Материалдар / ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
- әдебиеттік оқу сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1648
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК




Педагогика, психология және

жеке пәндер әдістемесі кафедрасы





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Мамандық атауы: 0101000«Мектепке дейінгі білім беру»

Пәні: Қазақ тілі оқыту әдістемесі



Орындаған: Бекболат Г.

Ғылыми жетекшісі: Мұқышева Қ.С.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________


Кафедра меңгерушісі ________________ п.ғ.м. Б.Батанасова

Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.














Көкшетау – 2016





МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ……………………………….........………………………………….....3


І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі.................................................................................................................6
1.2 Әдебиеттік оқу сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі...............................................................................................................14


ҚОРЫТЫНДЫ…………………………....………..………....…………...........24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................…………………………....…………....25


































Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі


Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты: жан-жақты дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңдесу, ал оған жетудің басты жолдарының бірі- әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Осыған орай Қазақтан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту көзделеді. Жалпы білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін яғни, жан-жақты озат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаналықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынасқа ену қажеттігі туындайды. Оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі- бастауыш саты. Сондықтан, бастауыш мектеп- оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғащқы баспалдағы. Жоғарыда аталған міндеттерге байланысты бастауыш мектептің де оқыту мен тәрбие беру процесінде ізденістер артты. Бұл оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістерден байқалады. Онда қазіргі білім беру бейімдейтін жаңа оқыту әдістері кеңінен қолданыс табуда. Бұл оқыту әдістер жалпы білім берудің стандартына сай әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту шарттарын бағытқа ұстайды.

Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сондай оқыту әдістерінің бірі- интерактивті оқыту әдістері. Интерактив сөзі ағылшынның «inter» өзара «act» әрекет ету-деген сөзінен шыққан. Интерактивті оқытудың басты мақсаты- білім алушылардың өз бетінше ой қорытып жауап таба білуге үйрету.

Ұстаздар өз тәжірбиелерінде оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдаланады: пассивті, активті және интерактивті. Пассивті әдістерді пайдаланғанда, басты орында мұғалім болады. Мұнда монологті қарым-қатынас орнайды. Мұғалім алдын ала құрылған жоспар бойынша керекті ақпаратпен таныстырып, тапсырманы бөліп береді. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтастыққа болмайды. Оқушылар оқу әрекетінің обьектісі ғана болады.

Оқытудың активті әдістерін пайдаланғанда, мәселені диалогтік қарым-қатынас орнатып талқылау әдісі жүзеге асады, бірақ, басты рөлде мұғалім қала береді.

Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан, қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс өндіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру қажет. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда ұстаздар оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдаланады. Интерактивті оқыту- таным белсенділігін ұйымдастырудың арнайы түрі, онда барлық оқушы таным процесіне тартылып өздері білетін және ойлағанын түсінуге және толғануға мүмкіндік алады. Интерактивті оқытуда сабақ өткізу кезеңінде мұғалім кеңесші серіктес рөлін атқарады.

Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К. Платонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді: есту арқылы- он, көру арқылы – отыз, қарапайым әрекет ету арқылы – тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді. Интерактивті әдіс кезінде:

-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым- қатынас орнайды;

-ондай қарым- қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі, интерактивті әдістеме өзара қарым- қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірбиелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте оқушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:

1) мұғаліммен ( сұраққа жауап берген кезде);

2) өзге балалармен ( қосақталып жұмыс істеген кезде);

3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4 ) белгілі бер топпен, аудиториямен ( сауалнама алғанда);

5) кейбір техника түрлерімен ( компьютермен интернетке шыққанда, т.б.).

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірбие жинақтай білуі керек. Тәжірбие интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.

Бастауыш сынып қолдануға тиімді интерактивті оқыту тәсілдері:

  • Ой қозғау;

  • Кластерлер; ойлан; жұптас, пікірлес; Т-кестесі;

  • Оңай және қиын сұрақтар кестесі; болжау;

  • Білемін, білгім келеді;

  • Белгі қойып оқу; Жигсо; үш қадамды сұхбат; Венн көрсетуі; Пікірталас; рөлдік ойындар; топтық зерттеу; үлкен шеңбер; қос шеңбер, аквариум; эссе, галереяны шарлау.

Аталған тәсілдерді бастауыш сыныпта пайдаланудың оқушылар үшін тиімділігі:

  • Өзіне деген сенімділікке тәрбиелейді;

  • Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;

  • Тыңдай білуге үйретеді;

  • Сыни ойлауға дағдыланады;

  • Өз пікірінің айту құқығының бар екенін түсінеді;

  • Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;

  • Бірлесіп жұмыс жасай білуге үйретеді.

Ал бастауыш сынып ұстаздары үшін тиімділігі:

  • әр оқушының жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;

  • пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді;

  • сабақта оқушылардың белсенділігін көтеруге ықпал етеді;

  • оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеуге көмектеседі;

  • уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;

  • оқушыларды шығармашылыққа ізденіске тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

  • тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

  • тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

  • оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

  • педагогикалық қолдау көрсету.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы- өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал, екіншісі – оқушының өзіндігінен оқып, ой өрісін тереңдетуге баулу ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан, мұғалімінің ең басты міндеті – рухани бай, жан- жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Осы аталған өлшемлерді жүзеге асыруда бастауыш сыныпта оқытудың интерактивті әдістерін тиімді пайдаланудың маңызы зор.


Зерттеу жұмысының мақсаты.

  • әдебиеттік оқу сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • интерактивті әдістер туралы ақпарат беру;

  • бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін анықтау;

  • әдебиеттік оқу сабақтарындағы интерактивті әдістердің түрлерімен танысу.


























Қазіргі дидактикада әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық  оқыту  әдістерінің  екі түрлі  тобы бар: дәстүрлі оқыту  және  белсенді (активті) оқыту  әдістері.  Бұлар   ең алдымен, бір-бірінен алдына қоятын мақсаттарына  қарай  ажыратылады.  [1].

Интерактивті және  дәстүрлі оқыту әдістері ретінде бөлу тек шартты түрде болуы қажет. Өйткені, дәстүрлі   әдістер де  оқыту үдерісінде белсенділікті қолдануы  тиіс.  Дегенмен, дәстүрлі әдістер  ең алдымен,  білімнің белгілі бір қорын  жеткізу және практикалық іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыруға    бағытталған. Бұлар білім алушыларға  үлгі ретінде  дайын шешімдерді   ұсынудан  тұрады.

Дәстүрлі әдіс арқылы оқытуда  білім алушының мақсаты берілгенді жаттап алып,  тексерген кезде соны қайталап беру.  Бұл тапсырманы орындауда әрине, білім алушылар белсенді  болуы керек. Бірақ, бұл белсенділік өзінің мазмұны мен   бағытталуына қарай негізінен репродуктивті   сипатта  болады.  Сондықтан, осы жағдай дәстүрлі әдіспен  оқытуда  есте сақтауға басым рөл  беріп, шығармашылық ойлау дамуының басқарылуына жеткілікті назар   аударылмауын анықтайды.

Білім алушылардың дербес ойлауы мен  тұтқиылдан, төтенше  кәсіби тапсырмаларды маман ретінде шеше  алу  қабілетін дамытуға  бағытталған  оқыту   түрін   активті оқыту  әдістері  (латын тілінен  aktivus - әрекетшіл,  іскер)  деп атайды.   Активті оқытудың мақсаты – кәсіби тапсырмаларды шеше алуды білу, білік-дағдылар ғана емес,  сонымен қатар,  сараптау, ойлай білу, өз әрекетін бағдарлай алу іскерліктері болып табылады. Игерілетін білімдер  «тек қор үшін»  ғана емес, орындаушылық пен іс-әрекет мәдениетін  ғана үйрету емес, жағдайлар мен тапсырмалар өзгеріп  отыруына  қарай, шығармашылық  іс-әрекеттің  мәдениетіне  де үйрету ретінде алға шығады.  

Интерактивтік оқыту технологиясының негізгілеріне және кең тарағанына төмендегілер жатады:

  1. Жұптасып жұмыс жасау;

  2. Ротациялық (ауыспалы) үштік;

  3. Карусель;

  4. Шағын топтармен жұмыс;

  5. Рөлдік (іскерлік) ойын;

  6. Дискуссия;

Оқыту әдістері ретінде пікірталас (дискуссия) құбылысына психологтар ХХ ғ. 30 жылдарынан  бастап тұрақты  қызығушылық  танытты. Сонымен қатар, бұл көрнекті швейцариялық  психолог Ж. Пиаженің  еңбектерімен  байланысты болды [3].  Аталмыш ғалымның еңбектерінде құрбыларымен, үлкендермен,  кішкентай балалармен пікірталасқа түсу арқылы  бала  өзімшілдік  ойлардан  арылып,  басқалардың  да көзқарасын  қабылдай алатыны  көрсетілген.   Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогресстің талаптары  оқыту үдерісінің алдына  топтағы басқарушылық  және шығармашылық  шешімдерді  қабылдау  мәселесін зерттеу жөнінде міндет қойды. Бұл жерде әлеуметтік принциптерді (қатынастар) өзгертуге топтық  жағдаяттық  факторлар    мен талқылаулардың тигізген әсері жөніндегі  автордың ойлары маңызды рөл атқарды.

Көптеген психологиялық зерттеулерде топтық пікір алмасу  қатысушыларда   талқыланатын мәселелерді  шешудің мотивтері мен  эголық  кірігуін  жоғарылататыны көрсетілді [4 ].

Сонымен қатар, топтық пікірталас механизмдері оқыту мен диагностикалау, психотерапия,  шығармашылық және іс-әрекеттің  басқа түрлеріндегі  тұлғааралық қарым-қатынастағы  белсенділікті арттыру үшін  қолданудың  тиімділігін көрсетті.  

Дәстүрлі оқыту түріне де, интерактивті оқуда да ойын әдістері қолданылады. Ойын әдісі оқу және кәсіби іс-әрекетті  соның үлгісінде жасауға  негізделген топтық оқыту  әдістерінің түрі ретінде алға шығады.

Ойын әдісі оқытудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Әсіресе, тіл меңгертуде ойын әдісінің орны ерекше. Біз осы ойын әдістеріне сипаттама береміз.

Рөлдік ойындар оқу және кәсіби  тапсырмаларды  шешу үдерісінде  әлеуметтік рөлдердің үлгілерін жасауға негізделіп ұйымдастырылады. Рөлдік ойындар білім алушыға әлеуметтік қатынастағы тілді меңгеру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта іскерлік ойындардың алуан түрі, анықтамасы  және жіктемелері (классификациясы) бар деп айтуға болады [5;6]. Қоғамдағы әлеуметтік-өндірістік  іс-әрекет  нормаларын  және іскерлік  жағдаяттарды  оңтайлы шешу  жолдарын  іздестіру  мақсатында   маманның  кәсіби  әрекетінің   заттық және  әлеуметтік  мазмұнының үлгілерін жасау формасын іскерлік ойындар (ІО) деп атайды.  Яғни,  іскерлік  ойын  дегеніміз белгілі бір ұйымның және басқарушы  мамандардың іс-әрекетін  қайталау, сондай-ақ, басқару жүйесін  ойын түрінде  үлгілендіру.

Іскерлік ойын сценариінде  нысанның  сипаттамасы, жүргізу тәртібі, қатысушылар  құрамы, іс-әрекеттің үлгісі бойынша   жасалынатын   лауазымдар көрсетіледі.   Сонымен қатар, қатысушылардың тізімі,  олардың рөлдері,  бастапқы ақпарат, ақпаратты өңдеуге және тиісті  шешім қабылдауға  дайындық жасауға қажетті  анықтамалық  материалдар  мен кестелер  ұсынылады.  Ұсыналатын материалда ойын ережелері мен әдістемелік  нұсқаулар  және  қорытынды шығаруы  сипатталады.

Оқытудың дискуссиялық (пікірталастық) әдістері  ұйымдасқан коммуникацияға  негізделген  оқу-кәсіби  тапсырмаларды  шешу барысындағы  топтық оқыту. Топтық пікірталас - оның мақсатын  жылдам әрі  жемісті шешу үшін   бірлескен  коммуникацияны  ұйымдастыру әдісі болып табылады [7].

Оқыту әдістерінің ішінде дөңгелек үстел  топтық пікірталастың  бір түрі,  әрі оқыту әдісінің  тиімді тәсілдерінің  бірі ретінде алға шығады.  Әдетте, дөңгелек үстелге  маңызы  жоғары тақырыптық   мәселелер ұсынылып, бұл мәселе   бойынша жетекші  мамандар қатыстырылады [8].

«Миға шабуыл» - инновациялық  ойындардың  бастапқы және   дискуссиялық  әдістердің  бір түрі болып табылады. Бұл әдіс ізденістерді сынға алмайтынымен,  іздену барысында туындаған бар жорамаларды жинаумен, оларды практикадағы қиындықтарды жою үшін болашақта қолдануға болатындығын    талдаумен  сипатталады [9].

Интеллекттік бой  сергіту жедел  сұрақ-жауап сипатында өткізіледі. Оқытушы білім алушыларға сұрақ қояды, олар оған қысқаша жауап беруі қажет.  Егер біреуі сұраққа жауап беруге қиналатын болса, оқытушы басқаларынан сұрайды.  Осылайша 10-15 минут ішінде білім алушылардың «бастапқы түсініктер, категориялар,  ұстанымдар, негізгі  теориялық  ойлар туралы»  түсініктері тексеріліп, әрі қарайғы  белсенді танымдық іс-әрекетке дайындық  жүргізіледі.

Шын мәнісінде қақтығыс әдісі  мен нақты жағдаяттарды талдау  әдістері кейс  әдісінің  (ағылшынша «кейс» - жағдай, оқиға)   басқаша  атаулары  болып табылады.           Қақтығыс әдісі – шынайы тәжірибеден  алынған оқиғаларды  талқылауға  негізделген  дискуссиялық оқыту әдістерінің  бір түрі ретінде алға шығады [10].

         Кейс, яғни нақты жағдаяттарды талдау әдісі – индивидтің  қарастырылып отырған құбылысқа тән  күнделікті және кәсіби  тәжірибесіндегі  оқиғаны  сипаттауына  негізделген  дискуссиялық  оқыту әдістерінің  бір түрі болып табылады. Бұл  әлеуметтік-психологиялық оқытуда оқу үлгісі  арқылы  пайдаланылатын  дәл осындай   оқиғаның  ғылыми  негізделген  сипаты.

  Топта туындаған  жағдаяттардың  барлығында және  кез-келген  тақырыптық  және мәселелік  аймақтарда   қолдануға  болатындығы  интерактивті  ойындардың артықшылығы болып табылады.  Интерактивті ойындар арқылы  кез-келген дара және кәсіби  мінез-құлық  тәсілдерін, атап айтар болсақ, коммуниникативтік дағдыларды, байқампаздықты, өзінің және басқаның сезімдерін саралай алу  қабілеттерін, сонымен бірге,  шығармашылық қабілеттер мен қиялды жақсартып,  дамытуға болады.  Интерактивті ойындар топты жетелеу, шешім қабылдау  үдерісінде, рөлдік мінез-құлықты, шиеленісті шешуде, ынтымақтастыққа, биліктік-мәртебелік қатынастарға және т.б.  оқыту үшін қолданылады. 

Оқыту үдерісінде қолданылатын ойындар тұлғаішілік немесе тұлғааралық мәселелердің алуан түрлерінің ішінен маңызды бөлшектерін  бөліп алып, жасанды тудырылған қандай да  бір іс-әрекет кестесі арқылы көрсетуге жәрдемдеседі. Мұның негізінде қатысушылардың  интеллектілік  және эмоциялық  күш-қуаты белгілі бір бағытта жинақталады. Интерактивті ойындардың қарапайым әлемі  қатысушыларға  өтіп жатқан  оқиғаның құрылымы  мен себеп-салдарының өзара  байланысын  шынайы өмірге  қарағанда  жақсырақ  тануға, оны түсінуге мүмкіндік  береді. Осылайша, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін  неғұрлым тиімдірек және тәуекелі аз жолмен үйренуге және өз идеяларын тәжірибеде  қолданып көруге жағдай туады.

         Қай сипатта болсын «ойын» ұғымының маңызы жоғары. Себебі,  интерактивті ойындар  қатысушылардың  қызығушылығын және тәуекелге  дайындығын  оятады. Сонымен қатар, барлық ойынға тән сынақ жағдайын  туындата отырып, жаңалық ашу қуанышын сыйлайды.

         Интерактивті оқыту әдістері– бұл  ұжымдық, өзіндік толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Интерактивті оқыту ең алдымен білім алушы мен оқытушы қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту ретінде алға шығады. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерді тұжырымдайтын болсақ, интерактивті оқыту дегеніміз танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы болып табылады [11]. Интерактивті оқыту толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқытудың бірден бір түрі. Осындай мақсаттардың бірі білім алушы өзінің жетістіктерін, интеллекттік белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігі арттырып және қарқындылығын қамтамасыз ететін оқытудың жинақы шарттарын жасау екені сөзсіз.

Оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін бірнеше арнада түсіндіруге болады.

Біріншіден, бүгінгі күнгі ерекшеліктердің, тіпті проблемалардың бірі ақпараттың «ақылға сыймайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық»мөлшерде дамуы . Сондықтан,  оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында тұлғалық дамуды оқытудың негізі ретінде  қарастырады. Сонымен қатар, айтылып отырған ұстаным білім игеру үдерісіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлық-коммуникативтікке өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінетін болсақ, бүгінде бізге бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгерту қажеттілігі туындайды. 

Дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын  игерумен шектейді. Ал, инновациялық көзқарас оқытудың негізін тек пәндер емес,  ойлау мен рефлексияға негізделген интерактивті әдістер құрауы керек деп түсінеді [12]. Интерактивті әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Оқытуда авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастыру маңызды болып табылады. Бұл дегеніміз оқытуда интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату, жағымды психологиялық орта құрастыру, солар арқылы үйренушілер өз біліміне деген жауапкершілікті нығайта алады.

Екіншіден, интерактивті оқыту бірінші мезетте білім игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Зерттеу жұмысымызда біз мүмкіндігінше интерактивті әдістерге анықтамалар беріп өттік. Дегенмен, тағы айта кететін жайт «интерактивті» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру болып табылады.

Интерактивті оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйымдастыруды қамтамасыз етеді: барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау; әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы  түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау [13].

Жалпы алғанда интерактивті оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмаса отырып, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын  анықтайды. Бұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау  атмосферасында өтіп, тек ғана жаңа білім игеруге жағдай жасап қоймайды. Сонымен қатар таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

Үшіншіден, интерактивті оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді. Осы орайда, диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен қиындықтарды бірлесе шешуге алып келеді. Интерактивті оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшелеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі және басқа адамдарды танудың бірден бір құралы болып табылады. Олар тұлғаның дүниетанымын қалыптастырып, оның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Қорытындылай келе, интерактивті әдістердің оқыту үдерісіндегі тиімділігі  оның түрлендіре отырып пайдаланумен байланысты болып келеді. Тіл меңгерту практикалық сабақтарда бекітілетіні белгілі. Сондықтан интерактивтік, яғни рөлдік және іскерлік ойындар тіл меңгертудің сапасын артырары сөзсіз.




ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР – ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныс тыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы: білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көретуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.

- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.

- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.

- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.

-Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.

- Ойлауды белсендіреді.

- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.

-Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.

Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатныс құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек.

Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың процесіне сай болуы керек.

Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдыры, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.

Интерактивті әдістерге жататындар:

- проблемалық шығарма әдістері;

- пікірталастар;

- топпен жұмыс;

-миға шабуыл әдісі;

- инсерт әдісі;

- викториналар;

-шағын зерттеулер;

-іскерлік ойындар;

- сауалнамалар жүргізу әдісі;

- кейс-стадий әдісі;

- презентациялар; т.б.

Жалпы шет тілі сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары, мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс-белгілері болып табылады.

Ақпаратты беру мұғалім мен оқушының қарым-қатыныстық ұстанымына негізделген. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар:

- оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;

- оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;

- оқушыларға өздерін-өдеріне немесе өзара бағалату;

-іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

«Жағада тұрып жүзуге үйренуге болмайтыны сияқты» дайын білімді қабылдап алу арқылы қаждетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы керек.

Құнды әдістің бірі – кейс-стадий әдісі . Бұл әдістің негізгісі болып жағдай ұғымы анықталады, яғни жағдайларды таңдау барысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.

«Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатсушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетін түсінулері керек.

«Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу. Үйрене білу – қажетті дағды, ол барлық дамыған және дамушы елдердегі азаматтар үшін қажет.

Интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушы бойында шешендік өнер жетілдіреді.

1. Оқушының өзіне деген сенімі туады.

2. Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

3. Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады.

Интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасы артады.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік жасалады.

4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығуларын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Интерактивті әдіс бойынша сабақ барысында оқушылар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиісті болады, бірақ бұдан оқытушының рөлі бәсеңдейді деп санауға болмайды. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдісоқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Сабақ кезінде оқытушының көбінесе тыңдаушы рөлін атқаруы оның процестен шет қалуы болып саналмайды. Сабақтың жоспары оқушылар өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін көрсетеді, яғни, оқытушы оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады.

Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту тәсілдері мен әдістерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады...






Тақырыбы: Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
б) Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану.
в) Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
г) Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
д) Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.
Қорытынды

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін - бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақта болып табылады.

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.

Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді.
Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивті тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивті тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.
Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.
Интерактивті тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.
Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын - ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.
Интерактивті тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т. б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай - ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

Интерактивті тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивті тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта - ықыласының, дағды мен ой - өріс, білім - біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану
Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Интерактивті тақта – дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
















Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы. 8- бап.

  2. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М., Базарбеков Р.Ж. Интербелсенді әдістеме.- А.,2010.

  3. Интерактивті әдісті тиімді пайдаланудың жолдары./ «Қазақстан мектебі» , 2011.

4. Асанов Н. Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері. П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.-Алматы, 2004.- Б.56-58.

5.Пралиев С.Ж. Профессионально-педагогическая адаптация молодых

специалистов в системе вуз – средняя общеобразовательная школа: теория и практика. – Алматы:  Рауан.- 2001. –С.250.

  1. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. — М., 1994.-С.54.

7.Ангеловски К. Учителя и инновации: Кн. для учителя:Пер. с макед. – М.: Просвещение, 1991. – С. 37-38.

8.     Инновационное обучение: стратегия и практика /под ред. В.Я.Ляудис. –М.- 1994. – С.140.

9.     Юсуфбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики.Опыт, разработки теории инновационных процессов в образовании. – М.- 1991.- С.92.

10.Ковалева Т.М. Инновационная школа: аксиомы и гипотезы. – М.: Издательский дом Российской академии образования-2003.-С. 65.

11.     Кулюткин Ю.Н., Сухобской Г.С. Моделирование педагогических ситуаций:проблемы повышения качества и эфективности обшепедагогической подготовки учителя.- М.: Педагогика-1981-С.120

12.     Абдыманапов С.А. Теория и практика совершенствования университетского образования. Дис. д.п.н. Караганда.- 1999. - С. 336.









Курстық жұмыс бойынша жетекшінің пікірі

1.

________________________ _______________________(студенттің аты-жөні) (жетекшінің аты-жөні)



2. _____________________ ________________________(тобы, бөлімі) (қорғалған күні, айы, жылы)





3. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша шығармашылық ізденісі, ғылыми сараптауы, әдебиеттермен жұмыс істеу жүйесі, өз ой-пікірін, көзқарасын жеткізе білу қабілеттілігі туралы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4. Тақырыптың жаңашылдығы, проблемалық мәселелерді ашудағы студенттің зеректігі, бейімділігі

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





5. Курстық жұмыс тақырыбындағы өзекті және негізгі түйінді ашудағы студенттің қабілеті

туралы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





6. Жетекшінің студент еңбегін бағалаудағы ұсынысы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





7. Комиссияның шешімі:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!