері туралы шағын сипаттамалар беріледі. Оқушылар оларды оқи отырып, әр мүшенің құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.

Содан соң зәр шығару мүшелерінің атқаратын қызметтері жазылған қима қағаздар беріледі. Оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелеріне олардың атқаратын қызметтерін сәйкестендіреді. Осылайша зәр шығару жүйесінің мүшелері мен олардың атқаратын қызметтері туралы кластер жасалады. Оқушылардың жауаптары оқылып, салыстырылады.

Мұғалім сұрақтар қойып кері байланыс береді.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.

Бұл жұмыс жұпта ұйымдастырылады.

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпараттармен танысып өз білімін тереңдете алады.

Кейбір оқушалрға зәр шығару мүшелерінде кездесетін ұлпа түрлерін атау тапсырмасын ұсынуға болады.


Оқушылар видеоматериалдар, ақпараттық парақтар, таныстырылым, суреттер мен сызбалармен жұмыс жасай алады.

4-11 слайдтар

1-қосымша



Бүйректің құрылысы https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zar-shyharu/lesson/zar-shyharu-zhujesining-qurylysy

Қуық

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zar-shyharu/lesson/zar-shyharu-zhujesining-qurylysy

Несеп жолы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zar-shyharu/lesson/zar-shyharu-zhujesining-qurylysy



Бүйрек

https://twig-bilim.kz/kz/film/kidneys

18-25 мин

Оқушылар зәр шығару жүйесінің моделін пайдалана отырып, әр мүшенің құрылыс ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттап түсіндіреді.

Модель, плакат

26-36 мин

Оқушылардың оқу мақсатының мазмұнын түсінгенін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. Кейбір оқушыларға сұрақтар құрастыру тапсырмасын беруге болады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша зәр шығару мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары беріледі.

Оқушылардың жұмыстарына мұғалім кері байланыс береді.

Қосымша сұрақтар қойылады.

2-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс

Сабақта алған сіз үшін ең маңызды ақпарат?

Сабақ кезінде қиындық тудырған мәселе?

Тағы нені көбірек білгіңіз келеді?

12 слайд






Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша зәр шығару мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы

Қабілеті төмен оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады.

Қабілеті жоғары оқушыларға бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды зерттеуді ұсынуға болады

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінде кездесетін ұлпа түрлері туралы қосымша ақпарат оқиды

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезнідегі оқушылардың жауаптары арқылы

Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы

Моделде ауызша сипаттаулары арқылы

Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б.

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі