Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Әдебиет сабағында озық технологияларды қолдану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
(«Қазақ әдебиетін оқытудың тәжірибесі мен келешегі» атты облыстық ғылыми – практикалық конференцияда оқыған баяндамасы)
Орындаған: Олжатаева К. Х
Жамбыл ЖОББ
мектеп-балабақшасының
жоғары санатты қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.
Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында түрлі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану өз нәтижесін беруде.
Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек.
Өзім қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталсам, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі.
Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жаңа материалды талдауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларынан басшылық алады.
Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Орта буын және кіші сынып оқушылары да дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.
Бағдарлама үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілінен тұрады.
СТО
Кезеңдері
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой - толғау
Топтау ассоциация, Түртіп алу, Жұртта талқылау,
Болжау
ДжикСО, Инсерт
Бес жолды өлең,
Венн диаграммасы, Ой толғау, Кубизм, Еркін жазу, стратегиялары
1. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезеңіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Топтастыру стратегиясы – оқушыларды еркін ойлауға, бірінің ойын бірі толықтыруға, қалыс қалмай бірдей сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады. Мысалы:
Осы кезеңде «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұртта талқылау», «Болжау» т.б. әдістер бар.
Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Берілген мәтінді оқып, тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін стратегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі. V (білемін), - (білмеймін), + (мен үшін жаңа ақпарат), ?(тереңірек білгім келеді) белгілерін қойып отырып оқу, оны тобымен талқылау.
INSERT стратегиясы. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Білемін |
Білгеніме сәйкес келмейді |
Жаңа нәрсе |
Тереңірек білгім келеді |
Ғ. Мүсіреповтің жазушы, драмматург екенін, ана тақырыбына байланысты көптеген әңгімелер жазғанын. |
Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап, ат шаптырғанда, бас бәйгеге құл бастаған тоғыз, бас балуанға күн бастаған тоғыз тігіпті. |
Сауға, сергелдең, барымта, күң, құл сөздерінің мағынасын түсіндім. |
Әңгімедегі Ананың нақты есімін және осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен? |
Ой – толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезенде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.
«Бес жолды өлең»
Зат есім 1 Ана
Сын есім 2 жанашыр, мейірімді
Етістік 3 ойлайды, жаны ашиды, жақсы көреді.
Түйін Ана деген асыл жан ғой әрқашан.
Синоним Шеше
«Ой толғам»
Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын, салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттаңыз.
«Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін:
-
Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
-
Оқушылардың белсенді ісі-әрекетін қолдау;
-
Оқушының пікірін күлкіге (әжуаға) айналдырмау;
-
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, анық болуын талап ету.
Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірлерді тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі.
Сын тұрғысынан ойлау оқушының қолда бар ақпартты басшылыққа ала отырып, сол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін тандап алуында. Мұғалім жұмысы – бағыт беру, қадағалау. Бұдан шығар нәтиже, оқушының ойлау қабілеті артып, белсенділігі дамиды. Ой - пікірлерін ашық, еркін айтады, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айтады немесе жақсы қасиеттерін үйренеді, сабақ – білім естерінде сақталады, сабақ барысында оқушы өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіреді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Менің негізгі өзекті мәселем – оқушыларды ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан, сабақ барысында кеңінен соңғы кезде өз тәжірибемде «Сатылай кешенді талдау» әдісін жиі пайдаланып жүрмін.
Ұлтымыздың төл технологиясы Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» әдістерін әдебиет сабақтарында қолдану арқылы әдеби шығарманың құрылысы мен мазмұнын толық менгертуге қол жеткізуге болады. Сатылай талдауды жүйелі менгерту үшін шағын өлеңдерден бастаған жөн. Оқушылар өлең құрлысын жүйелі түрде меңгереді. Шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрлерін талдаған соң әдеби теориялық ұғымдарды ажырта түсінуге ден қойылады. Алдымен топқа бөлініп тапсырма беріледі де, біраз меңгергеннен кейін әрбір оқушыға жеке тапсырмалар тапсырылады. Оқушы қалай меңгергенін бақылау сынып алдында дауыстап талдату, өзара талдату тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Шағын өлеңдерді сатылай талдауды меңгергеннен кейін көлемді өлеңдерді, прозалық шығармаларды талдату қиынға соқпайды.
Сатылай кешенді талдау технологиясын әдебиет сабақтарында пайдалану арқылы әдебиет теориясын меңгертуге қол жеткізеді. Талдау барысында оқушы өз бетінше ойланады, ізденеді, шешімін табады, ой қорытады және осымен қатар әдеби теориялық ұғымдарды талдап ажыратады, троп пен фигураның түрлерін саралай меңгереді. «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен жүйелі жұмыс жүргізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Төменде М. Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін талдап көрейік:
1.Авторы: М. Өтемісұлы
2. Тақырыбы: «Қызғыш құс»
3. Жанр түрі - өлең. Элегиялық өлең
4. Идеясы – Исатай қаза болғаннан кейінгі көтерілістің жеңілуіне байланысты өкініш.
5. Шумақ – аяқталған синтаксистік ойды білдіреді. 3 шумақты
6. Тармақ - өлеңнің әрбір жолы. 17 тармақ
7. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.2 бунақты
8. Буын саны – сөздін құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. 7-8 буынды
9. Ұйқас. Аралас ұйқас. а, б, в, б, а
10. Әдеби - теориялық ұғымдар. Зарлай арнау, қайталау, психологиялық параллелизм
«Сатылай кешенді талдау - ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту» - деп, осы технология авторы Н. Алжанбайқызы айтқандай, бұл технологиямен әдебиет сабағында жүйелі жұмыс жүргізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға әдебиет теориясын меңгертуге қосар үлесі мол.
Олай болса, оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан мектебі № 6, 2006 ж
-
Мектеп директорының орынбасары № 1, 2007 ж
-
Қазақ тілі мен әдебиеті № 3, 2007 ж
-
Қазақ тілі мен әдебиеті № 3, 2008 ж, №10 2007 ж