Материалдар / Әдістемелік құрал: Мұғалім мен оқушы шығармашылығын дамытуда инновациялық әдістерді пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік құрал: Мұғалім мен оқушы шығармашылығын дамытуда инновациялық әдістерді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал: оқушының қабілетін сабақтан тыс уақытта шығармашылығын дамытуда мұғалімнің ізденісін арттыруға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
285
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазығұрт аудандық оқу-әдістемелік кәбинеті
К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектеп
Қ.О.Жүзбаев

Мұғалім мен оқушы шығармашылығын
дамытуда инновациялық әдістерді
пайдалану













Page 2

2































Page 3

3



Қ.О.Жүзбаев







Мұғалім мен оқушы шығармашылығын
дамытуда инновациялық әдістерді
пайдалану
Әдістемелік құрал













Қазығұрт 2019 жыл


Page 4

4







Мұғалім мен оқушы шығармашылығын дамытуда
инновациялық әдістерді пайдалану / Түркістан облысы, Қазығұрт
ауданы, К.Әзірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
ұйымдастырушы педагогы және физика пәнінің мұғалімі
Қ.О.Жүзбаев. Әдістемелік құрал. -32 бет



















Page 5

5


Мазмұны:
1. Алғы сөз 6
2. Кіріспе 7
3. Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі 8
4. «Жүлде кімге бұйырады?» ойыны 13
5. «Ғажайыптар алаңы» ойыны 20
6. Қорытынды 29
7. Пайдаланылған әдебиеттер 31





















Page 6

6

Алғы сөз
Қазіргі жаһандану кезеңінде әлемдік экономиканың жаңа сапалық
деңгейге көтерілуі Қазақстанның да озық елдер қатарынан орын алуын қажет
етеді. Бұл қажетілікке жетудің стратегиялық мақсаты адамзат жинақтаған
білімді жай игеріп қою жетімсіз екенін, соған сәйкес ақпарат легінің артуы
мен оның шектеусіз өсу переспективасына ілесу өзектілігін көрсетіп отыр.
Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі
тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру
саласында қамтылуы маңызды іс шара болып табылады. Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың
жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру және сыни
тұрғыдан ойлай білуге бағыттау. Яғни, қоғамда болып жатқан түбірлі
өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен
формаларын білуі қажет.
Мен осы жоғарыда айтылған ой-пікірімнің аясында «Оқушы мен
мұғалім шығармашылығын дамытуда инновациялық әдістерді пайдалану»
атты еңбегімде жасаған еңбегім жалпы білім беру курсы бойынша
оқушылардың білімдерін тереңдетуге, қабілеттерін дамытуға пайдалы деп
санаймын.

Ұйымдастырушы педагог және физика
пәнінің мұғалімі Қ.О.Жүзбаев




Page 7

7

Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » деп, білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін
мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып
жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша түрғыда
ұйымдастыруды талап етеді.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, үлттық мәдениетін, үлттық рух
пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие
жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге
жетелейді.
Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай
жасау.«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала
қойған жоқ. Ш. Таубаева мен Қ.Құдайбергенованың берген анықтамасына
сүйенсек «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған
жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-


Page 8

8

тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген
мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат
пен нәтиже — жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі — жаңалықтарды қалыптастыру,
қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік,
сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған
жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың
еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл үғымның
түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау
деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып
жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс»,
«өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа
әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі
кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,
тарату мәселесін қарастырады.
Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті
адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық
атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана
емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап
етеді.


Page 9

9

Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде
жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып
отыр. Инновацияның мәні неде және оның қаже ттілігі қандай
себептермен түсіндіріледі?
Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс
істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға
ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы
ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан,
инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру
мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері
болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен
дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне
беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады,
мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын
қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға
шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның
дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның
(бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесу мұқтаждығынан пайда
болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге
дайындық деңгейімен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және
басқа да факторлармен анықталады. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі
жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады.
Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір
дұрыс факт екенін мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез келген білім
беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы
болып табылады.


Page 10

10

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр,
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай
кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға
және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.
Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің
нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар.
Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық
дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ,
білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары
болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез
келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика
ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті
тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты
нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және
ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес,
ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін
ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның
мүдделі екенін де айтуымыз керек.
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты
көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана
байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты
енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды.


Page 11

11

Сондықтан оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен
шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен
негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ,
қоғамдық міндеттер мен қиндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз
шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды» дейді А.Найн.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және
қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.
Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз
жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол
инновацияға қысқа мерзімді, өткінші ғана құбылыс деп қарамайды. Білім
беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз
үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап
етеді.
Білім беру жүйесі қүрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған
деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның
негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы
әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа
салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде
жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар
арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің
нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені,
инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді
тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың, сондай-ақ, «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасындағы
әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.
Педагогикалық инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар
қызметінің нақты нәтижесі болып табылады. А.Колодин мен С.Смирновтің


Page 12

12

пікірлерінше, педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап,
жүзеге асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары
мен қызметкерлері жасаған жаңалықтар.
Сонымен қатар білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің
барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмайды. Бұл
категорияға олар білім берудің қоғамдық жағдайдағы өзгерісін, оның
мәртебесінің жоғарылауы мен қаржыландырудың өсуі сияқты мысалдарды
жатқызады. Бұл бәрінен бұрын қандай да бір әлеуметтік үрдістің нәтижесі,
қоғамның саяси бағытындағы өзгеріс немесе қайта құру, яғни саяси қайта
құрулар нәтижесі.
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация
болып табылмайды, бұл — инновацияның компьютерлік техника саласына
енуі, оқу құралдарының ендірілуі.
Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық
инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару
саласындағы инновация. Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі
қызметіндегі кейбір жаңадан енгізілген нәрселерді жатқызуға болады.
Кең ауқымда инновациялық қозғалыс — қайта құру үшін қажетті
құбылыс. Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік
шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс қайта құруды жүзеге асырудың
маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып та табылады.Осы
орайда мектепте қайта құру жұмыстары қолға алынып, мектептегі
оқушыларға қолдануға ыңғайлы болуы үшін «Полечудес» шоу
бағдарламасын қайта жасап шықтық және оны «Ғажайыптар алаңы» ойыны
деп атадық. Атап айтар болсақ «Полечудес» ойынының шеңберіндегі
ұяшықтар санына сонымен қатар ұяшықтардың атауларын қазақ тіліне
аударма жасап, өзгерістер енгіздік. Атап өтетін болсақ 10 20, 30, 40, 50, 60,
70, 80, 90, 100 деген ұпайлар мен Д – достың көмегі, М – мүмкіндік, С –


Page 13

13

сыйлық, Т – теңге, Б – банкрот, 0 – кезекті өткізу деген ұяшықтар енгізілді.
Әуендері сол қалпында қалдырылды.

Бұл ойынды алғаш рет мектепте математика-информатика-физика
(МИФ) апталығы өткізіліп, сол жерде алғаш ойнатылды. Жалпы бақылау
кезінде оқушылардың ойынға деген қызығушылығы арта отырып, білімге
деген ізденушілік пайда болуына әсерін тигізді. Осы ойын барысында
құрылған сценарий барысы төмендегіше ұйымдастырылды.
«Жүлде кімге бұйырады?» ойыны
Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, сөздік қорларын молайту,
ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін
дамыту
Жүргізуші: Құрметті жиналған оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «МИФ»
апталығына арналып, жоспарланып отырған, сыныптан тыс «Жүлде кімге
бұйырады?» атты ойынымызға қош келдіңіздер!.
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер –дей отырып бүгінгі «Жүлде
кімге бұйырады?» ойынын бастаймыз.


Page 14

14


Бүгінгі – «Жүлде кімге бұйырады?» ойынына 7 - сыныптан 1 оқушы, 8-
сыныптан 3-оқушы, 9-сыныптан 1-оқушы, 10 сыныптан 2 оқушы, 11
сыныптан 2 оқушы қатысады. Бұл оқушылар апталықтың жоспарына сай
берілген тапсырмаларды өз дәрежесінде орындап, іріктеуден өткен
оқушылар.
І-айналым
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.
Қатысушыларды ортаға шақырамыз (қатысушыларды таныстырып өтеміз)
Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш
боп ұяшықтағы сөзді табатынын ойын барысында көреміз.
1-айналымның сұрағы: Толқын
 Ежелгі философтар мен ғалымдардың басым көпшілігі жарықты жарық
шығаратын дене мен адам көзін жалғастыратын әлдебір сәулелер деп
қарастырды. Сол кезде олардың кейбірі сәуле адам көзінен шығады,
олар қарастырған затты қармайды деп есептеді. Бұл көзқарасты


Page 15

15

жалғастырушылары бар болды, оның ішінде Эвклид те болды. Осы
сала бойынша заңдылықтарды да ашты. Бұл ұяшықта жасырылған сөз
Эвклидтің зерттеу саласында, механика саласында, балаға ат қойған
кезде көп қолданылады.
 Бұл ұяшықтағы сөз физикада екіге бөлініп, физикалық сипатына қарай
екі сала бойынша зерттеледі. Екіжақтылық деген сипатқа еге болды.
 Электромагниттерде фаза мен жиілік бойынша сәйкес келетін және
кеңістікте тұрақты жылдамдықпен тарайтын теңайнымалы, өзара
перпендикуляр электрлік пен магнит өрістерідің жиынтығы болып
табылады.
 І.Жансүгіровтың «Еңіреді Құрманғазы Еділдей боп, Теңіздің ......
шашқан селіндей боп» деген өлең жолында айтылған.

ІІ-айналым
Сонау –сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлар ғарышқа,
Ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика –ғылым бұл
Жасау үшін бәрін де


Page 16

16

Физика –ғылым бұл
Сондықтан да сондықтан
Сол ғылымның тілін біл- дей отырып, ойынымыздың келесі айналымын
бастаймыз. Ортаға келесі қатысушыларды шақырамыз (қатысушыларды
таныстырып өтеміз)
ІІ-айналымның сұрағы: Симметрия
 Бұл сөз-геометриялық термин.
 Бұл сөзге қатысты айналадан көптеп мысал келтіруге болады
 Бұл грек тілінен алынған, қазақша «өлшемдес» деген мағына береді
 Айнаға қарағанда осы терминге қатысты құбылыс орындалады
 Бұл терминнің геометрияда екі түрі қарастырылады.
 Көбелек пен ою-өрнектерге қарағанда бұл термин еріксіз есіңе түседі
 Геометрияда оның түзуге қатысты, нүктеге қатысты деген екі түрі
қарастырылады.

ІІІ-айналым
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой,білімді


Page 17

17

Сүйем тұған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді-деп Әдібай Табылдиев ағамыз айтқанадай,
қатысушыларымыздың білімдерін одан ары ойын барысында сынап көрейік.
Келесі қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. (қатысушыларды
таныстырып өтеміз)
ІІІ-айналымның сұрағы: Билл Гейтс
 Бұл үлкен тұлғаның аты жөні
 Оның негізгі мамандығы программалаушы
 Бұл кісі әлемге әйгілі үлкен корпорацияның қожайыны
 Қазақша мағынасы «терезелер» деп аталатын операциялық жүйенің
авторы болып табылады
 Оның компаниясының аты – Майкрософт
 Ол әлемдегі ең бай адам

ІV-айналым
Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз айтқандай
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,тоқы көнілге.
Сөз мәнісін білмесең,


Page 18

18

Өлең оқып не керек?
Не айтқанын сезбесең,
Жарапазан не беред?- дегендей келесі айналымымыз жартылай финал. Олай
болса жартылай финалға жолдама алған қатысушыларымызды қошеметтеп
қарсы алайық.
Жартылай финалдың сұрағы: Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков
 Бұл ғұлама ғалым 1911-1989 жылдар аралығында өмір сұрген.
 Математика тарихы мен оның (пән ретінде) негізін қалаушылардың
бірі.
 Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик.
 Ол Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
 Ғалымның ғылыми ізденістері, негізінен, күрделі теңдеулер теориясын
дамытуға арналды. Көне дәуірден XVII ғасырдың басына дейінгі
аралықтағы математиканың даму тарихын жазып қалдырды.
 1965 жылы ол кісінің бастамасымен математикалық әдістерді халық
шаруашылығы мұқтажына пайдалану және математика мен механика
бойынша теориялық зерттеулерді жоғары дәрежеге көтеру үшін Қазақ
Ғылым академиясының Математика және механика институты
ашылды.
 Бұл кісінің атына берілген қазіргі таңда физика-математика пәндерінен
тереңдетілген Алматы қаласында мектеп бар.
 Ол кісінің тегі Жәутіков
V-айналым
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында – дегендей нағыз шешуші сәтке де жеттік.
Жеңімпаз деп атанушы қатысушымыз алдарыңызыда тұр. Ең қымбат, қайта


Page 19

19

қалпына келмейтін уақыт дегендей уақытты создырмай шешуші
ойынымызды бастаймыз.
Супер финалдың сұрағы: Криптограмма
 Бұл термин сөз құпия жазу деген мағынаны білдіреді
 Қарапайым жазуды белгілі бір адамдар түсінетіндей етіп әдейілеп
өзгерту
 Бұл терминнің бір бөлігі латын тілінен алынған «жазу» деген ұғымды
білдіреді
 Кейбір жазбаларда мұны шифротекст деп те атайды

Жүргізуші:
Шыдамды еңбек алғыр ой,
Көңілге оны тоқып қой.
Ғылымдардың патшасы,
Анық оны біліп қой,
–деп сайысымызды аяқтаймыз. Ойларыңыз толысып, математика,
информатика, физика саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып,
тыңдағандарыңызға, бүгінгі ойынымызға белсене қатысқандарыңызға үлкен
рахмет.
Сонымен қатар ойынды дамыту кезінде оқушылар ғана емес
мұғалімдердің де шығармашылық ізденіске түсуіне оң ықпалын тигізетініне


Page 20

20

көз жеткіздік. Сіздерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
қарсаңында аудандық ұйымдастырушы педагогтардың семинарында
ойынның жүргізілуі барысындағы сценариді ұсынғым келіп отыр.

«Ғажайыптар алаңы» ойыны
Мақсаты: Семинарға қатысушылардың білімдерін пысықтау, сөздік
қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстаным!- дей отырып Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей
тойы және «Елбасы күні» мерекесі құтты болсын!
Құрметті жиналған әріптестер, ұстаздар! Бүгінгі ұйымдастырушы
педагогтардың аудандық семинары бағдарламасына сәйкес, жоспарланып
отырған, «Ғажайыптар алаңы» атты ойынымызға қош келдіңіздер!.
Дәурен Жұлдызай мен Ерсін Нұрасылдың орындауында «Әсем ән» әнін
қабыл алыңыздар.
Бұл ойынымыздың қысқаша тарихына тоқталып өтсек, Влад Листьевтің
«Құмарлық сезім» атты кітабында айтылғандай Анатолий Лысенко екеуі
қонақ үйдің номерінде американдық телеарнада Wheel of Fortune атты
капитал шоу жасады. Поле чудес ойынының атауы Толстойдың ертегілерінен
«Алтын кілттен» немесе «Буратиноның оқиғаларынан» алынған.


Page 21

21

Жұмыс желісі бірінші рет 1990 жылы 26 қазанда бастау алған. Бірінші
жүргізуші В.Листьев болған.кейінірек басқа жүргізушілер болды. 1991
жылдан Леонид Якубович бірнеше асситенттерімен жүргізіп келеді.
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер –дей отырып бүгінгі
«Ғажайыптар алаңы» ойынын бастаймыз.
Бүгінгі – «Ғажайыптар алаңы» ойынына арнайы іріктеуден өткен
үміткерлеріміз қатысады.
І-айналым
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып – дей отырып қатысушыларды ортаға
шақырамыз
Ал енді, осы топ мүшелерінің қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең
алғаш боп ұяшықтағы сөзді табатынын ойын барысында көреміз.
1-ші айналымның қатысушыларымен танысып алайық


Page 22

22

1-ші айналым сұрағы қойылады
Ұяшықтағы жасырын сөз - СЕМИНАР
Берілетін мәліметтер:
1. аудармашылардың көңілін тілдік қорға, аударма сапасына, тіл
мәдениетіне, терминология мәселелеріне, ілеспе аударма жасаудағы ой
тұтастығы мен жүйелілігіне аудару жөнінде айтылады
2. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған
3. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады.
4. шәкірттер оқытушының жетекшілігімен
дайындаған рефераттарын ұжым болып талқылайды.
5. практикалық оқу сабақтарының бір түрі
6. Талқылау барысында оқушылар ғылым
саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны
ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен
қорғауға, пікір таластыруға машықтанады.
Жеңімпазға келесі айналымға өткендігін ескертіп, қалған екі қатысушыға
ынталандыру сыйлықтарын беріп шығарып саламыз.
ІІ-айналым
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық - дей отырып, келесі айналымның
қатысушыларын ортаға шақырамыз
2-ші айналымның қатысушыларымен танысып алайық


Page 23

23


2-ші айналым сұрағы қойылады
Ұяшықтағы жасырын сөз – РӘМІЗДЕР
Берілетін мәліметтер:
1. Бұл ұяшықта жасырылған сөз осыдан бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста
пайда болды. Тарихи зерттеулер кезінде Иран елінің аумағында табылған. Ол
Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Бұл металдан жасалған дүние.
2.Кейіннен Қытай императоры қолданысқа енгізген
3. Кейіннен Үнді елінде және Таяу Шығыста пайда болған. Біздің
заманымыздың бірінші мың жылдығында олар Еуропаға келген
4. ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика – латын
тілінен алынған сөз. Геральдика ілімінің негізін салушы ХVII ғ. француз
ғалымы Менестре болған.
5. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983
жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ


Page 24

24

хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары осы жасырын
ұяшықтағы сөзді қолданысқа енгізілген
6. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні осыған байланысты
тарихи заңдарға қол қойды.
7. Тәуелсіздігіміздің негізгі символы
Жеңімпазға келесі айналымға өткендігін ескертіп, қалған екі
қатысушыға ынталандыру сыйлықтарын беріп шығарып саламыз.
ІІІ-айналым
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой,білімді
Сүйем тұған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді-деп Әдібай Табылдиев ағамыз айтқанадай,
қатысушыларымыздың білімдерін одан ары ойын барысында сынап көрейік.
Келесі қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
3-ші айналымның қатысушыларымен танысып алайық


Page 25

25

3-ші айналым сұрағы қойылады
Жасырын ұяшықтағы сөз - АЛТЫН ҚАБАҚ (жамбы ату)
Категориясы: Қазақтың ұлттық ойыны
Берілетін мәліметтер:
1. Бұл ойының нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі. Шығу тегі
әскери ойынның пайда болуымен байланысты болған, оның қажеттігі
18 ғасырға дейін сақталған.
2. Бұл ойын шауып келе жатқан ат үстінде ойнатылады
3. Бұл ойынның басқада түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып немесе
ат үстінде отырып мылтықпен атуда қолданылған
4. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік бағана, болмаса ұзын
сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс
құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған.
Атпен шауып кележатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске
жетуге тырысқан. Бұл жасырын сөзді тарихта басқаша атаумен де
атаған.
Жеңімпазға келесі айналымға өткендігін ескертіп, қалған екі қатысушыға
ынталандыру сыйлықтарын беріп шығарып саламыз.
Мадияр Ақботаның өз шығармашылығынан «Тәуелсіз Қазақстаным»
өлеңін қабыл алыңыздар
ІV-айналым
Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз айтқандай
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,тоқы көнілге.
Сөз мәнісін білмесең,


Page 26

26

Өлең оқып не керек? - дегендей келесі айналымымыз жартылай финал. Олай
болса жартылай финалға жолдама алған қатысушыларымызды қошеметтеп
қарсы алайық.
4-ші айналымның қатысушылары таныстырылып өтіледі.

4-ші айналым сұрағы қойылады
ФИНАЛ
Жасырын ұяшықтағы сөз - Кенен Әзірбаев
Берілетін мәліметтер:
1. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Ғасырға жуық ғұмыр кешкен,
өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «маусым жарлығы», сонымен сабақтас 1916
жылғы ұлт -азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан
төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі,
халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия , соғыс, одан кейінгі
тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық
сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел
ортасында болған. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға
сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған
дарыны арқылы айғақтап отырған.
2. әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір
сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден


Page 27

27

аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан
шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі.

Сондай-ақ, екі жүздей
лирикалық , дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның
репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды
таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып,
халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кенші атанған
Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық,
сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.
3. Бұл тұлғаның дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық
жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып
аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты.
4. Ленин (1974), Еңбек Қызыл Ту, 2 рет "Құрмет белгісі" (1945)
ордендерімен және медальдармен марапатталған.
5. Өлеңдер жинағы, 1947; Эли батыр, 1951, 1986; Өлеңдері мен дастандары,
1953; Әндері, 1955; Өлеңдері мен дастандары және текстері, 1961;
Шығармалар жинағы, 1967; "Ақындар сыры", 1969, 2002; Таңдамалы
шығармалары, 1974; Тандамалы әндері, 1984. Жарық көрген
6. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл»
сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен
тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады.
7. Бұл кісінің есімі - Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясындағы
№42 орта мектебіне
- Алматы қаласындағы бір көшеге
- Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген.
- Сонымен қатар біздің ауданымызда да бұл кісінің атымен аталатын
мекмелер де бар.
8. Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен осы кісінің
атымен аталады. Онда осы кісінің аты берілген мұражай жұмыс істейді.
Жеңімпазға келесі айналымға өткендігін ескертіп, қалған екі қатысушыға
ынталандыру сыйлықтарын беріп шығарып саламыз.


Page 28

28


V-айналым
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында – дегендей нағыз шешуші сәтке де жеттік.
Жеңімпаз деп атанушы қатысушымыз алдарыңызыда тұр. Ең қымбат, қайта
қалпына келмейтін уақыт дегендей уақытты создырмай шешуші
ойынымызды бастаймыз.

Шешуші ойынның сұрағы қойылады


Page 29

29

СУПЕР ФИНАЛ
Категориясы: ғылым
Жасырын ұяшықтағы сөз - ЭНЦИКЛОПЕДИСТ
Берілетін мәліметтер:
1. Әртарапты мағлұматы бар адам, әртарапты білімі бар адам
2. Тарихқа сүйенсек XVIII ғасырдың соңында болған Франциядағы
алдыңғы қатарлы ойшылдар тобының өкілі иеленген, содан бері
ғылымда қолданыста.
Солардың бірі – түркі жұртына танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-
Фараби атамызда бұл ғылыми атақты иеленген.
Ән: Тастан Сымбаттың орындауында «Қазақстаным» әнін қабыл
алыңыздар
Жүргізуші:
Шыдамды еңбек алғыр ой,
Көңілге оны тоқып қой.
Ғылымдардың патшасы,
Анық оны біліп қой – деп сайысымызды аяқтаймыз. Ойларыңыз толысып,
ұстаздық саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып,
тыңдағандарыңызға, бүгінгі ойынымызға белсене қатысқандарыңызға үлкен
рахмет.
Сонымен қатар оқушылар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
интелектуалдық ойынын пән апталықтарында көптеп ойнатылады. Қазіргі
уақытта «Милион кімге бұйырады?» интелектуалдық ойынынның жобасы
барысында біраз жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта осы ойынды
қолданысқа енгізіп, мұғалім мен оқушы шығармашылығына үлкен әсерін
тигізеді деген сенімдеміз.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруда
ойындар көп көмек береді. Сонымен қатар оқушы шығармашылығын дамыта
отырып әрбір ұстаз өз білімдерін жетілдіреді. Олар арқылы түрлі дағдыларды


Page 30

30

меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге,
қорытынды жасауға дағдыланады. Сабақ үрдісінде «ойын» түрлерін
пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,
екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін
арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Сондай-ақ ойын элементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне
ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ой – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын
байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!