Материалдар / "Әдебиет әлемі" сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әдебиет әлемі" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет пәнінін мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2019
2708
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндіріс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмабекова Күлпаш Тлектесовна

«Әдебиет әлемі»

(қазақ әдебиетінен сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігін дамыту. Рухани жан-дүниесін байыту. Оқушыларға   әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармаларын насихаттау, туған елге, жерге деген сезімдерін қалыптастыру, отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, кітаптар көрмесі, музыкалық орталық, сұрақтар салынған конверттер, әдебиет өкілдері суреттері

Өтетін орны: кітапхана

1-жүргізуші: (Н. Тілендиевтің «Аққу» әуені) Құрметті Әдебиет сүйер қауым! «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілмекпіз. «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны – кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Білім тозбайды, білімді азбайды» деп кітапты жоғары бағалап, әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап, ойында сақтай білген. Кәне, кім айтады? Менің қолымдағы қандай кітап?

Балалар: Қазақ әдебиеті!

2-жүргізуші: Дұрыс. Өте жақсы! Бүгін балалар осы қазақ әдебиетінен оқып білген білімдеріңді ортаға саласыңдар және әдебиет өкілдерімен жақын танысасыздар. Әдебиет дегеніміз не?

1-жүргізуші: Әдебиет (арабша — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. А.Байтұрсынов оған “бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген.

2-жүргізуші: Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.



1-жүргізуші:

Қазақ әдебиетінің кезеңдері:

  1. Көшпелі тайпалық әдебиет

  2. Ежелгі дәуір әдебиеті

  3. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

  4. XIX ғасыр-XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет

  5. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

  6. Тәуелсіз қазақ әдебиеті

Ал жанрлық жағынан бөлсек:

  1. ауыз әдебиеті

  2. жазба әдебиеті

2-жүргізуші: Енді осы қазақ әдебиеті өкілдеріне тоқтала кетейік:

Абай Құнанбаев

Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы.

(А.Құнанбаев туралы слайд)

  1. Абай қарасөзі

  2. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

«Желсіз түнде жарық ай» клипі



1-жүргізуші: Жамбыл Жабаев

Жамбыл – екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген ұлы тұлға.

(Жамбыл Жабаев туралы слайд)

  1. «Ленинградтық өренім» өлеңі

  2. «Абайдың суретіне» өлеңі



(Көрермендерге сұрақтар қойып, жауаптары тыңдалады )

2-жүргізуші:

Көрермен оқушыларымызға арналған сұрақтарымыз бар. Араларыңыздан 5 оқушы ортаға шықса дейміз. Бұл сұрақтар жалпы қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты болмақ ( 5 оқушы жүргізушілер жанына келіп тұрады. Жүргізуші оларға сұрақтар қояды. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді)

1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар? (42 әріп, 37 дыбыс бар)

2. Қазақ тілінде неше қосымша бар? (2-еу: жалғау, жұрнақ)

3. Тілімізде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

(12 дауысты, 25 дауысыз)

4. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтел айт

5. «Көксерек» повесінің авторы кім? (М. Әуезов)

6. Төрт түліктің пірлерін атап бер:

Қой атасы-Шопан ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба,

Жылқы атасы-Қамбар ата,

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Ешкі атасы-Шекшек ата

7. «Қазақ хрестоматиясы» кімнің кітабы? (Ы. Алтынсарин)

8. Қазақ тілі білімі және алфавитінің негізін қалаған кім? (А. Байтұрсынов)

9. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деп кім айтқан? (Б. Момышұлы)

10. «Үш ағартушыны» ата (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)



1-жүргізуші: Мағжан Жұмабаев

Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

(Мағжан Жұмабаев туралы слайд)

  1. «Сағындым» өлеңі

  2. «Мен жастарға сенемін» өлеңі

  3. «Толқын» өлеңі

2-жүргізуші: Жұбан Молдағалиев

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

(Ж. Молдағалиев туралы слайд)

«Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді

    1. Сырбай Мәуленов

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Сырбай – сыршыл ақын.

(Сырбай Мәуленов туралы слайд)

  1. «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңі


2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.

(Мұқағали Мақатаев туралы слайд)

  1. «Туған жер» өлеңі

(Көрермендерге сұрақтар қойып, жауаптары тыңдалады )

1-Жүргізуші:

Көрермен оқушыларымызға арналған тағы да бірнеше сұрақтарымыз бар. Араларыңыздан келесі 5 оқушы ортаға шықса дейміз. ( 5 оқушы жүргізушілер жанына келіп тұрады. Жүргізуші оларға сұрақтар қояды. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді)

Сұрақтар:

11. «Бес арыс» кімдер? (Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

М. Дулатов, Ж. Аймауытов)

12. «Үш бәйтерек» кімдер? (І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин)

13. Қазақ тарихындағы тұңғыш драмалық туынды (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы)

14. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9 сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздер)

15. Сөйлем мүшелерін санамалап айтып бер (бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш)

16. Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз бар? (12 дауысты, 25 дауыссыз)

17. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу? (9 сөз табы бар: зат есім, сын е,

сан е,етістік, есімдік, үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылау)

18. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы роман? (Міржақып .Дулатұлының «бақытсыз Жамал» романы)

19. Бақтығұл мен Тектіғұл қай жазушы шығармасының кейіпкерлері?

(М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» әңгімесінің кейіпкерлері

20. «Қазақ солдаты» романының және «Ұлпан» повесінің авторы кім?

(Ғ. Мүсірепов)



2-жүргізуші: Қадыр Мырза Әли

Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады.

Қадыр ақынды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз данқ, татаусыз танымалдылықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова

Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік есімдердің бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, қайталанбас тұлға, поэзия падишасы, ақын Фариза Оңғарсынова – адалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза  ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын.

(Фариза Оңғарсынова туралы слайд)

  1. «Ауыл қандай!» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Сережадин Рустам

  2. «Отан деген не?» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Тұралин Оралхан

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов – ұлт және тіл жанашыры. Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен.

(Мұхтар Шаханов туралы слайд)

  1. «Ерлікке тағзым» өлеңін оқу

  2. «Рух пен тіл» өлеңін оқу

1-жүргізуші:

Әдебиет – өмір айнасы. Әдебиет – өмір тарихы. Әдебиет қашанда халықпен бірге мәңгі жасайды. Әдебиетті жаңғыртып, кеңейту – сіздердің қолдарыңызда!

Құрметті Әдебиет сүйер қауым!

Осымен «Әдебиет әлемі» атты әдеби кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Көріскенше күн жақсы!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!