400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ағылшын тілін үйретуде жобалау технологиясын қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушылардың әдістемелік қорын кеңейтуге арналған пайдалы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілін үйренуде жобалау технологиясын қолдану

Жобалау технологиясы ең алғаш рат 1919 жылы Америкада пайда болды. Бұл әдістің негізін қалаушылар Карл Дьюи, Торндайк және өзге де америкалық ғалымдар болып табылады.

Жоба – бұл оқушының физиологиялық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сай келетін әрі мемлекеттік стандарттар төңірегінде жүзеге асатын шығармашылық ізденісі.

Жобалау технологиясының негізгі идеялары:

  1. Оқушы өзі таңдаған еркін тақырыбын зор талпыныспен жасайды;

  2. Кейбір кезде жасалатын жұмыс оқу пәнінің бағытымен сәйкес келмейді;

  3. Жұмыстың ұраны: «Өмірден алынғанның барлығы – өмір үшін».

Мақсаты:

  • Білім мен біліктілік жүйесін қалыптастыруға әрекет жасау;

  • Дербес әрекет етуге баулу;

  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту;

  • Мәселелерді көре білу және оны шешу жолдарына баулу;

  • Ақпаратты алу, пайдалану және жоспарлауға үйрету;

  • Сауаттылықты арттыру;

  • Топта жұмыс жасауға үйрету;

Жобалау технологиясы барысында қатысушылардың санына сәйкес жеке, жұптық және топтық жобалар анықталады. Дәл қазір біз топтық жоба туралы сөз қозғамақпыз. Бұл жағдайда қатысушылардың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылғанын қадағалау керек. Яғни, үйлестіруші-педагогтың рөлі өте маңызды.

Топтың жобалау әдісі белгілі бір ережелер мен қағидаларға негізделеді:

  1. Топта лидер болмайды. Барлық топ мүшелері тең құқылы.

  2. Топтар жарыспайды.

  3. Тапсырмаларды бірігіп орындайтындықтан топ мүшелері бір-бірімен достық қарым-қатынасқа түсуден рахаттанулары тиіс.

  4. Барлығы белсенділік танытып, ортақ іске әрқайсысы өз үлестерін қосулары тиіс.

  5. Қорытынды нәтиже үшін барлық топ мүшелері жауапты.

  6. Топтар психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып құрастырылады, дегенмен әр топта мықты, орта деңгейлі және әлсіз оқушы болуы сөзсіз. Әрбір топ таңдалған тапсырманы жасау барысында белгілі бір рөл ойнайды. Әрбір оқушы жобада өзіне тиесілі жұмыс бөлігін алады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар жобаның сәтті жасалуы әрбір топ мүшесінің қосқан үлесіне қатысты екенін түсінетін болады. Сондықтан әрбір оқушы жаңа ақпаратты іздеуге, білім алуға асқан құлшыныспен кіріседі. Жобамен жұмыс барысында оқушылар «топта» жұмыс істеуге үйренеді әрі өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады. Оған қоса, өзінің және жолдастарының еңбегін бағалауға үйренеді. Оқытушының басты міндеті – кеңесші, көмекші, бақылаушы, ақпарат көзі және координатор қызметтері. Оқытушының негізгі міндеті нақты білім беруде емес, оның тәсілдеріне баулып, бағыт-бағдар беруде.

Жақсы нәтижеге жету үшін келесі алгоритмдер жасалынып шығарылды:

  • Мәселенің бастауын табу;

  • Оны шешу үшін сәйкес тәсілдерді іздеу;

  • Ақпарат көзімен жұмыс жасау;

  • Мәтіннің сыни сараптамасы;

Жобаны жасап шығару сатылары. Әдетте, оқытушы оқушылармен жобаны қолға алған кезде «неден бастау керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланады. Ол үшін келесі реттілікті мысал ретінде ұсынғым келеді.

Жобамен жұмыстың бастапқы сатысы. Кіріспе және тақырыпты талқылау. Оған қоса, негізгі лексика мен грамматика беріледі. Орын алған жағдайға кіріспе.

Жобамен жұмыстың тәжірибелік сатысы. Бірлескен оқу үдерісінің үйлесімді бөлімі. Лексика және грамматиканы зерттеуді жалғастыру.

Нәтижелермен бөлісу. Нақты тәжірибелік жетістікке бағыттау. Оқушыларға көркемдік плакаттар, буклет, афиша немесе қысқа мәтінді, суреттермен безендірілген альбомдар, фото, тақырыпты ашатын ашықхаттар жасау ұсынылады.

Атқарылған жұмыстың ауызша көрсетілімі.

Нәтижені бағалау. Жұмыс барысында оқушыларға олардың нәтижелерін бағалауға көмектесетін арнайы қағаздарды толтыру міндеті жүктеледі. Алайда, жоба нәтижесін бағалау күрделі жұмыс екенін ескеруіміз керек.

Оқушылар мен оқытушының бірлескен жұмысы білім алуға деген ынтаны арттырып, өз жетістіктеріне сенімді нығайтады.

Осылайша, жобалау технологиясы барысындағы жететін жетістіктер келесідей:

  • Мықты әрі терең білімнің қалыптасуы;

  • Дербес жұмыстың жоғары деңгейі;

  • Оқушының ғылыми білімінің жоғары деңгейі;

  • Топтық жұмыс, топта біріккен талқылаулар жүргізе алу қабілеті;

  • Ұйымдасқан балалар ұжымы;

  • Ұжымдық жетістікке деген ынта.

Жобалау әдісі дәстүрлі оқу әдістеріне қарағанда әлдеқайда тиімді. Негізгі артықшылықтары:

  • Ағылшын тілін үйренуде қызығушылық пен ынтаның артуы;

  • Мектеп бағдарламасындағы әртүрлі пәндер бойынша білімнің визуалды өсуі;

  • Шығармашылық ізденіске берілетін еркіндік.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.01.2019
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі