Тараз қаласы білім
бөлімінің «№36 орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Жұмағалиқызы
Жансая
ағылшын тілі мұғалімі
,педагог модератор
Шет тілін оқыту үдерісінде
мотивацияның рөлі
Қазіргі жағдайда шетел тілін
білудің рөлі артып келеді. Кез-келген шет тілін меңгеру қарқынды
және қажырлы еңбекті қажет етеді. Мұндай интеллектуалды
белсенділіктің жоғары болуы үшін мотивация керек екендігі
түсінікті. Осыған байланысты мотивация мәселелері өзекті бола
түсуде, оларды мұғалімдер, психологтар, әдіскерлер де
зерттейді.
Шетел тілін оқытудың көпжылдық
тәжірибесі көрсеткендей, оқушылардың едәуір бөлігі шет тілін
үйренуге деген ынтасы нашар. Олардың себептері айқын: тілдік орта
жоқ, шет тілінде сөйлеуге деген мотивация туғызу қиын
[1].
Осы себептерді жою үшін
оқытудың жаңа формалары мен әдістері қажет. Дәстүрлі тәсіл шетел
тіліндегі қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандырудың жалғыз
түрі бола алмайды.
Қазіргі заманғы психологтар
мен оқытушылардың ойыншша кез-келген қызметті шет тілінде орындау
сапасы ең алдымен оқушының мотивтері мен қажеттіліктеріне, оның
мотивациясына байланысты деген пікірде. Оқыту мотивтерінің
қалыптасуы дегеніміз - мектепте оқытудың ішкі мотивтерінің пайда
болуына жағдай жасау, оқушылардың одан әрі өзін-өзі дамытуы туралы
хабардар болу .
Оқушының білім алуға деген
мотивациясын қалыптастырудың басты құралдарының бірі оқу
материалдарының мазмұны. Сабақ барысындағы қандай да бір өтілетін
жаңа тақырып немесе тарау үш бөлімнен тұруы қажет: ынталандыру,
бастапқы мотивацияны нығайту, рефлексивті-бағалау кезеңі. Бұл
кезеңдердің әрқайсысы әр сабақ сайын оқушы бойындағы шет тілін
меңгеруге деген мотивациясының көтерілуіне себепкер болуы керек. Ал
енді жоғарыда атап өткен кезеңдердің әрқайсысына тоқталып
өтсек.
Алғашқы кезең - ынталандыру
кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңінде оқушы
оған осы бөлімнің немесе тақырыптың қажет екенін, алған білімін
қандай жағдайларда қолдана алатынын, сабақ барысында қойылған
міндеттерді қандай және оларға қалай жету керек екендігін білуі
керек. Мәселен, сабақтың тақырыбы “Time” , яғни “Уақыт”, болатын
болса, мұғалім оқушыға бұл сабақ барысында оқушының уақытты айтуға
немесе сұрауға байланысты сөздік қорының кеңейіп, шетел азаматымен
тілдесетін болса, өзі қозғап, әңгіме жүргізе алатын тақырыптардың
бірі болатынын еске салып айтып өткен жөн. Осылайша, алғашқы
кезеңде қойылатын мақсат бүкіл сабақ барысына мотивация негізі бола
алады. Алайда, бұл кезеңнің сәтті өтуі үшін келесідей оқу
іс-әрекеттерін жасау шарт:
1)Оқушының алда меңгеруге тиіс
тақырыптың мәнін түсінуі үшін оқу-проблемалық жағдай жасау керек.
Оқу - проблемалық ситуацияның өзі бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін.
2) Проблемалық жағдайды
талқылағаннан кейін мұғалімнің сабақтың жалпы мақсаттарын қоюы. Бұл
оқу процесі кезінде былайша болады: “Осылайша, осы сабақ барысында
біз уақытта қалай сауатты түрде сұрап және сұраған адамға жауап
қайтара алатынымызды үйренуіміз керек”.Сабақтың басында қойылатын
бұл мақсат оқушылардың сабақ барысында қандай меже жету керектігін
еске салып отыратын нұсқаушы ретінде
болады.
3) Сабаққа қойылған
тапсырмаларға байланысты өзінің мүмкіндіктерін бағамдау мен
өзін-өзі қадағалау, бақылау.
Оқушылар сабақтың негізгі
мақсатын түсініп, қабылдағаннан кейін, келесі кезекте сабақтың
жоспары талқыланады. Мұғалім аталған тақырыптың немесе тараудың
қандай уақыт аралығында өтілуі керектігін және қай уақытта
аяқталатынынын сыныпқа айтуы қажет. Бұл оқушылардың санасында қай
уақытта қандай межеге жету қажеттігін
айқындайды.
Екінші кезең- бастапқы
мотивацияны нығайту кезеңі.
Оқу процесінің бұл бөлімінде оқушылар тақырыптың
мазмұнын меңгере отырып, оны оқу іс-әрекеті барысында қолданып
көріп, сабақ басында қойылған мақсаттарына байланысты нақты
іс-әрекетке көшеді.
Проблемалық оқытуға жүгіну қажет, өйткені бұл-
оқушының сол пәнге деген қызығушылық арттырып, мотивациясын
өсіреді: проблемалық оқытудағы проблемалық жағдаяттар оқушының сол
пәнге өз білімін өзі жетілдіру арқылы немесе оқытушының нұсқауымен
жаңа нәрсені ашуға деген қызығушылығын ояту арқылы назарын аударып,
зейінін сол тақырып төңірегіне шоғырлай алады. Қазіргі таңда тіпті
тақырыптың қалай аталатынын, оған берілетін тапсырмалардың мәнін
түсінудің өзі оқушыны сол алдына қойылған “проблеманы” шешуге
қызықтыру үшін түріл әдіс-тәсілдер көмегімен оқушының өзіне
анықтауға береді. Бұл, өз кезегінде, оқушыны оқу процессінің
пассивті мүшесіне айналдырмай, керісінше, оның өз интуитивті және
аналитикалық ойлауын қолдану арқылы гипотезаларын ортаға салдыруға,
мәселенің түп төркінін өзіне түсінуге итермелейді. Бұл ретте ұстаз
оқушыларды бағыттайтын нұсқау сұрақтарын қойып, олардың қойылған
сұраққа немесе тапсырмаға байланысты, толық жауапқа татымайтын
болса да, болжамдарын ынталандырып, ол болжамдарын растап немесе
әртүрлі фактілерді анализден өткізіп, теріске шығаруы
тиіс.
Үшінші кезең- рефлексивті-бағалау
кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңі қорытынды кезең болып
саналады, сондықтан бұл кезеңде оқушы рефлексия жасауды, яғни
сабақтың қорытындысын: алған әсерін, түсінгенін анализден өткізуді,
сабақ басында қойылған мақсаттарға қарай отырып өзін-өзі, өз
жұмысын бағалауды үйренеді. Сабақтың бұл кезеңінің жақсы өтуі
оқушының бойындағы сол пәнді меңгеруге деген мотивациясының өсуіне
тікелей әсер етеді. Мысалға, өткен сабақтағы тақырыпқа байланысты
кластер, схема немесе модель жасау тапсырмасын қолданар болсақ,
онда сол тақырыптың төңірегінде қозғалған мәселелер, негізгі
ұғымдар, сол тақырыптың сөздігін қосып, қайталау жұмысы ретінде
қолдануға болады. Сонымен қатар, оқушылардың өткен тақырыпты
қаншалықты ұғынғандарын анықтауға болады сұрақ-жауап немесе басқа
да тапсырмалар.
Жалпы алғанда, сабақтың бұл кезеңінің маңызы-
оқушының осы сабақ аяқталғаннан кейін оқу процесіне деген оң
көзқарастың қалыптасуы, сол сабаққа қайтадан оралып, ары қарай
жұмыс істеп, сол тақырыпты тереңірек зерттеуге деген дұрыс
мотивациясының қалыптасуына себепкер болуы. Оқушылардың жұмыстарын
бағалау кезінде, мұғалім олардың сабақ барысындағы жеңістерін
салыстыра отырып қарайды. Оларды бағалаудағы негіз
-норматив.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдерде түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының сол пәнге деген
қызығушылығын арттыруға болады. Үлкен ынталандырушы рөлді әр түрлі
қызықты іс-әрекет түрлерін әр түрлі сабақтардың кезектесуі
атқарады. Мен өз тәжірибемде коммуникация сабақтарын, бейне
сабақтарын, ойын сабақтарын, тестілеуді қолданамын. Осы сабақ
түрлерінің әрқайсысының өзіндік мотивациясы бар.