Әдеби мұра

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби мұра

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби мұра
Материалдың қысқаша нұсқасы
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ “ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ” КеАҚ
ФИЛИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ:
ӘДЕБИ МҰРА ЖӘНЕ
ОНЫ ЗЕРТТЕУ
Орындаған:Омыралды А.С
Тобы:КЯЛ-101.
Тексерген:Қабышев Т.Б.

ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А)ӘДЕБИ МҰРА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Б)ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒҰЛАМА-АҚЫНДАРЫНЫҢ МҰРАСЫ
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби-мәдени
мұраны зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ
фольклорын игеру саласындағы жұмыстар тек
жалпылама сипаттан аса алмай қалды десек,
тарихи шындыққа қиянат жасаған болып
шығатыны анық. Жалпыдан жалқыға қарай даму
заңдылығына орай басқа ғылым саласы секілді
әдебиеттану да әр халықта өзіндік ұлттық
ерекшеліктерімен қалыптасады. Сол жинаужариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу
секілді жалпы мәндегі жұмыстардан ғылыми
тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын
жолдар бастау алады.

ӘДЕБИ МҰРА

Әрбір халықтың рухани байлығы –
ғасырлар бойы даму тарихында жасалған,
ұрпақтан-ұрапаққа ауысып отыратын
мирас. Басқа халықтар сияқты, қазақ
халқының да өзіне тән тарихи басынан
кешкен кезеңдері, өрлеу сатылары, әрбір
дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері
бар.
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз
өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға
жеткен туындылары.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒҰЛАМААҚЫНДАРЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ
Халқымыздың
ғұламалары
саналатын
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынса­рин,
А.Құнанбайұлы,
Ә.Бөкейхан се­кіл­ді ұлы тұлғалардың шығарма­шы­‐
лық мұрасындағы ғылыми-зерттеу ең­­бектерінен
көреміз. «ХІХ ғасырдың 60-80-жылдары ұлттық
фольклорис­ти­ка жалпы филологиялық ғылымның
өзінше бір саласы ретінде көріне бас­та­ды. Дәл осы
кезден бастап қазақ фоль­к­лоры ғылыми мақсатта
жиналып, ака­демиялық немесе арнаулы жинақтар
енді ғылыми тұрғыда зерттеле түсті.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒҰЛАМААҚЫНДАРЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ

Жаңа
қалыптаса
бастаған
қазақ
фольклортану
ғылымының
көш
басында
халқымыз­дың
ұлы
перзенттері
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбайұлы болды» деп, қазақ фольклортану
ғылымының тарихын зерттеушілер бұл тұлғалардың
еңбектерін монографиялық тұрғыда сөз етуі де
сондықтан. Бұлардың ең­бек­терінен әдеби мұраны
игерудегі
та­­рихилық
әдістің
ұлттық
ғылымизерттеушілік ой-пікірде анық көрініс тапқан екінші
бағыты айқындалады. Себебі тарихи-этнографиялық
бағыт­қа қарағанда, бұл бағытта тарихи-мәде­ни
мектептің талаптарына сай келетін та­рихилық
принципі айқын көрініп, әде­би-теориялық, ғылымизерттеушілік ой-пі­кірді еуропалық деңгейде байқата ал­‐
ған тереңдік танылады.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒҰЛАМААҚЫНДАРЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ
Ыбырай, Шоқан, Абайлардың өт­кен дәуірден жеткен әдеби мұраға та­ри­хилық принципі бойынша
ерекше назар аударған мәселесі – қырғыз, қа­зақ т.б. халықтардың шыққан тегін, түрлі аңыз-әпсана
мен тарихи өлең­дердегі тарихи оқиғалардың жырлануын анықтау үшін қазақ шежірелерімен,
көршілес елдердің жылнамаларымен, басқа да тарихи деректермен салыстыра отырып зерттеуі
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде үлкен жаңалық болып табылады. Бұл айтып отырған фольклор
және халық тарихы деген мәселеде тарихилық принципін басшылыққа алып, жұмыс жүргізуді
мақсат тұтқанын мына пікірі анық дәлел­дейді. «Бұл халықтың, – дейді Шоқан қазақ халқы туралы –
әуелгі шыққан тегін ғылыми тұрғыдан дәлдікпен анық­тау мүмкін емес, солай бола тұрса да
олардың аңыз-әңгімелеріндегі оқиға­лар нақтылы ақиқаттығымен таңдандыра­ды, бірақ аңыз –
ғылым емес. Сол себептен де мы­­наны ескерген жөн, дала жыр-дас­тан­дары өзінің қарапайым,
ұғым­ды шы­на­йы­лығымен құнды.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒҰЛАМААҚЫНДАРЫНЫҢ МҰРАЛАРЫ
Сон­дықтан да халық тарихи оқиғалар, тегі қазаққа жа­қын Әбілғазы
жазған «Түр­кі шежіресі» ат­ты және (Ждами ат-тава­рих) шежіредегі
деректерден ал­шақ­та­майды». Шоқан секілді Ы.Алтын­са­рин де
Қадырғали бидің «Джами ат та­уа­рих» шежіресін тарихи аңыздардың
жи­на­ғынан тұратын тарихи шығарма ре­тінде бағалай отыра, аңызжырлардың
тарихи
шындыққа
қарым-қатынасын
ашуда
«Шейбанинаме», «Бабырна­ме», «Тарихи-Рашиди», «Тазкирян ход­жа­‐
ган» секілді шежірелерді кеңінен пай­даланған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, Халқымыз қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол
қазына.Оның ішінде қамал бұзар қаһарлысы да, шебер қиылысқан қисындысы
да, нөсердей құйылған төкпе туындысы да мол. Сол себептен болашақ ұрпаққа
үлгң өнеге болатындай әдеби мұрамызды насихаттап жаңаша бір деңгейге
көтеру қажет.Мәңгі ұмытылмастай жадымызда сақтауымыз керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.Кәкішов. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А1994ж
2. Т. Кәкішов Сын мұраты. А- 1995ж
3.Ғ.Тоғжанов Әдебиет пен сын мәселелері А-1929
4. Википедия сайтынан
5.Егемен.кз сайтынан

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
26.04.2024
213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі