Әдептілік-адамгершілік әдістемесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептілік-адамгершілік әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдептілік – адамгершілік әліппесі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер.

а) «Жаман жолдас»;

ә) «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық»;

б) «Автобус ішіндегі бала», «Еңбек түрлері туралы суреттер» т.б.

2. Өсиет – мақалдар.

а) Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

ә) Жаманға айтқан ақылың.

Далаға атқан оқпен тең.

б) Татулық табылмас байлық.

в) Жақсы адам елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы.

Әдептілік ар-ұят,

Тұрпайы мінез, тағы жат.

3. Құпия хаттармен жұмыс.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Әдептілік, адамгершілік туралы. Әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою:

- Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

- Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

- Әдепті бала болғың келе ме?

- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?

- Әдептілікті бізге кім үйретеді? (Балалар жауап береді).

Сонда адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдылықты, қарапайым-кішңпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата – аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қаңдай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. (Оқушылар кезекпен айтады).

І. Ақыл әліппесі.

1. Ата – ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің.


Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре сарсаң әлегің.


Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан.


Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.


Ұрыншақ бала жаныңда

Ұрыс пен керіс айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың.


Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

(Е.Ерботин).

2. Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

(К.Байзақов)

3. Кішіпейілділік.

Су құйдым да құманмен,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен

Орамалды әпердім.

(Ж.Кәрбозин)

4. Үлгілі бала.

Бақшаны суарып,

Келді су алып,

Самаур қайнатып,

Үйде де, түзде де.

Қылығы өнеге

Ұстазы бізге де

Ұнайды ол неге?

(Т.Елеусізұлы)

5. Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де

Үлкен болған кезінде.

(С.Мәуленов)

6. Әдептілік әлемі.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ –табақты.

Пышақты ұста оң қолмен.

Шанышқыны ұста сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле

Қабығымен бірін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.


Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлып түймені.

Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылқима,

Болмашыға бұртима.


Іштарлыққа жол берме,

Бақталастың білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр, қаңғырма.


Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

(Е.Өтетілеуов)

ІІІ. Сұрақ – жауаптар.

1.Суреттер бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.

2. «Жалғастыр» ойыны. «Не істеуге болмайды». Осы сөз үлкен етіп жазылып, көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

ә) Кішкене баланы – жылатуға болмайды.

б) Құстарды – атуға болмайды.

в) Қыз баланы – ренжітуге болмайды.

г) Сыныпта – айғайлауға болмайды;

т.с. сияқтыларды жалғастырып айтады.

«Не істеу керек» жазылып көрсетіледі. Бұл да сол сияқты жүргізіледі.

а) Үлкен кісіні – сыйлау керек.

ә) Үлкеннің – тілін алу керек.

б) Үлкендерге – сәлем беру керек.

в) Кішілерге – қамқорлау керек.

г) Аналарды, апаларды – сыйлау керек.

ғ) Оқу құралдарын – күтіп ұстау керек.

Сол сияқтылар айтылады.

3. Адамгершілік, сыпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

- қонақ келгенде бала не істеу керек?

- қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?

- мектепте, сынып ішінде қалай жүруі керек?

- автобусқа мінгенде не істеу керек?

- телефонмен сойлескенде ше?

- асханада, клубта, көшеде өзін қалай ұстауы керек?

Жауаптар айтылады.

4. «Құпия хаттарға» жауаптар беру. Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.

Хаттардың текстісі мынандай:

1 –хат.

Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе-көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойынағасы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайынба?

2 – хат.

Құрметті достар.

Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

3 – хат.

Құрметті достар!

Партада менімен бірге бала отырады. Ойнап – ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағандақысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

ІV. 1. «Тиым сөздерден» айтыс.

2. «Сылтаушыл», «Екі жалқау», «Ұмытшақ», «Ұрлықшы» әңгімелерінен қысқа көріністер беру.

3. «Телефонмен сөйлесу» ойынын ойнау.

4. Концерт қою.

5. Қорытындылау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі