Материалдар / әдеби кеш: Абай Құнанбаевқа арналған. "Абай -дана, Абай-дара қазақта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

әдеби кеш: Абай Құнанбаевқа арналған. "Абай -дана, Абай-дара қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш 5-6 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2023
341
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА!

Сабақтың мақсаты : Абай өмірі , шығармашылығы жайлы ой бөлісу. Абай –дара, Абай-дана екендігін дәлелдей отырып, оқушылардың Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтары мен танымдарын арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әндер айту, өлеңдер оқу, көрініс, қара сөздеріне тоқталу, би.

Көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, кітаптар, АКТ презентация

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1-жүргізуші Айнара: Абай аманаты, мәңгілік ел бойтұмары, жасасын тәуелсіздік көк байрағы!Абай – қазақ елінің рухани қазынасы, Абай – ұлы даланың мызғымас темір қазығы! Егемен ел болып мерейіміз тасыды. Жаңғырды Алтай, Алатау, Каспий арасы. Абайдың әнін шырқайды – әрбір қазақ баласы! Абай арманы – халықтың асқақ арманы, алтын қыран боп төрткүл дүниені шарлады. Абай жыры – ақындық рухтың алды аспаны, қара сөздері- ұрпақтың ұлы дастаны! –дей келе, құрметті көрермен бүгінгі ұлы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған шағын да мағыналы кешімізге қош келдіңіздер дейміз!

Алдарыңызда 5-6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсеткелі келіп отыр:

1 топ Баяндаушылар /5 А сыныбы/ Жанбота, Малика

2 топ Көрермен көзайымы /6 Г сыныбы/ Манас пен Диана

3 топ Өлең сөздің патшасы /6 Ә сыныбы/ өлең оқиды Іңкәр,

4 топ Зерттеушілер /5 Ә сыныбы/ Алтынай, Диана қара сөздері

2-жүргізуші Ерасыл:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңімен

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құлатқан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Әрине , Абай атамыз.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»- демекші 5 «А» сынып оқушылары Қайратқызы Малика мен Серікбай Жанбота Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталып баяндайды.

1. Жанбота: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай 10 тамыз 1845ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. «Ағаш тамырымен, адамзат ұрпағымен мықты демекші, Ұлы Абай Ділдә мен Әйкерімнен 7 ұл, 3 қыз сүйеді, олардан 24 немере,19 шөбере, 2 шөпшек тарайды.Ұлдары Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл әке жолын қуып, ақындыққа ден қояды.


2.Малика: Абайдың ұлылығы – қазақ пен орыс халқының, батыс пен шығыстың сан ғасырлар бойы қордаланған, жинақталған даналық ойларын санасына түйіп, бойына сіңіріп, алған әсерін кейінгілерге үлгі етуінде. Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

 «Дүние де өзі,мал да өзі».

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Өлең оқиды «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»


1-жүргізуші Ерасыл:

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан!- алдарыңызға 6 «Ә» сыныптың мың бұралған биші қыздарын «Еркем-ай» биімен шақырамыз. БИ


2-жүргізуші Ерасыл:

Абайдың шын көңілмен ынтыққан, сезім пернесін дәл басқан, үкілі үмітіне жан бітірген негізгі ғашығы – Тоғжан еді. «Адам баласы өмірінде бір-ақ рет сүйеді, қалған кездерінде ұнатады» демекші, ақынның жүрегін беймаза күйге түсіріп, түнін ұйқысыз, күнін күлкісіз өткіздіріп, сарыла сағындырған  Тоғжанның сұлу бейнесі әуелі ақынның, содан соң халық жадында мәңгі сақтаулы.

1-жүргізуші Айнара:

Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол! – деп, Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді  өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен  сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады.

2-жүргізуші Ерасыл:

О, жастық, ұзақ ғұмырсың,

Ұйқысыз тосқан көп таңды.

Табиғат неткен сұлусың,

Абайға қосқан Тоғжанды.

Ұлы Абайдың өмірінен шағын көрініс. Алдарыңызда 6 «Г» сынып оқушылары Болатбек Манас пен Абдрахман Диана. /КӨРІНІС/


Абай -Манас:

-Махаббат осы ма? Осы болса мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік үн махаббаттың бесігі ғой. Сүттей жарық айлы түн. Таң әлі жоқ. Сол түнді күтемін. Кеуде толған өзгеше ыстық , өзгеше жұмбақ мол сезім. Нені айтады Тағат сабырым қайда Таң, жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Тоғжанбысың, Жарығымбысың? Кімсің?...

Тоғжан-Диана:

-Қайда жүрсіз, Көрінбейсіз ғой...?

-Ел жағдайын білесің ғой. Менің сәлемдемемді алдың ба? Сағыныштан шыққан өлеңім еді...

-Иә, Абай аға, алдым! Сіздің «көздің қарашығына теңеген» өленіңізді қабыл алдым.

-Өлеңнің әні де бар...

-Ендеше, бірге орындайық. «Көзімнің қарасы» әні орындалады :_____________





1-жүргізуші Айнара:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! –деп, келесі сөз кезегін Абайдың өлеңдері мен әндерінен шашу шашылады. Алдарыңызға 6 Ә сынып оқушыларының өнерін ұсынамыз!

«Ғылым таппай мақтанба» -_________________________

«Күз» -______________________________

2-жүргізуші Ерасыл:

«Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы колжазбалары бойынша жарияланып келеді. Абай қара сөздеріндегі тән құмарлығы мен жан құмарлығы жайында 5 «Ә» сынып оқушылары Көшкін Алтынай мен Темірғали Диана тоқталып, әңгімелейді қабыл алыңыздар.

«Бірінші»- Көшкін Алтынай

«Отыз бірінші» -Темірғали Диана


1-жүргізуші Айнара:

Жердің жүзін, күннің көзін алып жатыр егісі,

Бір жағында тасқындайды қазба байлық кен ісі.

Барлық жерде, аясында нұрын төккен арай күн,

Орындалып жатыр бүгін ақ арманы Абайдың.

Көк байрағым желбірейді әуеде,

Сенің рухың бізбен бірге кемеде!

Ақыл-ойдың дариясы , жан ата,

Ұрпағыңмен сен де бүгін мәуеле!

Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп,

Қоламтаны үрледім өрлесін деп.

Алудамыз Абайдан үлгі - өнеге,

Бүгінгі ұрпақ тұрмыз ғой бір кемеде!!

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін, тербеткен сансыз ойларын қара сөздері мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп есті. Міне, осының бәрі де Абайдың сіңірген ерен еңбегінің жемісіне берілген, қазақтың шынайы көңілінен шыққан бағасы. Қазақ үшін Абай расында дана, сондықтан да ол –дара!


ХОР: 6 «Ә», «Г» сынып оқушылары «Желсіз түнде жарық ай»


Кешті қорытындылау:

2-жүргізуші Ерасыл:

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы?,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған!» - дегендей, бүгінгі әдеби кешімізде Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздерін , даналық ойларын, әсем әндерін ортаға салып, кемеңгер тұлғаның келешекке қалдырған алтын қазынасын дәріптеп, ақын атын мәңгі жүрегімізде сақтайық! Кешімізді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді:

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...

Адамдықты көздесең, жаттап, тоқы көңілге! – құрметті көрермен бүгінгі «Абай дана, Абай дара қазақта» - атты танымдық әдеби кешімізді осымен жабық деп жариялаймыз!


1-жүргізуші Айнара: қорытынды сөзді бүгінгі кешіміздің қонақтары ________________________________________________________________________

береміз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!