Материалдар / Әдеби - сазды кеш. Абай мұрасы - халық ұлағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдеби - сазды кеш. Абай мұрасы - халық ұлағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай өскелең ұрпаққа Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның өлеңдері мен қара сөздерінен дерек беру. Мектеп оқушыларына арналған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2021
863
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай мұрасы – халық ұлағаты».

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның

даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен

әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене

білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге көмектесу. Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі,

слайд, бейнероликтер. Киіз үй жабдықтары, бауырсақ пен ақ дәм

қойылған дастархан.

1-жүргізуші: Өлді деуге болама, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

деп төрелігін өзі шешкен Абай атамызда бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырларымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

2- жүргізуші: Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!



1 – жүргізуші: Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына назар аударсақ (бейне баян көрсетіледі).

Абай өлеңдеріне кезек берсек.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Зере

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» - Дильназ

2 – жүргізуші: Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық!

Ән: «Сегізаяқ» хормен

1 – жүргізуші: Абай (Ибрахим) Құнанбаев (1845-1904) – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

2 – жүргізуші: Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенев, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған. Батыс әдебиетінен Гете, Дж.Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Осы ұлылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

«Жалау» - Халимуллина Д.

«Шырылдауық шегіртке» - Хангереева А.

1 – жүргізуші: Ең алдымен Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

«Қыс» - Нұралы Айназ

«Жазғытұры» - Жұмашева Гүлжамал

«Күз» - Төлеуғалиева Балнұр

«Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» - Асылай

2 – жүргізуші:

Ән: «Желсіз түнде жарық ай» хормен

1 – жүргізуші: Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

8 а сынып оқушылары Абайдың қара сөздерін оқиды.

«15 қара сөз» - Ғабиден Гүлназ

«18 қара сөз» - Абаева Шапағат

«19 қара сөз» - Жүсіп Назым

«17 қара сөз» - Кәрім Сумая

2-жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңде музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан – ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан , Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында , халық санасынан өшпес орын алғандығында . Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы кезде тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті бола қоймайды , болмақшы да емес еді .

«Татьяна хаты» - Турынгалиева Гүлназ .

1-жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік , дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп , гүлденіп , жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы , алуан өлеңдер үлгісін қалдырды .



«Білімдіден шыққан сөз» - Мансур

«Қажымас дос, халықта жоқ» - Аида

«Заман ақыр жастары» - Жанат

«Әсемпаз болма әрнеге» - Айдана

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - Мағжан

«Ғылым таппай мақтанба» - Назым

«Өкініш көп өмір кеткен өтіп» - Аэлина

«Өлсем орным қара жер,сыз болмайма» - Самал

Ән: «Көзімнің қарасы» хормен

2-жүргізуші: «Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» - Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбай ұлының шығармаларының 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді. «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы»-(«Жизнь и творчество Абай(Ибрагима ) Кунанбаева), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі .

8 « б » сынып оқушыларының орындауында .

«Ерекше естен кетпес, қызық қайд » - Сумая

«Әбдірахман өліміне» - Аруай

«Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап» - Дильназ

«Құлақтан кіріп бойды алар» - Айзада

«Малға достым, мұны жоқ, малдан басқа» - Сабина

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқ » - Ақмұнар

«Білектей арқасында, өрген бұрым» - Айлина

1 - жүргізуші : « Абай » және « Абай жолы » романдарының жазылуы туралы » ( « Как я работал над романами « Абай » и « Путь Абая » ) , Мұхтар Әуезовтың мақаласы . Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой - пікірлері мен окырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде , әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған .

Көрініс : Абай мен Әбіш .



2 - жүргізуші : Көп адам дүниеге бой алдырған .

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыяма айтындаршы ,

Өлмейтұғын артына сөз калдырған?



1 - жүргізуші : Жүрегімнің түбіне терең бойла ,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла ,

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім .

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма, -

деп жырлагандай Абай өз елін білімді , парасатты , көзі ашык көкірегі ояу алдынғы қатарлы елдердің қатарында болуын армандап, сол арманға Тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асып бүгінгі таңда Абай атамыздың 175 жылдығын тойлап отырмыз .

2 - жүргізуші : Абай! Қазақ елі барда Ұлы Абайдың есімі мұралары мәңгі жасай бермек .

Осыменен әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті, назарларыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!