Материалдар / "Ағаш бұтақтарынан әр түрлі пішіндер құрастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ағаш бұтақтарынан әр түрлі пішіндер құрастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2019
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дайындалған бұйымды көркемдеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1

Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану.

8.2.3.3

Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.


Сабақ мақсаттары

  • Қажетті құралдар көмегімен дөңгелек үстел элементтеріне күйдіру әдісі арқылы көркемдеу жұмыстарын орындау.

  • Дайын болған үстел элементтерін ою- өрнектермен безендіру.


Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Құралдар көмегімен өздері дайындаған қазақтың дөңгелек үстелініне күйдіру әдісін тиімді орындайды;

  • Көркемдеу элементтеріне ұлттық ою- өрнектерден эстетикалық композиция құрады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • Көркемдеу құралдарына мысал келтіреді;

  • Көркемдеу құралдарының міндетіне қарай ерекшеліктерін түсіндіреді;

  • Тұрмыстық заттарды көркемдеуге арналған түрлі материалдарды анықтайды және атайды.

Пәндік лексика және терминология:

Ұлттық тұрмыстық заттар, ою- өрнектер, технолгиялық құжаттар.

  • Мен бұл ою- өрнектерді таңдаған себебім...

  • ... техника арқылы бұйымды безендіру ... болды.

  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...

  • Техногиялық карта ........үшін керек.


Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

Зерртеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



5 мин.


Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Үстелді қандай техникада орындадыңыздар?

  • Тәжірбиелік жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Қандай жолмен шешуге болады?

  • Сіздің таңдаған ою- өрнегіңіз қандай?

  • Неліктен бұл өрнекті таңдадыңыз?


Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Сабақтың ортасы

5 мин.

















25 мин.















.


Оқушылармен үстел үсті тақтайы мен аяқтарын қандай әдіс арқылы көркемдейтіндері туралы талқылайды. Сұрақтар:

  • Үстел бетінің тақтайын қандай әдіспен көркемдейсіз?

  • Күйдіру әдісі неге тиімді?

  • Бояу әдісі неге тиімді?

Алдыңғы білімдерінде оқушылар ою- өрнектермен жұмыс орындаған болатын.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргізу.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар орындалған нобайларына сүйене отырып, әрбір топ өздерінің үстел үстінің беттеріне көркемдеу/ безендіру жұмыстарын жүргізеді. Мысалы; ағашты күйдіру техникасында орындау ұсынылады.

Күйдіру жиектік, сызықшалы және нүктелік әдістер деп үш топқа бөлінеді:

  • Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай жолақ немесе таспа түрінде орналасады. Жұмыс қара-пайым электркүйдіргіш бізімен ағаш шетін айналдыра күйдіру арқылы орындалады.

  • Күйдіргіш біз әр түрлі пішінді (иілген, түзу) болуы мүмкін: мысалы, сегіз тәрізді, Z тәрізді немесе V әрпі тәрізді. Осындай пішіндерді пайдалану арқылы өрнектер жасауға болады. Көбіне дайын бұйымдарды осылай әшекейлейді

  • Сызықшалы әдісте сурет бетіне электркүйдіргішпен жылдам қозғалыстар жасау арқылы сызықшалар түсіреді (сызықшалар қаншалықты қысқа болса, түсі де қанық болады).

  • Солғын түс беру үшін ағаш бетіне электркүйдіргіштің бізін сәл ғана тигізіп өтеді.

Негізінен, барлық күйдіру жұмыстары осы әдіспен орындалады


Күйдіру әдісін орындап болғаннан кейін, оқушыларға өз бұйымдарын түссіз лакпен бояуды ұсынуға болады. Сонда жұмыс сапалы және нәтижелі болады.

Әр топ өздерінің орындаған жұмыс нәтижелерін талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтайды;

  • Электркүйдіргіш құралдарының қолдану мақсаттарын біледі;

  • Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;

  • Материалдарды көркемдеу/ безендіру жұмыстарына тиімді технологияларды қолданады;



































Электркүйдіргіш, фанер немесе ағаш.

Пирография

https://www.youtube.com/watch?v=PshLQwdcJsY

Сабақтың соңы

5 мин.


Рефлексия: «Талқылаудағы әріптестер»

Сабақтың басында өткен сабақта не месе сабақтың аяғында жаңа сабақ бойынша не талқылағандығы туралы анықтау үшін қолданылады..

Серіктеспен талқылаңыз:

  • Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?

  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

Топтық жұмыс қарастырылған.

Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.


Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!