Материалдар / Әдеби кеш Есенқұл Жақыпбеков "Менен де осы өтті өмір.." 10-11 сыныптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдеби кеш Есенқұл Жақыпбеков "Менен де осы өтті өмір.." 10-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын Есенқұл Жақыпбековтың туылған күніне орай өткізілетін іс-шараларға дайын сценарии ретінде пайдалануға болады. Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырады. Мамандық таңдауына ықпалын тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2018
2559
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясында Ақын Есенқұл Жақыпбековтың шығармашылығына орай өткізілетін әдеби кештің жоспары Тақырыбы: Менен де осы өтті өмір.... Мақсаты: Ақынның шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп айтқызу, сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Барысы:Слайдта Есенқұл Жақыпбековтың өмірі және шығармашылығы1-жүргізуші Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Көрнекті ақын Есенқұл Жақыпбектің "Менен де осы өтті өмір..." атты ақынды еске алуға арналған әдеби кешке хош келдіңіздер!2-жүргізуші Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында еңбек ете бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Айтыс сахнасында 30 жылдай халықтың сүйіспеншігіне бөленді. Ол халық арасында кең тараған ән-термелердің авторы. Қазақстан Республикасы Президентінің үш дүркін Степендианты. 1-жүргізуші «Алатаудың төріне, тастап кеттім бір сарын» деп жырлаған Жамбыл бабамыздың жолын жалғаған Есенқұл Жақыпбектің есімі бүгінде республика жұртшылығына жақсы таныс. Ақынның «Қарлығаш», «Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жерге табын», «Жан қисса», «Сарғайған сары терезе», «Жетісу жырлайды», «Тау басында кәрі қар», тағы да басқа жыр жинақтары оқырман жүрегінен орын алса, екі жүзге жуық өлеңдеріне ән жазылды. Композиторлық қыры да халық арасына кеңінен тараған.2-жүргізуші Айтыс аламанында отыз жылдан астам уақыт тер төгіп, телевизиялық айтыстың тұңғыш жеңімпазы атанды. Есенқұл Жақыпбектің Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова және қырғыз ақыны Әшірәлі Айталиевпен болған сөз сайыстары айтыстың классикалық үлгісі ретінде есте қалады.1-жүргізуші Есенқұл Жақыпбек – қазақ даласының қай бұрышында жүрсе де танымал, талантымен туған елін ақындар мен батырлар елі екенін мойындата білген ақын.  «Арғы атамды сұрасаң - Абай, Жамбыл,  Өрт Махамбет өз ағам – Абайлап жүр!  Жолдас болдым бөрінің бөрісімен,  Сырлас болдым серінің серісімен,  Аруақтандым солардың перісімен...»,-деп құдіретті поэзияны серік еткен ақын.1-жүргізуші Лирик ақын Есенқұл Жақыпбектің «Біздің елдің жігіттері» өлеңі сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басында жазылыпты.Сол жылдары әнші-композитор Жәкен Омаровтың басына бір қиын іс түсіп, Жамбыл ауданының бірлігі мықты жігіттері көмек қолын созып, тығырықтан алып шығады. Ішінде «Жетісудың желмаясы» Есенқұл Жақыпбек те бар еді. Сонда белгілі сазгер Жәкен Омаров Есенқұл Жақыпбектің үйінің ауласында отырып, «Есаға, егер мен басқа жерде болсам, тағдырымның не болатынын бір Құдай біледі. Сіздің елдің жігіттерінің шарапатын көрдім. Сіздің елдің жігіттеріне деген алғысымды қалай жеткізсем екен, жақсылығын қалай қайтарамын?» деп сұрайды. Сонда ақын «Сенің «Сіздің елдің жігіттері» деген сөзің әдемі екен. Мен «Біздің елдің жігіттері» деген өлең шығарайын, сен соған ән жаз» дейді. Сөйтіп, жарты сағаттың ішінде жаңа туындының тұсауы кесіледі.«Біздің елдің жігіттері» әні Манарбекова Ақботаның орындауында Ортаға 10 сынып оқушысы Дінмұхамед шығып, ақынның «Тазқара құстың тағдыры» кітабынан үзінді оқиды. Ортаға ақын өлеңдерін оқуға оқушылар шығады.«Бақ пен қызыр қонса да» Ерасыл 10Б«Елегізу» Ая 9Б«Ауырмашы жүрегім» Ұлмекен 9БМонолог. Балалық шақ. «Тазқара құстың тағдыры» Ақын өлеңдері оқылады.«Анамның даусы» Нұрсұлтан 10Б«Жылы сайда қыста да ұшар көбелек» Бекзат 10Б«Өзіңді аңсап» әні Аяулымның орындауындаМонолог . Өскен үй. Орта. «Тазқара құстың тағдыры» кітабы Ақын өлеңдері оқылады.« Сұлу дүние» Назерке 7А«Сыз.Нөсер.Көз» Камшат«Төгеді Жаңбыр» Мөлдір «Жалғыз апан» Алішер«Өнер адамдары» әні Ақботаның орындауында Не жазу керек? «Тазқара құстың тағдыры» кітабы«Үйрене алмай» Нұрсұлтан«Оқырманға» Жалайыр«Қара күз» Меруерт«Өмір өтіп» әні Мейрамбек Беспаевтың орындауында тыңдалады.Монолог оқыған оқушы мұңды тыңдап отырады.Ән аяқталған соң Есенқұл ақын бейнесіндегі оқушы ортаға шығып өлең оқиды.Қара тас сенен қорықпаймынСенен де кейде от шығар.Қара жер сенен қорықпаймын,Саған да жазда шөп шығарАйналайын ағайын,Сендермен жерді бір басқан,Сүйгізген, сүйген, мұңдасқанӨмірі өлең, жыр-дастанМенде де арман жоқ шығар,- деп сахнадан шығып кетеді1-жүргізуші Есенқұл Жақыпбек өзінің саналы ғұмырында қалам мен домбыраны тең ұстаған ақын. Ол көп жылдар өнерлі жас жеткіншектерге де дәріс беріп, қанаттарының қатаюына зор үлесін қосты. Ақын сөзімен қорыта айтқанда, ол нені тәуір жазды, нені жаза алмады, қай жерде өтірік өлең жазды, оның ақ-қарасын айыратын біз емеспіз. Ол жағын, оқырман өзі бағалай жатар... Тек алып-қосарымыз, «Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі» деп жырлаған Есенқұл Жақыпбектің ақындардың төресі екенін сөзсіз мойындаймыз.2-жүргізуші «Менің даңқым айтыста қисық сөйлеп, жеңілумен шыққан» - деп ақын өз сөзінде айтқан еді. Бірақ сол қисық сөздерінің өзі ел аузына тез тарап кететін. Есенқұл «Айтыста шақпа ақын, жазбада ақпа ақын» деген теңеуге ие болған, өзінің артында оқырмандары бар, елдің тек алғысына ие болған ақын. Ақынның шығармашылығын насихаттау біздің парызымыз деп есептейміз. Артында оқырманы бар уақытта ақын ешуақытта өлмейді.1-жүргізуші. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана . Ендеше сол ұлылардың жалғасы іспеттес Есенқұл Жақыпбековтың есімі де тарих беттерінде алтын әріптермен жазыларына сенеміз. 2-жүргізуші Келесі сөз кезегін гимназия директоры Махметова Ж.С береміз. 1-жүргізуші Есенқұл Жақыпбековтың шығармашылығына арналған «Менен де осы өтті өмір...» атты кешіміз оысмен өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!