Материалдар / "Адамзаттың Абайы" сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адамзаттың Абайы" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға поэзияны сүюге, оны бағалай білуге үйрету, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2018
1129
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Адамзаттың Абайы»

Сыныптан тыс шараның мақсаты: Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға поэзияны сүюге, оны бағалай білуге үйрету, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Сахна. Абайдың «Көзімнің қарасы» әні естіліп тұрады.Ортаға Абай рөлін сомдаушы оқушы шығады.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Сахнаға кешті жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі - Абай өлеңдерінен сіздермен бірге сыр шертпекпіз. Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Абайдың сөзі – халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай – алты алаштың, иісі қазақтың пайғамбары. Жас  ұрпақ үшін Абай өнегенің, өнердің, әділеттің, адамгершіліктің,  адам ұлы бола білудің, халық үшін күресудің үлгісі.

Ендеше оқушылар, біз дара да, дана да болған Абай туралы не білеміз? (оқушылар өз білгендерін айтады)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар! Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы, анасы Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Құнанбай 4 әйел алған адам. Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан ұлдары болады. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Бұл медреседе арабпарсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың НизамиНауаиСәғдиҚожа ХафизФзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Шығармалары

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абайдың «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» сияқты поэмалары бар.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орысқытайфранцуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Аудармашылық қызметі

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.

Музыкалық мұра

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Солардың бірі де бірегейлері: («Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б.

Жүргізуші: Ендеше, сайысымыздың барысына көшейік. Жалпы сайыс үш кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу)

2-кезең: «Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез» (Абай қара сөздерін жатқа айту)

3-кезең: «Ғылым таппай мақтанба» (Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беру)

Жүргізуші: Бүгінгі байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.»
Ұлы ақын Абай өз шығармаларын болашақ ұрпаққа тәрбиесіне арнады. Осы ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

  1. Жұмагелді Бағзада (5а-сынып)

  2. Алибекова Әсем (5а-сынып)

  3. Есенгужина Құралай (5а-сынып)

  4. Абхиев Асан (5ә-сынып)

  5. Рахимова Карина (5б-сынып)

  6. Көптілеуова Альбина (5б-сынып)

  7. Чкалова Раушан (5в-сынып)

  8. Ғабдолла Раяна (5г-сынып)

  9. Қайратова Көркем (5ғ-сынып)

  10. Касенова Мәдина (5ғ-сынып)

  11. Маликова Лаура (5д-сынып)

  12. Канатова Данагүл (5д-сынып)

  13. Жемісова Наргиза (5д-сынып)

  14. Темірлан Аяжан (5е-сынып)

Жүргізуші: «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»

Абай ақынның адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, парасаттылыққа үндеген өлеңдерін тыңдаудан жалқыпақ біз емеспіз. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз! (Сайысқа қатысушылар сынып реті бойынша шақырылады)

Жүргізуші: Бірінші кезең бойынша әділ қазы алқаларынан сайысқа қатысушы оқушылардың бағаларын сұраймыз.

Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Келесі бөлім, «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез». Сайысқа қатысушылар алдын ала дайындап келген Абайдың бір қара сөзін жатқа айтатын болады. (Сайысқа қатысушылар сынып реті бойынша шақырылады)

Жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзаттың асылы.
Ел тілегі- адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры!-дей келе қазылар алқасынан екінші кезең бойынша бағаларын берулерін сұраймыз.

Жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпау керек. Сайысқа қатысушы оқушылардың Абай ақынның өмірінен, шығармашылығынан қаншалықты көп білетінін сынайтын үшінші кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Сайысқа қатысушылар билет суыру арқылы сұрақтарға жауап береді. Ал әділ қазылар алқасы сұраққа жауап беруіне қарай бағалайтын болады. Егер сайысқа қатысушы сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, қарсыластары жауап бере алады. Тек мұндай жағдайда бірінші қол көтерген қатысушы ғана жауап береді.

1-билет: Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген? (Семей облысы, Қарқаралы жерінде)

10 жасында қай оқу орнынан білім алады? (3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды)

2-билет: Кімдердің шығармаларын аударды? (М.Ю. Лермонтовтың, А.С. Пушкиннің, И.А. Крыловтың)

Абай Құнанбайұлы өмір сүрген жылдар? (1845-1904ж)

3-билет: Қандай әндері бар? («Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б.)

Неше жасынан бастап ел ісіне араласады? (13 жасынан)

4-билет: Абайдың руы кім? (Тобықты)

Абайдың бауырлары? (Тәңірберді, Ысқақ, Оспан)

5-билет: Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)

6-билет: Ибраһимнің «Абай» есіміне ауысу тарихы қандай? (Әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған)

Шығыс классиктерінен кімнің шығармаларымен танысады? (НизамиСағди, Қожа Хафиз, НауаиФизули, Жәми)

7-билет: Абай өлең жазуды неше жасында бастаған? (10 жасында)

Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді? (Араб, парсы, өзбек)

8-билет: Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін атаңыз? («Жазғытұры», «Қыс», «Күз»)

Абайдың қанша поэмасы бар? (3)

9-билет: Абайдың әжесінің есімі? (Зере)

Абай бала кезінде кімдердің тәрбиесінде болды? (анасы мен әжесінің)

10-билет: Жетпісінші жылдардың бас кезінде қай елге болыс болады? (Қоңыр Көшке)

Абайдың неше әйелі болған? (3)

11-билет: Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналып жазылған роман? (Абай жолы)

12-билет: Абайдың қара сөздері қандай әлем тілдеріне аударылды? (орысқытайфранцуз, т.б.)

Абай қара сөздерінің басты тақырыбы?

13-билет: Абай асық бол дейтін және қашық бол дейтін 5 нәрсе? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым; өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

«Қара сөздері» қай жыл аралықтарында жазылды? (1890-1898ж)

14-билет: Абайдың сүйікті інісінің есімі кім? (Оспан)

Абай өлеңдерінің негізгі тақырыптары?

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Әділ қазылар алқасы шешім шығарғанша Абай әнін тыңдайық.

Жүргізуші: Сайыс қорытындысын білу үшін әділқазы алқаларына сөз берейік!

Жүргізуші: Ұлы Абай тағылымдарымен  толығып, кемелденейік.   Абайша сабырмен, ақылмен іс қылайық. Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда  болғай. Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне берсің!

Жүргізуші: Осымен «Адамзаттың Абай» атты байқауы аяақталды.Отбасыларыңызға денсаулық. бақыт, жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!