әдіс-тәсілдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер нышаны
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шынығу» әдісі

Белгілі қозғалыстарды орындау арқылы рефлексиялық баға беруді ұсынамыз. Келесі қозғалыстар ұсынылуы мүмкін:

- Жүресінен отыру – өте төмен баға, келеңсіз көзқарас;

- Аяғын тізесіне біршама бүгіп отыру, - жоғары емес баға, немқұрайлы көзқарас;

- Әдеттегі тұрған бағыты, жым болып тұру – қанағаттанарлық баға, қалыпты көзқарас;

- Қолын шынтағымен көтеру – жақсы баға, оң көзқарас;

- Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру – өте жоғары баға, масаттанған көзқарас.











«Алғыс білдіремін» әдісі

Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға ынтымақтастық үшін рахмет айтқысы келетін балалардың бірін таңдауды және осы ынтымақтастық нақты неден байқалғанын түсіндіруді сұрайды. Таңдалатындар санынан мұғалімді алып тастау керек. Педагогтің алғыс айту сөзі соңғы болады. Бұл ретте ол қошеметтің ең төмен мөлшері тиген оқушыларды таңдап, оқиғаның осы қатысушысына да ризашылық сөздерін табуға тырысады.



Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз:

  • Жарайсың!

  • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.

  • Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.







«Қосу-алу-қызықты» әдісі

Осы жаттығуды уақыттың болуына байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Қ» бағанына – «қосу» - сабақта ұнағанның барлығы жазылады, жағымды эмоция тудырған немесе оқушының пікірі бойынша оған қандай да бір мақсатқа жету үшін пайдалы болған ақпарат және жұмыс нысандары. «А» бағанына – «алу» – сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырғыш көрінген, жақтырмаған, түсініксіз болған немесе оқушының пікірі бойынша оған қажетсіз, пайдасыз болып көрінген ақпарат жазылады. «Қыз» бағанына – «қызықты» – оқушылар сабақта солар туралы білген барлық қызықты фактілерді, осы проблема бойынша тағы нені білгісі келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарын жазады.

Қосу

Алу

Қызықты














































































Shape1









«SMS»

Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға

сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай

жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне

қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады





«Менің есімімнің тарихы» әдісіА.Ж.Егізбаев бойынша

Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.

Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның





туылған кезде есімін қоюға үлкен мән

беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.

1 күн бұрын өзінің есімінің тарихы, кім және қашан қандай жағадайда қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі.Сабақта жеке-жеке сұралады. Сонда әрбір оқушы өзінің есімінің тарихы туралы айтып береді

«Қар кесегі»

Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.

Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.

Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.





«Заряд алу» (сергіту сәті )А.Ж.Егізбаев бойынша

Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.

Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі