Материалдар / "Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Тамыз 2020
365
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

№13 КОЛЛЕДЖ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ
ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ



Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы
ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі
(ӘДІСТЕМЕ ЖАРШЫСЫ)








АБАЙ АУЫЛЫ – 2016


Page 2

2




Құрастырған автор: Ағылшын тілі пәні оқытушысы
Сакен Есбердіұлы Оразымбетов


















Page 3

3
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы
ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол
жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие
болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту
кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда барлық
оқу орындарында ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та
жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері,
технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды
тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде
қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан
ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар
арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын
ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету
керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді,
технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде,
бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр
кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе
технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны
нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ,
көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін
ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара
алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау
және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген
әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық
құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық
технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ
әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы:


Page 4

4
«Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы
және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да,
тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген,
табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана
мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды,
техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану,
мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы
іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына
мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне
ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік
бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға
болады.
Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл жаңа техникалық
құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа
формалары мен әдістері, оқыту процесіне жаңаша қарау.
Ағылшын тіліне оқытудың негізгі мақсаты студенттердің
коммуникативті мәдениетін қалыптастыру мен дамыту,
ағылшын тілінде іс-жүзінде сөйлеуге үйрету.
Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген
компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап
өтер болсам:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс
істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.
Сөйлеу жұмыстары:
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді
қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін,
оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту,
яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз


Page 5

5
жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да
берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып
саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан
басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен
диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта
тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады.
Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та,
жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты
ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге
үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу
коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес
келеді.
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана
жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі
сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға
дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-
әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте
сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге
септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру
секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да
лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді.
Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу
мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.
Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер,


Page 6

6
аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді
коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін
қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын,
сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды,
сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.
Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен,
сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан,
оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей
дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан
құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік
мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын
байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін,
естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-
әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін
грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Оқытушының міндеті - әр оқушы үшін ағылшын тілін
іс-жүзінде игеру мүмкіндігін жасау, әр студент өзінің
шығармашылығын, белсенділігін көрсете алатындай оқыту
әдісін таңдау. Оқытушының міндеті – ағылшын тіліне оқыту
процесі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін
жандандыру. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар,
мысалы, жобалау әдісі, жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану, интернет ресурстарын қолдану оқытудың жеке
бағытталған жолын (амалын) қамтамасыз етеді.
Компьютермен жұмыс формасы, оқыту
бағдарламалары бар, компьютермен жұмыс істеу формасы,
ағылшын тілі сабағында мынадай жұмыстарды қамтиды:
- сөздермен жұмыс жасау;
- дыбыстап айту;
- сөйлеудің монологтық және диалогтық түріне үйрету;
жазуға үйрету;


Page 7

7
- грамматикалық құбылыстармен жұмыс жасау.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы
болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді
тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның
жұмыстарын қамтиды. Компьютердің білім беру құралы
ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар
төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және
ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның
ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің
әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның
қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы
қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл –
мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл
үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін
айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге
деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын
қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді
түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану
мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар
оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге
қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген
жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі –
ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі


Page 8

8
күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-
коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл
үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне
игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен
қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және
коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу
белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде
оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған
өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал білім
ұяларының мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген
сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.
Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып
шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік
тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол
тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін
сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп
қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да
сыйламас», деп «жабылған қазанды жауып тастасақ»
айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта,
әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында
емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа
байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті
тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін
көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай
білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп,
күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер
меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да
үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ
тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты
бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда


Page 9

9
атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес,
сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем,
қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама
жетістікке жетер еді демекпін.
«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі
оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды
оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін
және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу
пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық
көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай
жағдайларда тиімді:
Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;
Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі
оқулықта бұл қиын;
Уақытты үнемдейді;
Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді
және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының
мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды
белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік
жасайды.
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін
көрсетуге болады:
1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында
оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар
материалдың игерілу деңгейін анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.
Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын
да қамтиды, себебі, білімді бақылау оқытудың негізгі
проблемаларының бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт
білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті. Қазіргі


Page 10

10
кезеңде тестілеудің түрлі әдістері қолданылуды. Көп
адамдар, әрине, бұл көзқарасты, олардың ойынша, тестілер
қажетті дағдыларды, мысалы, анализ жасау, салыстыру және
т. б. қалыптастырмайды. Жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар,
оқушының бірден-бір өз бетімен жұмыс істеу құралы болып
табылады.
Белгілі бір пәнді игеру үшін, теорияны ғана емес,
практикалық дағдыларды, яғни тапсырманы орындау
практикалық дағдыларды жинақтау керек екендігі белгілі.
Бұл үшін оқытылып жатқан процестер мен
құбылыстардың математикалық моделдерін құрып үйрену
керек, шешімнің алгоритмін жобалап және бағдарлама
түрінде жүзеге асыру керек. Бұл мақсатқа жету үшін
электронды оқулық құрамына модельдік бағдарламалардың
сериясы енгізілді, бұл моделді бағдарламалар
структуралардың графикалық иллюстрациясын және
алгоритмдердің жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл
оқушылардың түсіну деңгейін көтеріп қана қоймай
студенттің ойлау және сезу қызметін дамытуға септігін
тигізеді.
Ал электрондық оқулық – дисплей экранында
көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен
көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықпен жұмыс жүргізу арқылы
төмендегідей тиімділіктері байқалды: жедел кері байланыс,
анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі,
демонстрациялық мысалдар мен модулдер, бақылау
(тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау).
Оқытудың мультимедиялық құралдары оқытудың
күрделі құралдарына жатады, бұл мұғалім еңбегінің жаңа


Page 11

11
қаруы.
Компьтер бағдарламаларының қасиеттері көп
екендігін практика көрсетті. Олардың ішінде жеке оқыту
және оқушылардың өздік жұмыстарын дамыту. Жұмыс
жасау барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері
ескеріледі. Кейбір оқушылардың естіп-тыңдау қабілеті
дамыған болуы мүмкін, кейбір оқушылардың көріп есте
сақтау қабілеті дамыған болады.
Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары әр түрлі және
өте көп. Мультимедиялы технологиялардың көмегімен
мұғалімдер ағылшын тілін оқыту барысында сабақта
мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:
1. грамматиканы оқу (теория);
2. грамматиканы оқу (жаттығу);
3. лексиканы оқу;
4. жазу, сөйлем құрастыру;
5. ойын;
6. диктант жазу;
7. оқу;
8. дыбыстап оқу;
9. диалог (компьютермен).
Ал өзім пән мұғалімі ретінде мынандай ізденістер мен
жетістіктерге мүмкіндік алдым: оқу материалдары туралы
оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту
сапасын арттыруға мүмкіндік алдым, оқытудың көрнекілігн
арттырып оқу материалын саналы игеруіне ықпал еттім,
уақытты тиімді пайдаланып, оқушының есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге, оқу материалының сапалылығын
арттыруға қол жеткіздім, оқушылармен пікір – алмасуға,
білімді жеңіл игертуге, өз еңбегімді жеңілдетуге жол
тапқанымды байқадым.


Page 12

12
Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс
емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш
тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын
сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет
көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды
білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.
Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне,
біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз
тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде
бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз
керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы
ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де
қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген
екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен
еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы
тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.















Page 13

13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық
педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»
2. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
3. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру
ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
4. Г.Қ. Нұрғалиева. Электрондық оқулықтар- мұғалім мен
оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы.
А.,2002.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!