1-тапсырма Өнер – білім не үшін
керек?
«Ой қозғау» әдісі
-Балалар суретте не көріп
тұрсыздар?
-Шахмат ойынының қандай пайдасы
бар?
-Балалар екінші суретте ше?
-Үшінші суретте шомылу
(Спорттың бір түрі)
Дескриптор:
- Өнердің не үшін керек екенін
айтады.
- білімнің не үшін керек
екенін анықтайды.
2-тапсырма
«Ой толғаныс» әдісі
(Авторлар туралы өз ойын білдіру)
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – ақын, жазушы,
аудармашы. солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы «сасықкөл»
деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен өте зерек болып, 4 жасынан
хат таныған. мағжан «түркістан», «көкшетау», «Қазақ тілі»,
«Өнер-білім қайтсе табылар?», т.б. өлеңдер, «Батыр Баян» атты поэма
жазған.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920) – ақын. Қазіргі солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов
ауданында дүниеге келген. Қысқа ғұмырында ақын қазақ әдебиетінің
алтын қорына бағалы мұра қалдырды. «Оқу», «Айт», «Оқып жүрген
жастарға», «Бір адамға», т.б. өлеңдері
бар.
Дескриптор:
-Авторлар туралы өз ойын
білдіреді
-Сұрақтарға жауап береді
3 –
тапсырма
«Аялдама» әдісі
Түсініп оқу
М.Жұмабаевтың «Қарағым»
өлеңі,
Дескриптор:
-өлеңді түсініп оқиды.
-өлең бойынша өз ойын айтады.
-ақын балаларды неден сақтандырғаны туралы
айтады.
1.
Ақын балаларды неден сақтандырады?
2. Ақынның «тоқтамай істей
білсең батып терге» дегенін қалай
түсінесің
Дескриптор:
Оқушылар ақындардың өлеңдерін
түсініп тізбектей, зерделеп оқуды іске
асырады.
Өз
түсінгендерін айта алады
Сұрақтарға жауап береді
«Аялдама» әдісі
Түсініп оқу
С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
өлеңін түсініп оқу
Өлеңдегі қараңғылық деген – не?
Өлеңдегі кейіпкерді ата.
Өлең неліктен «Шәкірт ойы» деп
аталған?
Дескриптор:
Оқушылар ақындардың өлеңдерін
түсініп тізбектей, зерделеп оқуды іске
асырады.
Өз
түсінгендерін айта алады
Сұрақтарға жауап береді
4-тапсырма
«Білгенге маржан
» әдісі
Жаңа сөздермен таныстыру
Сөздікпен жұмыс:
Қарманған қарап қалмас – бұл жерде: «оқысаң,
өнерлі, білімді боласың» деген мағынада
Кемеңгер – данышпан, ақылды
Шәкірт – білім алушы, оқушы
Надандық – бұл жерде:
білімсіздік
5-тапсырма
Топтық жұмыс
-«Босқа жүру» дегенді қалай
түсінесіңдер?
1-топ Қимыл-қозғалыс,ым-ишарамен сахналап
бейнелейді.
2-топ Эссе түрінде
жазады.
3-топ Себептерін топтастыру сызбасы түрінде
ұсынып,түсіндіреді
4-топ Өлеңнің әр бөлігіне ат
қойып,жоспар құрып салыстыу
Талқылауға арналған
сұрақтар:
Босқа жүру дегенді қалай
түсінесің?
Өнер – білім не үшін керек?
Білімнің арқасында қандай нәтижеге жетеміз деп
ойлайсың?
6-тапсырма: Ж ж «Түйінді
ойы» әдісі
Өлеңдерден қандай ортақ ой
түйдіңдер?
Дескриптор:
-өлеңдерден қандай ортақ ой түйгенін
айтады.
|