Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
«Әдебиет пен фольклордағы қасқыр бейнесінің көркемдік қызметі»
Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
01 Қаңтар 2018
999
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№27 жалпы орта мектептің оқушысы Ысқақ Балеркенің «Әдебиет пен фольклордағы қасқыр бейнесінің көркемдік қызметі» атты ғылыми жұмысына №27 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қ.Қалдыбаеваның«Әдебиет пен фольклордағы қасқыр бейнесінің көркемдік қызметі» атты ғылыми жұмысына
Пікір Көркем шығармадағы қасқыр бейнесінің сомдалу ерекшеліктерін айқындау, жазушының суреткерлік шеберлігін, стильдік дара қолтаңбасын анықтау үлкен міндетті жүктейді. Оқушының осы орайда терең ізденгені байқалады. Оқушы Ысқақ Балеркенің таңдап алған ғылыми жұмысының тақырыбы ауқымды. Жалпы тұтастай қасқыр бейнесінің қазақ прозасындағы көрінісін зерттеген. Бұл тақырып үлкен ізденісті, жан-жақты зерттеуді талап етеді. Көкбөрі бейнесінің пайда болу тарихына үңілген оқушы әдебиеттегі бұл үлкен құбылыстың қазақ әдебиетіне тигізген әсер-ықпалын жүйелі түрде зерттеп, зерделей алған. Оқушы негізге алған ғылыми жұмыстың жаңалығы тың, өзектілігі жоғары. 60-80 жылдары қазақ көркем сөз өнерін дамытуға өз үлесін қосқан жазушылар қатары кең. Бұл жылдардағы қазақ прозасында елеулі өзгерістер, жаңа ізденістер танылып, мазмұны тереңдеп, ішкі құрылымдық мүмкіндігі молая түсті. Кеңес дәуірі кезінде жұмысшы табы, индустрияландыру, коллективтендіру, тың игеру, қала өмірі, тағы да басқа күн тәртібінде тұрған мәселелер туралы жазып қана қоймай, сол мықты шығарма, ең қажет туынды деген көзқарас қалыптасқан еді. Кейде тіпті тақырып тасасында сөз өнерінің көркемдік компоненттері, әдебиеттің басты міндеті – адамтану мәселелері көмкеріліп, көрінбей, көрінсе де екінші кезекте қалып жатты. Олар арнаулы бір шекарадан шықпауы керек болды. Әйтсе де, кеңестік саясаттың үстемдік құрып тұрған кезеңінде адам мәселесін алға тартқан, бөрілер тағдырының әрқилы сәттерін шығармаларына негіз еткен жазушылар қатары кеңейді. Қазақ қаламгерлерінің алуан түрлі көркемдік ізденістерінің нәтижесінде 1970-80 жылдардан бастап қазақ прозасы жаңа сапада дамыды. Жазушылардың дүниені қабылдауы күрделеніп, адамның екіұдай табиғаты, жатсыну түз тағысын қанша күтіп бақса да далаға қарап ұлитынын дәлелдеді. Ш.Айтматов,Д.Досжан,М.Мағауин,М.Әуезов,А.Асқар,А.Алтай, С.Сағынтай, Д.Рамазан және т.б. қаламгерлердің шығармаларында философиялық тұрғыдан пайымдалады. Қазақ прозасында адам мен әлеуметтік ортаның, адам мен табиғаттың арасындағы коллизия тереңдеп, енді тартыс жеке тұлғаның жан әлемінде өтеді. Тұлғаның екіге жарылып, адам мен қасқыр арасындағы өзара ымыраға келе алмаған, тартыстың жеке тұлғаның ішіне түсуі – әдебиетте бұрыннан бар құбылыс. Өткен мен келешектің арасындағы қас-қағым сәтте толқыған адамның эмоционалдық көңіл күйі осы екі бастаудың біріне ерік беріп, соның нәтижесінде тартыс туындайды. Оқушы ғылыми жұмыс барысында Ш.Айтматов,Д.Досжан,М.Мағауин,М.Әуезов сынды жазушылар шығармаларында көрініс тапқан қасқыр бейнесін салыстсра отырып талдау жасаған. Оқушы аталмыш жазушылар прозасында байқалған жаңа көркемдік ерекшеліктерді, образ сомдаудағы тың әдіс-тәсілдерді, шығарманың көркемдік әлемін жүйелі түрде саралай алған. Романтикалық, символдық, трагедиялық бейнелерді тудырған жазушылар шығармаларына салыстырмалы талдау жүргізген. Әдебиеттегі бөрі белгілерінің бірі жатсыну мәселесіне де кең тоқталған. Әдебиеттегі қасқыр мәселесі, ішкі әлемінде болып жатқан құбылыстары, рухани-психологиялық болмысы А.Асқар, А.Алтай, С.Сағынтай, Д.Рамазан сынды жазушылар шығармаларының басты негізі болғаны белгілі. Жазушылар адам бойындағы сан алуан қасиеттерді жаңа көркемдік әдіс-тәсілдермен аша отырып, адамның асыл қасиетін, асқақ рухын дәріптеді. Адамды жеке тұлға ретінде қарастырды. Оқушының ғылыми жұмысы барысында қазақ жазушылары қол жеткізген осындай тың ізденістер сараланған. Ғылыми жұмыста Ш.Айтматов, Д.Досжан, М.Мағауин, М.Әуезов сынды қаламгерлерінің суреткерлік шеберліктеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген.
Әдебиет пен фольклордағы қасқыр бейнесінің көркемдік қызметі Мазмұны
І Кіріспе 1.1 Көкбөрі –түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың біріІІ Негізгі бөлім 2.1 Көркем прозадағы көкбөрінің бейнесі және даралығы 2.2 Прозадағы адамдар мен бөрілер арасындағы арпалыс 2.3 Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмайдыІІІ ҚорытындыІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ғылыми жұмыстың өзектілігі Қасқыр бейнесінің қазақ прозасына тигізген әсер-ықпалын зерттеу,тағылықты жатсыну мәселесін таным елегінен және қасқырдың екіұдай табиғатының көркем әдебиеттегі көрінісін зерделеу ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады. Мақсаты Жазушылар шығармаларында қасқыр бейнесіне қатысты мифопоэтикалық түсініктерді пайдалана отырып,ұлттық санаға,ұлттық дүниетанымға жақындай түсу Міндеттері - Қазақ әдебиетіндегі бөрілер бейнесінің бастау көзін айқындау; -Қазақ жазушылыры шығармаларындағы қасқырлардың әр алуан көрініс табуына талдау жасау; -Жазушылар шығармаларындағы символдық,трагедиялық образдар жүйесін саралау; -Қазақ прозасында қасқырдың бейнелері көрінген жазушылардың шығармаларын салыстыра зерттеу;
КіріспеҚазіргі әдеби үдеріс, оның көркемдік ойлау жүйесі өтенге табан тіремей, көркем-философиялық тамырлардан нәр алмай өсіп-өнбек емес. Ұлттық ойлау ерекшелігінің арналарын пайдалану ұлттық көркем бейнелі түсінуге мүмкіндік береді. Ежелден өнерімізге сіңіскен аңыздар, мифтер көркем ойлауда әдебиеттің әр жанрына кеңінен қолданылып, оның кейіптік және аллегроиялық мағынасына назар аударылуда, өнер туындыларындағы «мифологизм» көркемдік тәсіл және көркемдік дүниетаным ретінде қабылдана бастады. Суреткерлердің фольклор арқылы мифтік сипатта келуі шығармаларында әртүрлі сипатта көрініс табуда. Ол әр жазушының көркем әдебиетке енген өзіндік стилімен дараланады. Қазақ әдебиетіндегі мифтік шығармашылық, мифтік ойлау мен түсінік бұрыннан бар. Мифологиялық мәтіндер, сюжеттік желілер құрылымына сүйене отырып, өзіндік өрнегімен ерекшеленетін авторлық мифтердің туындауына жол салады.Қазргі қазақ прозасындағы мифологизм ежелгі мәдениеттің философиялық көзқарасын қарастырып, бүгінгі күн талабына сай кестелеп пайдалануда. Қазақ прозасының бастаулары өзінің дамуы барысында халықтың ежедгі мәдениетімен сусындап, дәстүрлі халық әдебімен және ауыз әдебиеті поэтикасымен байланысын үзбеді. Жазушылардың жеке шығармашылық ұстаханасындағы көркемдік идеялық ізденістеріне арқау болды. Көнерген әлемдегі адамның шынайы және көркем ойлау жүйесі болып табылатын аңыз бүгінгі өркениеттің даму сатысында да қайталанбас мазмұнға ие. Адамзаттың мәдени байлық көзі бола отырып, ол келесі ғасыр әдебиеті мен өнеріне ықпал етті. Көптеген аңыз сюжеттері поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларға арқау болды.Көкбөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі.Көкбөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және моңғол аңыздарында кездеседі.Көкбөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларда сақталып қалған. Біреуінде тұтас бір халықтың жаугершілік заманда қырылғандығы, батпақ ішінде қол-аяғы шабылып, жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады.Ол балаға бір ақ қасқыр жолығып,емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады. Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып өлтіргенде, буаз қасқыр Гаочан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Ақ қасқыр осы үңгірде он бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналады. Ол ел кейін үңгірге сыймай түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен көрінеді. Түркі қағанаты кезеңінде түркі сарбаздарының байрақтарына көкбөрі бейнеленетін болған. XIX ғасырдағы белгілі қазақ ақыны сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозады қай-қайдағың...» деп жырлайтыны сондықтан. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батылжігіттерді көкбөріге теңеп, көркем шығармалардан бөріні батырлық пен батылдықтың бейнесі ретінде көрсетеді. Жазушы Әбдіжамал Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы қасқыр бейнесі шығармада теңіз үстінде ыққан адамдармен бірге көрінеді.Жазушы қасқырды бірден мифтендіреді, оның образын адамға тән қылықтармен суреттейді. Ол ойлау, еске түсіру тіпті армандау қабілетіне де ие. Қасқыр адам сияқты ойлайды. Қасқырдың адамға тән образы оны Нұрпейісов жасаған аңыз кейіпкеріне айналдырады. Жәдігер жамылып жатқан қасқыр терісінен жасалған ішіктен сұр қаншықтың исін сезген қасқыр былай суреттеледі: «Бұл жолы таң алдындағы тастай шымыр ауадан ұстара жүзіндей өткір иіс лап бергенде, бөрінің жон арқасы дір етті; өзі де ана жылы төртбақ қойшы атып өлтірген сұр қаншық алдынан шыққандай атып тұра жаздады; арландық құрып жүрген отты шаңына қайта қауышқандай, бара сала арсалаңдап сұр қаншықты тұла бойын искелеп; сосын екеуі асыр сала ойнап кеткендей еді...»Бұдан байқайтынымыз қасқырдың жұптық өмір құра алмауы, ұясының шырқы бұзылуы адмдар кесірінен болса, адамның жұптық өмір құра алмауына өздері жауапты. Түз тағысының болашақ ұрпағына деген сүйіспеншілігі сұр қаншықтың аңнан қайтқан сайын бөлтіріктерін айналып толғанып, болашақ жортуларға дайындамақ болған іс –әрекеттерінен көреміз. Адамзат пен табиғат тағысы арасындағы ымырасыздық-көптеген қаламгерлеріміздің қалам тарқан тақырыптарының бірі. «Соңғы парыз», «Қан мен тер» романдарының кейіпкерлері Ақбала болсын, Бәкизат болсын өз перзенттерін үлкен өмірге, «өмір жорықтарына» баулымақ түгілі сағым қуалап, «бақыт» іздеп, арзан дүниеге айырбастап кете береді.Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романының басты кейіпкері –Аққұртқа мен Тасшайнар. Олар да вертолетпен киік аулап шыққан адамдар тобынан өз басын әрең аман алып шығып, бөлтіріктерінен айрылады. «Өз ұясы- үңгірі артта қалады. Ол жерлерде енді адамдар жүр...». Бостон әулетінің шырқы бұзалғанына да бір күндік құлқынын ойлаған Базарбайдың қасқыр ұясын бұзуына байланысты күшіктерін іздеп келген Аққұртқаға Бостон баласы Кенжеш өзінің бөлтіріктерін еске түсіреді, емізгісі келіп еміренеді, аналық сезімі оянып кетеді. «...Аққұртқаның қайғыдан сыздаған қу жүрегі лүп-лүп ете қалды... Сонда Аққұртқа мүлде елжіреп, балақайдың аяғына жата кетіп, онымен ойнай бастады. Бала емшегімді емсе екен деп емексіп еді. Құртқа көкірегіне толып қалған аналық мейірімін балаға аямай төгіп, оның нәресте иісін искеп елтігендей болды. Егер де жартас астындағы апанда осы адам баласымен бірге тұрсам қандай қуанышты болар едім деп ойлады ол». Аққұртқаның ендігі ойы баланы екі аяқтылардан, яғни оның түсінігіндегі жаулардан құтқару үшін тауға қарай бет түзеуі түркі халқының бөріден тарағандығы туралы мифті еске түсіреді.Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» атты тарихи романының композициясында қасқырлар өлім мен өмір арасында көрінеді. «Ошақбайдың көзіне қос ақ қасқыр шалынды,қырқаны құлдап бермен жосып келеді,бұл өңірде бұрын-соңды ақ қасқыр болмайтын.Әлгінде азынап ұлыған дәп осы мұндар мақұлықтар екенін білді.Тақап қалғанда көрді,екеуінің аузында екі бөлтірік бар,түн әлпетінде бөлтірігін тістеп ауа қашқан қасқырларды көргені осы»(3.215).Жұп қасқырларға төнген зұлмат қыпшақ даласына да төніп келе жатты.Ошақбай батыр бөлтірігін тістеген қасқыр арқылыөзінің алтын мекенін тастай қашқан ел-жұртын көргендей болды. Қасқыр-тотемдік сенім.Бұл сенім көптеген аңыздардың тууына себеп болды.Тотемге табыну –алғашқы қауымдық құрылымға тән аңыздық сананың ең бірінші сатысы.Бұл сенім «Жібек жолында»былайша көрініс тапқан: «Төбенің етегінде,осы табиғи төбені бұзбай,айналдыра дөңгелек сарайлар салынған.Бейне күмбез Сарайды қоршалай қонған киіз үй секілді,алқа-қотан орын алған.Бұлар төмендей-төмендей қарсы беттегі алаңшаға келіп тірелген.Алаңша ортасы-әуіз.Әуіздің үш жағында үшкір тұмсықты үш қаншық қасқырдың қола мүсіндері тұр.Бұл қыпшақ мүсіншілердің қолынан шыққан бұйымдар,олар ылғи да аңның бейнесін құйған»(3.19)Ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдердің елеулісінің бірі – қазіргі қазақ прозасының символикалық сипаты. Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тәсілдің қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғыруы мен түрленуі болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, М.Мағауиннің тағы бір алып отырған символикасы – Қасқыр – Бөрі. «Қасқыр – Бөрі» [19, 329 б] атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді. Шағын әңгіменің «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы толғанысы назар аудартады. Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі – бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі. Сырттай қарағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын мәнісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмады. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Баяғы құрт пен шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға қонбапты. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. Дегенмен, қасқыр мен бөрі – атауы бір, түп негізі ортақ, бір-ақ мақлұқ емес пе? Қасқыр қанша азса да, оның бөрі атауының ескірмеу себебі неде, қасқырға қашан, қалай айналғаны туралы ой толғайды. «Ал мен көрген сияқтымын. Бөрінің қасқырға емес. Қасқыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тапқанын» [18, 330 б], – деп әңгіменің ішіндегі әңгімені бастайды. Ырсиған, арық, қу сүйек қасқырдың жалаңаш денесі мен иленген теріні бір-біріне антитеза пішінінде қарама-қарсы алады. Ырсиған қасқырдың жалаңаш денесі қандай аянышты болса, жаны жоқ, тіпті ішкі мүрдесі де жоқ иленген тері сондай. Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне құрылымдық, түрлік өзгешелік әкелген соны туынды болып табылады. Сондықтан бұл әңгімені – аманат әңгіме деп пайымдауға толық негіз бар. Біз өткен ғасырдың 20-ыншы жылдарында дүниеге келген «Көксерек» повесін қазіргі қазақ прозасындағы «қасқыр-бөрі» бейнесін ашу мақсатында салыстырдық. Асқар Алтайдың «Алтай элегиясы (Қызыл бөлтірік)» повесть-притчасының, Думан Рамазанның «Көкжалының», Жанат Ахмадидың «Кезінгеннің кезі», «Ажал аузында», «Кие» атты әңгімелерінің негізінде іздену жалғастығы мәселесін қарастырдық.М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айнала қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдірді.Айталық, көзін де ашып үлгермеген шақта қолға түскен Көксеректің жетіле келе адамдарды жақтырмай,ауылдан қаша бастауын, оның себептерін соншама біліктілікпен суреттеуі Көкскректің түбінде өз ортасына қосылуына оқырманның көзін жеткізеді. М.Әуезовтің соңғы сөйлемі, Көксеректі басқа тебуімен аяқталды. Өлі қасқырды басқа тепсе, ал керісінше Жанат Ахмадидің «Кие» әңгімесінде авторлық ой басқаша өрбиді. Автор хайуанаттар паркіне қамауға түскен Қызылшолақтың іс-әрекетінің өзін өзгеше суреттеп кесек бейнелейді. М.Мағауиннің «кейінгі қасқыр – бұрынғы бөрідей бола алмады...» дегеніндей Қызылшолақ қасқыр өзінің бөрі қалпын сақтап қалған – кейінгі қасқыр. Оны мынадан көруге болады. Қызылшолақ өзінің тектілігін көрсетіп, хайуанаттарды бағып-күтетіндердің берген тамағын кісі көзінше жемейді. Еті бар кесек сүйектерді алдына тастағанда оған көз қиығын ғана салып қойып, мойнын қырыс бұрып жатып алады. Жаратылысынан сонша ашқарақ жыртқыш әшейінде өлгенше күресуге бар тамақ үшін басын да игісі келмейді. Автор Қызылшолақтың қайсар қиқарлығынан нағыз бөріге тән тектілікті көрсеткендей. Қырыс, қияс – деп қасқыр мінезін портрет арқылы берген жазушы Көкшұңқырдай көк мұнар тауын аңсаған көкжал тұтқынның қамауға көнгісі келмей, тамағы тоқ болса да ыстық қамау жеп қойған арып-аршыған жабағы түрі – табиғаттың өз таразы өлшемі бұзылғандықтан деп пайымдайды. Қызылшолақ бейнесі осы зоопарктегі аңдар патшасы деп саналатын арыстан мен жолбарыстардың, түлкінің өзімен психологиялық паралеллизмен қатарластыра алады да бір-біріне антитеза тәсілі арқылы қарсы қояды. Автор осы үш түз тағысының тас қамауда өздерін қалай ұстайтындарына оқырман назарын аудара отырып салыстырмалы-салғастырмалы түрде өз ойын ортаға салады. «Қасқыр атаулының зоопаркте ұйығып, бөлтірік ертіп күшіктегенін көрген кісі бар ма екен? Ұрпағын қасіретке бөлегісі келмегендіктен бе, әлде кекшіл, қайсарлығынан ойынды қойып, ұйығуға да қырыстана ма екен?» – деп автор риторикалық сұрақ қояды. Қасқыр өзінің еркіндігіне, еркіне шек қойғызбайтындығының бір мысалы: цирк өнеріне қасқырдан басқа жыртқыш біткеннің бәрін де, тіпті аң патшасы арыстанды да, сонан кейінгі жолбарысты да баулуға болады екен. Тек қасқыр ғана адам баласының айтқанына көніп, айдауына жүрмейді екен. Автор бұл шығармасында кие концептісін негізгі арқау етіп алған. Ш.Уәлиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде: «Қазақтар киеге үлкен мән береді. ...Кейбір жануарлар мен құстар, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары кесір деп аталады» [20, 302 б], – деп түсініктеме берген. Қазақ халқындағы «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтелдер – соның айғағы. Қызыл шолақты құрықпен ұстаған Адырқұлды қасқырдың киесі атады. Ж.Ахмадидің Қызылшолағы жоғарыда атап өткен М.Мағауиннің қасқыр бөрісіне айналғанын, кешегі тектілікті бойына жиған бөрілердің символы. А.Асқардың «Қызыл бөлтірік» атты шығармасының оқиға желісі тылсым табиғаттың қойнындағы суретке құралған. А.Алтайдың шығармасындағы табиғат пен адам бейнесінің, олардың қайшылықтары мен ішкі дүниесінің тартысы екі аңыздың желісінің негізінде толық ашылған. Бірінші аңызда градациямен берілген авторлық таным төгілген тілмен шебер берілген. Пейзаж көрінісі психологиялық паралеллизммен тірі суретті көз алдына алып келеді. Демек табиғаттың, яки жаратылыстың өз шындығы бар, ал, адамдардың өз шындығы бар дегенге саяды. Адам табиғатқа үстемдік етіп, ойлағанын жүзеге асыра алмайтыны – А.Алтай шығармасының тұжырымдамалық ойы. Монологпен беріліп, қиялындағы қызыл бөлтірікпен іштей тілдесіп, сырласқан, мұңын шаққан бала танымы, психологиясы нанымды. Қанды қол қырғыннан аман қалған қос бөлтіріктің көзін ашпай жатып, қаталдық көруі сан түрлі тарих соқпағынан аман жеткен қазақ жұртының тағдыры іспетті. Ал, оның киесіне жолыққан мергеннің өз баласын өзі жазым етуі – фольклорлық дәстүр қалыптастырған көне мотив. Жазушы бұл мотивті айтпақ идеясына шебер қиюластыра білген. Шығарма оптимистік рухта,оң шешімімен бітеді. Ал, жазушы болса, баланың тазалығын адам рухының тазалығына дейінгі деңгейге көтереді. Бір-бірімен ымыраға келмейтін екі дүниені біріктіріп, қарым-қатынастарының көрінісін нанымды етіп көрсетті. Соның тағы бір мысалы ретінде Д.Рамазанның «Көкжалында» адам және табиғат арасының арпалысы ешбір бояусыз, бар қалпында суреттеледі. Олардың байланысының үзіліп қалуы адамның кінәсынан екенін ашып айтылады. Мұнда да астар байқалады, демек, табиғатты күштеп бағындыруға болмайды, оның да өз заңдылығы бар, онымен санасу керек. С.Сағынтайдың «Тұмақ елесі» атты әңгімесінде қасқыр – бөрі бейнесі өз болмысын танытады. Бұл әңгімеде жас жазушы – С.Сағынтай қазақ даласының экологиялық апаттар алаңына айналғанын мистикалық оқиғалармен көркем суреттеп,таңғажайып туындыны жасап береді. Сонымен қорыта келгенде, жоғарыда талданған бірнеше автордың алып отырған тақырыптары да ұқсас шығармаларының негізі де бір, айтпақтары да бір – ортақ арнаға құйылады. Ол – ежелгі ата-баба қастерлеген құндылықтардың бағасын, парқын білу. Бүгінгі рухани дағдарыс тұсында өскелең ұрпаққа өнегелі тұстарын үлгі ету. Табиғат-Адам бірлігін, тұтастығын сақтаған алғашқы адам сезімінің артықшылықтарын алға тарту. әрине бұл мақсаттардың әртүрлі қаламгер шығармаларында әр қилы дәрежеде көрініс тауып жатуы – заңдылық. Сол арқылы қазіргі қазақ прозасының жаңарған көркемдік бітімі де бірте-бірте қалыптаспақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі1.Ә.Нұрпейісов.Соңғы парыз.А., «Жазушы»,19982.Ш.Айтматов.Жан пида.(орыс тіліне аударған Ш.Мұртаза). А., «Жалын»,19883.Д.Досжан.Жібек жолы.А., «Жазушы»,19734.Б.Қанарбаев.Қазақтың наным-сенімдерінің фольклордағы көрінісі. А., «Жазушы»,20045.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.А., «ҚазАқпарат», 05.2010 (69-75б)

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)