Материалдар / Адамзат тудырған алып тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамзат тудырған алып тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1034
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Адамзат тудырған алып тұлға»

10- сынып

(Дөңгелек үстел) Дайындаған: Г.Қосқараева



Мақсаты: Абайдың қара сөздерінен өздеріне ғибрат алуға шақыру,оқушылардың өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйренгендігін көрсету, функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдарын анықтау
Міндеттері:
- оқушылардың мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жетуге талпынатындықтары туралы түсінік беру;
- оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету, өмірмен байланысты жұмыс жүргізуге дағдыландыру
- еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктері: слайдтар, Абайдың қарасөздері, ғылыми жобалар, сыр - сұхбат сұрақтары т. б.
Әдіс - тәсілі: ой - пікір, баяндау, жауап беру, пікірлесу, баяндау
Барысы:
1. Шаттық шеңбері:
Оқушыларды шаттық шеңберіне ұйымдастыра отырып, мына сөйлемді айту.
- Мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін.
- Менің қолымнан барлығы келеді.
- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- Мен талпынамын, ізденемін
2. Ойланайық, пікірлесейік
Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?
Адамның өз ынтасымен талап - мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтіреді,
Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.

«Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды.
Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, -деп, ой-пікірсіз, сылдыр сөзді адамдарды қатты сынға алады. «Көп айтты деп, көне салатын, Жұрт айтты деп, сене салатын» адамдарды Абай толық адамдардың қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей, өтірік пен өсекке үйір болып, өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады.
Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» дей келе, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді.
Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» — деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті-адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаделет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді.
Өмірін Абайды зерттеуге арнаған М. Әуезов былай дейді: «Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады.
Абай тағылымы

Толық Адам қандай?
Абай афоризмдерінен оқушылардың өздеріне айтқызып, мағынасын ашу.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.
• Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.
• Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.
• Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.
• Ақылсыз, шынға сенбей — жоққа сенбек.
• Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
• Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл…
• Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
• Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
• Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
• Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.

3. Назар аударайық
Абайдың «отыз бірінші сөзін» мұқият тыңдап, балаларға жадында сақтап алу тапсырылады.
Абайдың ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗІ (Айнұр жатқа оқиды)(слайдқа жазу)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер
4. Қарасөзді оқып, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер. (Сабина жатқа оқиды) 19 - қарасөз
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Оқушыларға берілетін тапсырма:
Түйінді ойлар. Маңыздылығы.
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде,
Табандылықта
Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда;
Қызығуда.
Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда;
Қызығуда.

Сөз соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады: 
1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу 
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; 
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым - қатынас жасау; 
4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету; 
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету; 
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы; 
7. Оқушылардың әлеуметтік - мәдени дағдыларын дамытуы; 
8. Қазақ халқының салт – дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу;


Рефлексия:
Рефлексияны біз 6 қалпақ әдісі бойынша жасаймыз. Әр топқа ақ, көк, қызыл, сары, қара, жасыл түсті қалпақтар таратып беріледі. Әр топ семинардың қорытындысын шығарады.
«ақ қалпақ» - семинардың нақты деректерін келтіреді және сол ақпаратты көңіл - күйіне және бағалауға қолданбайды.
«сары қалпақ» - семинардың тек жақсы жақтарын айтады.
«қара қалпақ»- семинардың кемшіліктерін айтады.
«қызыл қалпақ» - семинар барысында пайда болған көңіл - күйін, яғни эмоционалды айтады.
«жасыл қалпақ» - бүгінгі семинардан алған тәжірибені қайда және қалай қолдануға болатынын туралы айтады.
«көк қалпақ»- қорытынды жасайды және пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды.
Осы жұмысқа топқа он минут беріледі. Тапсырма түсінікті ғой, онда алға.
Қорытынды сөз:
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»

Н. Ә. Назарбаев
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер. Ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.
Дөңгелек үстел қорытындысы: «Белсенді ізденіс әрқашан іскерлік пен табысқа жетелейді». Шығармашыл ұстаз бар жерде алға ұмтылып, қызығуы арта түскен жас түлек бар.
Құрметті әріптестер, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Кемшіліксіз әрине болмайды, сіздер айтқан кемшіліктерді, өшіруге тырысамыз.
Әрқашан да биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!