Материалдар / Әдептілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдептілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік – ізеттілік әлемі. Абай аталарың адам болу үшін Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек... Ақыл керек, ес керек, мінез керек...деген керек екен. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым- қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2018
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдепті бала - арлы бала


Мақсаты: оқушылар берілген мәтіннің мазмұнын тапсырмалар арқылы әдептілік туралы ойланады.

Міндеті: балалар мәтінді түсініп оқуға үйренеді. Ұсынылған мәтін бойынша тапсырмалар орындау арқылы өз ойын айтуға, салыстыруға үйренеді. Оқушылар әдептіліктің биік шыңы сәлемдесу екенін, сәлем түрлерін, оның қажеттілігін түсінеді.

Барысы.

І. Қызығушылықты ояту.

1. оқушылармен сәлемдесу. Жылы психологиялық жағдай туғызу.

Кіріспе.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтеді. Әдептілік – ізеттілік әлемі. Абай аталарың адам болу үшін

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харекет қылмақ, жүгірмек.

Ақылмен ойлап сөйлемек...

Ақыл керек, ес керек, мінез керек...деген керек екен.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым- қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөлгендігі барлығымызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен күнделікті кезіктіреміз. Қазақ халқы дархан қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, ағайын-туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадыр тұтып уәдеде тұру ежелден тәрбиеленген. Жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнамды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды әдепті бала қандай болады екен, содан бастасақ.

2. Ассоциациялық картаны толтыру.

DrawObject1













Тәрбие тамыры халық қазынасында ғой. Енді ата-әжелердің өсиет-сөздеріне назар аударсақ.

Ата мен әженің жаман әдетке тыйым сөздері айтылады. (қысқа көрініс).

Балалар, әженің соңғы сөзі «Әдепті боп өс, балам!» деп аяқталады.

3. Мәтіндерге назар аудару

әдептілік – Қарапайымдылық – Табиғилық үшеуі бір-бірінен ажырамас екен. Олай болса алдарыңа ұсынылған мәтіндерге назар аударсақ.

ІІ. Мағынаны ажырату

  1. Екі жақты оқыту. Үш топқа мәтіндерді тарату.

І топ: Әдептілік

ІІ топ: Қарапайымдылық

ІІІ топ: Табиғилық

Оқушы мұғалімнің орнында, мұғалім оқушының орнында болады.

Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Міне, балалар, әдепті адам өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстап, қай кезде болмасын табиғи қарапайымдылығымен ерекшеленуі керек екен. Осы әдепті адамға керекті қарапайымдылық, табиғилық, әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал-мәтелдерінде күнделікті кездегі екен.

  1. «Ортада қалам» стратегиясын қолдану.

Әр топ оқушыларынан мақал-мәтелдерді толықтыруды сұрау.

І топқа.

1.Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

  1. Аға әдепті болса,

Іні де әдепті.

Ана әдепті болса,

Сіңлі де әдепті.

  1. «Сіз» деген - әдеп,

«Біз» деген – көмек.

ІІ. Топқа.

  1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп.

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

  1. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,

Балаң жаман болса жердің асты жақсы.

  1. Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

ІІІ топқа.

  1. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

  1. Есер ұлдан, есті қыз артық.

  2. Әдептінің белгісі – иіліп сәлем бергені.


Балалар, «Әдептінің белгісі – иіліп сәлем бергені» деп өздерің айттыңдар. Міне, сәлем берудің өзі әдептіліктің биік шыңы екен. (Алдын ала берілген шығармашылық тапсырманы таңдау)

«Сәлемдесе білу» өлеңі оқылады.

Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесін ұсыну.

3. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.


Маңызды фраза

Несімен маңызды?









Топта жұмыс, жұптасып ақылдасу. Ортада ой бөлісу.

әр топтан 1-2 оқушыдан сұрау.

Жақсы, енді алдарыңа таратылған дискуссиялық картаны толтырсақ.

Сұрақтар

Иа

Жоқ

Белгісіз

  1. Өзің ренжісіп қалған досыңның сәлемін алудың қажеті бар ма?

  2. ол менен кіші, өзі бірінші амандассын, дұрыс па?





Ойларын айтады. Пікірталас тууы мүмкін.

ІІІ. Ой толғаныс.

«Түймедақ» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. әдеп дегеніміз не?

  2. неліктен «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» дейді.

  3. әдептілік - әдеміліктің белгісі деп неге айтады?

  4. әдептілер болмаса қоғамда не болар еді?

  5. әдептілікті адамгершілікпен салыстыршы. Ұқсастық бар ма?

  6. әдепті болу керек пе? Неліктен?

Оқушылар топта ақылдасып жауабын табады. әр оқушы жауап беріп гүлді құрайды.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!