Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдебиет сабақтарында Махамбет шығармашылығын жаңа заманауи бағытта оқыту әдістері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әдебиет сабақтарында Махамбет шығармашылығын жаңа заманауи бағытта оқыту әдістері
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мутиева
Күләш Жаксылыққызы
2-деңгейлікте сертификатталған
Қазіргі білім саласындағы болып жатқан үздіксіз өзгерістер ұлт ұрпағының әлем ақпаратынан бас тарта алмайтындығын дәлелдеп берді. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, үздіксіз оқу, өмір бойы оқу – ұстаздардың өмірлік міндеті болмақ және жас ұрпақтың санасына да осы кредоны бойына дарытумыз қажет екендігі өзінен-өзі түсінікті
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»-деп атап көрсеткендей, заманауи ұстаз – болашаққа заман ағысымен алға озған озық тұлға.
«Ұстаздық - ұлық қызмет емес, ұлы қызмет», - деген Бауыржан Момышұлының сөзі қазіргі заманауи шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздарға артылған жүкті еселей түскені сөзсіз. Жаңаша мазмұнда толассыз білімді жетілдіру, толыстыру мақсатында мұғалімдердің үлкен еңбекқорлықпен жұмыстанып жүргені баршаға аян. Сабақтың құрылымы мен мұғалімнің шеберлігі сабақтасып жатқанда және оқушының теориядан гөрі практикада, яғни күнделікті өмірде қолдана алуына қол жеткізсе ғана, нақты сапалыбілім берілгені болып табылады.
Сонымен әдебиет сабақтарында ерлік пен елдіктің символы атанған балкөмей жырау, идеялды күрескер ақын, жалынды жыршы, күйші, батыр деп қазақ халқында қастерлеп ерекше сипатталатын Махамбеттің шығармалары қалай оқытылады -деген сауалға жауап іздесек, жалпы алғанда, орта мектеп бағдарламасында ақын шығармалары мен өмірін оқытуға 5-6-8-9-10-сыныптарда арнайысағат бөлінген. Әсіресе Махамбет шығармашылығы 9-10 сыныптарда көлемді қамтылған,мүмкіндік берілген деп айтуға болады. Енді сол өзімнің тәжірбиемде қолданып жүрген жаңа бағыттығы әдіс-тәсілдерімді ортаға салсам.
9-сыныпта қазіргі бағдарлама бойынша Махамбет шығармашылығын оқытуға 3 сағат бөлінген.сабақ нәтижелі болу үшін сабақтың мақсаты айқын құрылуы тиіс. Төмендегідей СМАРТ –қа салып,, Махамбет шығармаларына бөлінген барлық сағатқа осы мақсатты пайдалану тиімді болмақ. S-нақтылық; M-өлшемдігі; A –қолжетімдігі;R –өзектілігі;T-мерзімі шектеулі.
1.19 ғ әдебиетінің өкілі Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасайсыңдар.
2. Махамбет өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып, ондағы негізгі айтылған ой мен мақсатын сезінесіңдер.
3. Ақынның суреткерлік шеберлігіне баса назар аудара отырып, оның әдеби теориялық ұғымдарды өлеңнен тапқызу.
4.Махамбеттің ішкі толғанысын өлеңдерін талдау арқылы өз бойларыңда жүректеріңмен сезінесіңдер, ақынмен бірге пікір, ой айту белсенділіктерің артады.
5. Махамбеттің ақындық, батырлық портретін сомдау арқылы сендер өмірде ұлтжанды, шығармашыл, жалынды адамгершілігі мықты азамат болып өсуді үйренесіңдер.
Мен әуелі Махамбет туралы жан-жақты мәліметтер жинатамын.Әрине, балалар мәліметті толтырып әкеледі. Бірақ өздері оны оқымайтыны, ғаламтордан салып алатыны белгілі.Жаңағы теріп әкелген мәліметтерді сұрыптап, сабақ үстінде ресурс ретінде оқушылардың өздеріне деңгейлеп бөлу арқылы нақты топтық жұмысқа тапсырма беріп, қайта оқуға беремін.мәселен: 1-топ жылдар жылнамасын жаса, 2-топ Махамбеттің таныс болған зиялы қауымдар 3-топ Махамбет жайлы айтылған пікірлерді жинастыр т.б.тапсырмалар орындатқан жөн. Сосын Исатай Махамбет өмірінде қалай пайда болды немесе шаруалар көтерілісі неден туындады?-деген проблемалық сұрақтар арқылы оқушыны еріксіз ойландыруға бағыттап, өлеңдерін оқуға шақыра отырып,Блум токсономиясы арқылы қарапайым түсінуден күрделіге дейін талдауға, сосын жинақтауға алып келуге болады.Білу қадамында мынадай сұрақтар төңірегінде жауап іздеуге талпындырамын:«Жигсо» әдісі арқылы оқушылар жаңа ақпаратты өз беттерінше, кейін топпен бірге отырып талқылайды. Сосын әр топ бір - біріне түсіндіреді, сұрақ қояды.Жұмыс кезінде АКТ - сы бойынша Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйіне түсірілген видео ойнап тұрады
1.«Жалғыздық», «Мұнар күн» өлеңдері қандай сарында жазылған деп ойлайсыңдар? бұл екі өлеңдегі ақынның көңіл -күйі мен кейінгі өлеңдегі автордың сезімі қалай көрінген?,себебі неде деп ойлайсыңдар?.
2. «Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «Заманым менің тар болды»немесе «Қаумалаған қарындас, Қазақта бар да менде жоқ» -деп өзін жалғыз сезінеді?
3. «Мұнар күн » өлеңі мен "Жалғыздық" өлеңінің арасында байланыс бар ма?
4. «Мұнар күн», «шұбар күн», «буыршын мұзға тайған күн», алыстағы дұшпанның, «достының» қуанып көңілі тынған күн» сөздерін ақын қандай мақсатта қолданған?
5. Нақ сол Исатай қайтқан күні күннің ашық болуыақынның қарапайым халық үшін, Махамбет үшін көңілдеріндегі қайғыны суреттеу шеберлігі деп түсінесіңдер ме?
Бұл суреттеуде Махамбеттің қарапайым халықтың қайғысы мен ақынның өз жан қиналысын көрсеткен ақындық шеберлігі деп тануға бола ма?? Қалай ойлайсыңдар?
Қолдану қадамына оқушыларға «Жалғыздық », «Мұнар күн» өлеңдерін аудиотаспадан тыңдау арқылы ақынның көңіл күйіне тоқталу. Өлең жолдарындағы ақын сезіміқалй көрініс тапқандығын өз ойымен жеткізуге ұмтылдыру Ақын орнында өздерің болсаңдар қайтер едіңдер? Оыс жерде автор орындығы әдісін қолдану жақсы нәтиже береді.
Келесі жинақтау қадамында 1. «Венн»диаграммасы салыстыру «Жалғыздық», «Мұнар күн» өлеңінің жазылу сарынын «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен салыстырыңдар.
1. Элегия Романтика Махамбет өлеңдерінен табу.
2. теңеу, метафора, эпитет, егіздеу семантикалық картамен жұмыстану
3.Диалогтік оқыту. 1 «Жалғыздық» өлеңінде ақын өмір жайлы ойларын қандай тәсілмен берген?
2. Ақын өлеңдерін оқи отырып, қандай сезімде болдыңдар
3 . «Әр заманның өз Махамбеті болу керек» деген ойға қалай қарайсыңдар
Дарынды балалармен жұмыстану үшін Махамбет –реалист, Махамбет- романтик тақырыбында бөлініп ізденіс жұмысын да ұйымдастыруға болады.
Мәтіннен Исатай мен Махамбет бейнелеріндегі
ұқсастықты табу. Оқушылар қойылған сұрақтарға толық - дұрыс жауап
беруге тырысады. Венн диаграммасын толтырып ұқсастықты
тексереді.
. Шығармашылық жұмысқа «Азаттық үшін алысқан
қазақтың ардақты ұлдары» тақырыбы бойынша әр топ өз ойларын
постерді қорғау арқылы жеткізеді. Қосымша алаған мәліметтері мен
өздері білетін деректерді ұялы телефондарды пайдалану арқылы жұмыла
жұмыстанады.Осы тақырып негізінде эссе жаздыртуға да
болады.
Үйге шығармашылық тапсырма ретінде «Бүгінгі ұрпақ сендер бақыттысыңдар, Махамбет аталарыңның өмірі өкінішпен өтті. Осы бақытты, тыныш, ашық аспанда рыңды Махамбетше жырлай аласыңдар ма?» ойтолғау жазу
Махамбет жырларындағы Исатай
образы мен ақынның өз бейнесіне интеллект карта жасатуға болады..
Үйге өз бетімен ізденуге жетелеп «Исатай бейнесі», тақырыбына
шығарма не эссе жаздыруға болады. Ақынның кішіпейілдікпен « Исатай
басшы, мен қосшы» десе де Исатаймен тізе қосып күреске басшылық
еткен батыр Махамбетті оқушыларға терең таныстыру керек. Махамбет
бейнесін ашатын өлеңдерге: « Айныман », « Шегініс», «Қаршыға деген
бір құс бар», « Біз неткен ер», «Арғымаққа оқ тиді», « Мен тауда
ойнаған қарт марал», «Мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны»
жатады. Осы аталған өлеңдерді жұппен талқылатып,басқа жұптарға
стикермен сұрақ жазу арқылы жан – жақты талдау барысында батырдың
өз бейнесіне тереңірек сипаттама беруді оқушыларға тапсыру
қажет.
Тағы да оқушылардың алған білімін тексеріп, мәтінмен жұмыс жасату
нәтижесінде ақын өлеңдерін жанрлық ерекшелігіне де назар аударған
дұрыс..
1) Ақын жырларындағы эпостық тіл өрнектері
2) Дидактикалық – философиялық үлгідегі толғаулары
3) Көтеріліс жаршысы ретінде демократтық бағыттағы жауынгерлік –
азаматтық өлең үлгілері. (Өршіл романтика, элегиялық
өлең)–
Жазба жұмыстарын жүргізу. Бұл сабақта алдын – ала шығарма не эссеге лайық тақырыптар іріктеліп, ортақ жоспар құрып, оқушыларға жазба жұмыстары тапсырылады. Мысалы: « Махамбет шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы», « Махамбет жыры – керліктің туы», «Махамбеттің философиялық өршіл ойлары». Бұдан әрі оқушылар білімін бекіту мақсатында әдеби – драмалық композиция, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сайыстар (сыныптан тыс), әдеби кеш ұйымдастыру, аудиотаспадан Махамбеттің терме жырлары мен күйін тыңдату – мұғалім мен оқушының бірлескен ізденісі байланысты оздырылады. Сыныптан тыс Махамбет туралы ақын өліміне байланысты жазылған М.Шахановтың «Әке үміті» поэмасын, « Махамбеттің монологы» өлеңін оқып немесе жатқа айтуға да болады. Қорыта айтқанда ,Махамбет шығармаларын оқытудың жаңаша бағыттағы қолданатын тиімді жолдарын пайдалану арқылы өткен әрбір мақсатты сабақ ел үмітін ақтайтын, жас ұрпақтың бойында өз халқына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тудырып, Отан қорғауға деген жалынды да жігерлі ұмтылысын арттырар, патриотизмге тәрбиелер басты құрал болып табылады. Батыр бабалар аңсаған азаттыққа қол жеткен бүгінгі заманда, ғаламдану кезеңде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың,яки ,әр қазақ баласыныңбойынаной қаруы мен жырын қатар қолданған Махамбеттің ерлік қасиеті, шешендігі, екі жүзділік пен опасыздыққа қарсы тұрған айбар мен айбындылығы, табандылығы табылып жатса,онда шын мәнінде көркем әдебиеттің мақсатына жеткені.
Бір ғана идеяда – Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиеті оқулығы. – Арман-пв баспасы, 2003ж
2..Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл.
3. «Бес ғасыр жырлайды» кітабы. 2 томдық. Алматы-1989ж. І-том
4. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл