Материалдар / «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру»таұырыбында өткен коучинг материалы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
3524
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру»

тақырыбындағы коучинг жоспары

Айнакеева Ұлған Абдулхакимовна

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп


«Оқушылардың оқу нәтижесі ретінде тілдерді меңгеру

және критикалық ойлау, жеке дара іздену және ақпаратты

тереңнен анализдеу дағдыларын қалыптастыру болып

саналу тиіс»

Н.Ә.Назарбаев.

Өткізілу уақыты

60 минут


Тақырыбы

Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру

Мақсаты

Аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруына мүмкіндік беру.

Түйінді идеялар

Мұғалім – оқушыларды дамытатын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын және рухани жанын байытатын субьект. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту білім сапасын көтеруге кепіл болады.

Қолданылатын ресурстар

Компьютер, проектор, тапсырма орындайтын парақтар, бейнеролик, флипчарттар, маркерлер, стикерлер.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер оқу үдерісі барысында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың маңызды екенін түсінеді және тәжірибеге енгізеді.

Өтілу формасы

Топтық жұмыс, кумулятивті әңгіме


Коучинг барысы

Коучинг кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері

Психологиялық ахуал орнату. Тренинг.

5 мин.

Коуч коучингке қатысушылармен сәлемдеседі. «Жылылық сезімі» тренигін жүргізеді. Тілек сөздер жазылған кәмпиттерді алуды ұсынады.

Коучингке қатысушы мұғалімдер шаттық шеңберіне өздеріне арналған тілектерді оқиды.

Топқа бөлу.

5 мин.

Коуч қатысушылардың алған кәмпит маркасы бойынша 3 топқа бөлінуін ұсынады.

Қатысушылар «Сникерс», «Марс», «Твикс» болып 3 топқа бөлінеді.

Ой шақыру.

10 мин.

Слайд №1-7

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегенді қалай түсінесіздер?

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығының мазмұны мен түрлері

Қарысушылар тыңдап, ой түйеді.

Бейнеролик «Все в твоих руках»

5 мин.



Бейнероликті көрсетеді

Бейнероликті көріп, өз ойларымен бөліседі.

Анықтамалық материал

10 мин.

Слайд № 8 - 11



Слайдтарды комментариялайды.

«PISA , TIMSS халықаралық зерттеулері және химия, биология пәндерінен тапсырмалар үлгілері туралы»

Мұғалімдер мұқият тыңдап, өз әсерлерімен бөліседі, диалог жүреді. Керек жерлерін түртіп алып, қысқаша жазбалар жүргізеді.

Топтық тапсырма

10 мин.

Слайд № 12-13

«PISA және TIMSS тапсырмаларын орындау оқушыларға не себепті қиын болады?»

Коуч берілген тапсырма бойынша

постермен жұмысты орындауды ұсынады.

Әр топ берілген тақырып бойынша постер дайындауға кіріседі.

Топпен постерді қорғау

10 мин.


Коуч терең тыңдалым жасайды.

Әр топтың бір немесе бірнеше мүшесі постердегі жұмысын қорғайды, ойларын тұжырымдайды.

Рефлексия

/қорытынды/

5 мин.



Мына сөйлемді аяқтауды сұрайды «Мен түсіндім, функционалдық сауаттылық - бұл . . . »

Қатысушылар кері байланыс парақшаларын толтырады

Слайд №1

Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы білім сапасын арттыру


Слайд №2


«Білім реформасы нәтижелігінің басты көрсеткіші - еліміздің әрбір азаматы сәйкес білім және біліктілік ала отырып, әлемнің кез-келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын деңгейге қолжеткізу болып табылады. Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»,- деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.


Слайд №3

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Слайд №4

Функционалдық сауаттылық мазмұнына кіреді:

- оқу және жазудағы сауаттылық

- жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық

- математикалық сауаттылығы

- компьютерлік сауаттылығы

- отбасылық өмір мәселелеріндегі сауаттылық

- денсаулық мәселесіндегі сауаттылық

- заң сауаттылығы

Слайд №5

Бүгінде елімізде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың бесжылдық Ұлттық жоспары қабылданды, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы  № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары».


Слайд №6

Ұлттық жоспардың мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Слайд 7

Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.


Слайд №8

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады.


Слайд №9

PISA , TIMSS зерттеулері туралы не білесіз? PISA , TIMSS халықаралық зерттеулерінің талаптары қандай деп ойлайсыздар?


Слайд №10


PISA (Program for International Student Assessment) – 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша білім жетістіктерін бағалау.

TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study)– 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасын бағалау.


Слайд №11


PISA және TIMSS тапсырмаларының үлгілері


Слайд №12


Оқушыларға не себепті қиын болады?

  • Төмен нәтиже беру себептері оқу бағдарламасында ықтималдық теориясына, статистикаға сағаттың аз бөлінуі

  • тапсырмаларды шығаруға жаттықтырудың жеткіліксіздігі

  • оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алмауы

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілеттілігі, кеңістікте елестетуі мен икемділігінің төмендігі

  • өз бетімен дәлелдер мен қорытынды шығара алмауы

  • диаграммаларды оқып түсінуінің төмендігі

  • пәнаралық байланыстың жетіспеушілігі т.с.с.


Слайд №13


Дұрыс жауап бермеудің себептері…

Оқушылар алған білімдерін өздеріне таныс жағдайларға қолданып, әрекет жасауға дағдыланған, бірақ тапсырма мазмұны, сұрақ өзгеше түрде берілсе, шешу нәтижелері бірден төмендейді.


Слайд №14


Назарларыңызға көп рахмет!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!