Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Адыраспан-сен бір дастан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы»
«Қоршаған ортаны жас зерттеушілер»
Секция: ботаника және өсімдіктер экологиясы
Тақырыбы: Адыраспан - сен бір дастан
Жоба авторының аты-жөні: Анарбек Айдана Ануарқызы
Мектеп: №26 жалпы білім беретін мектеп
Сынып: 8"ә"
Ғылыми жетекші: Мұрат Қарлығаш Тасболатқызы
Алматы – 2015
Алматы қаласы Алатау ауданы
№26 жалпы білім беретін мектеп
Анарбек.А.А 8 сынып
Жетекші: Мұрат.Қ.Т
Кіріспе бөлім
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі – дәрмектің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата – бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп, 1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі – дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.
Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алған. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп – жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратадыжағынан ұқыптап кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы.
1
Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады.Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп.
2
Негізгі бөлім
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жианп алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үщін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға. Терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқпен ауырған адамды адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Тіс қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
Адыраспан ( Harmal немесе Peganum harmala) – түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі.
3
Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе Шу,Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі адыраспан өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10м тереңдікке дейін жетеді. Гүлі ақ, сары түсті және 1-3-тен топталып топталып сабақ басында орналасады. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт немесе қара түсті болады.
Бірсыпыра кісілер шипалы қасиеті бар өсімдіктер жайлы білгісі келеді. Оның ішінде көздері көрмеген, құлақтары нашар еститін адамдар адыраспанды қолданады. Адыраспан – түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі – қоңыр түсті ірі ұрығы бар. Диаметрі 1сантиметрдей шар тәрізді қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей май-июль айларында гүлдейді.
Қазақстанда, еліміздің Еуропалық бөлігінің оңтүстік белдеулерінде Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елді – мекендерге таяу алқаптарда, сондай-ақ құрғақ тасты беткейлерде өседі.
Химиялық құрамы:
Адыраспанның құрамында–улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.
Қолданылуы:
Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелденбелгілі дәрілік өсімдік. Кезінде атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған.
Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде булау жасауға пайдалнылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне ұстама ауруларына ем болып табылады.
4
Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ блгілі болған. Бұл арада оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде, ревматизмді емдеуге қолданады.
Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін айтылған құрамдағы 10г қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа койып,8минут қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек. Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады.
Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да радикулитті сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады. Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50г шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш қояды. Белді осылай күніне 30-40 минут бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт ретпайдалануға болады.
Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде сас сақ болған жөн. Халқымыздың дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиетті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәледен сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды,жаман адамдардың лас ниеттерімен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Атам қазақ өзі аса киеліден білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.
5
Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден,ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті – басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлщылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахмен-ир-рахим! Мен келдім ән нәрсеге, адыраспан, атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахмен-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген. Бұл жердегі Омар мен Оспанның пағамбарымыз Мұхаммед ғалаһауи-с-саламның әйгілі төрт сахабасының екеуі екенін мүмкін жұрт білген шығар деп ойлаймыз.
Киелі шөп көп жерде өседі. Оны қалай болса солай жұлуға болмайды, киесі ұрады деген. «Адыраспан» атты қасиетті өсімдіктің бар екенін, оған тиюге болмайтынын санамызбен түсіндік. Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі – дәрмектің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады. Қоршаған отра өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата – бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп, 1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі – дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.
Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алған. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп – жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады.
6
Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратадыжағынан ұқыптап кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы.
Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады.
Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында – 1,7-3,3 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында – 2,38-4,59 пайыз алкалойдты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.
Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдардың қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Бұдан бөлек, адыраспанды іш ауруын алғашқы кезеңінде жазуға жаратады. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді.
Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.
7
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады. Көшпелілер кесірт ке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға ануап жазылғанын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолданылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
|
Ауру түрлері |
Халық ұғымында |
Адыраспан |
Ревматизмге Қышымаға Безгек ауруына Нерв жүйесінің әлсіреуіне Ұстама ауруына Бас ауруына Демікпеге қарсы Несеп жүргізеді Тер шығарады Тіс қақсағанда Ұмытшақтықтыққа |
|
8
9
10
Қорытынды бөлім
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілу жерге – керегеге іліп кояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған.
Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.
Сондай-ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.
«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә басқан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айрықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда адыраспан – улы өсімдік. Қаратау сілеміндегі адыраспанды жылқы, сиыр жесе уланады.
11