Материалдар / Ахмет Байтұрсынов тағылымы

Ахмет Байтұрсынов тағылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
1330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы.(Ахмет Байтұрсынов атамыздың 145 жылдық мерейтойына байланысты әдеби кеш)1) (Сахнаның безендендірілуі: А. Байтұрсыновтың портреті, интерактивті тақта, слайд, қанатты сөздер. Сахнада ойнап тұрған музыка сөнеді де, оның орнына дауыстап оқылған ақын өлеңі естіледі.Дауыс: Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.Алданып тамағыма оны ұмытсам,Болғандай жегенімнің бәрі харам?Адамнан туып, адам ісін етпей,Ұялмай не бетіммен көрге барам?!(Үнсіздіктен соң сахнаға Ахмет бейнесіндегі оқушы қолына қағазын ұстап, бері қарай шығып, өз өлеңін оқиды.)/Жазушының қанағаты./Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,Құлағын біреу салмас, біреу салар.Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес,Кейіне жарамаса, кейіне жарар.Қайсысы ықыласын салып тыңдап,Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,Солардан аз да болса белгі қалар.(Ахаң үлкен ой үстіндегі хәлімен сахнадан ақырын – ақырын кетеді)Қарқынды әуен. Осы әуен үнімен сахнаға екі жүргізуші шығары.Аяжан: 1 - жүргізуші. Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар және оқушылар!Мадияр: Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған(1 - 2 жүргізуші бірге)«Ахмет Байтұрсынов тағылымы» атты әдеби кешке қош келдіңіздер! 1-оқушы:Адамдық диқаншысы қырға шықтым; Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. А. Байтұрсынов2-оқушы: А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ. 3 – оқушы: 1873 жылы 18 қаңтар айында Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5 ауылында, Сарытүбек деген жерде Байтұрсын Шошақұлының шаңырағында Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Арғы атасы Үмбетай батырдың ұрпағы Ахмет бір мүшелге толмастан тірі жетім боп ерте есейді. Әкесі Байтұрсын турашыл, әрі осы мінезімен жергілікті әкімдерге ғана емес, сұлтан, ояздарға да «жақпайды». Анасы Күңше - өжет, ел сыртынан «Сары уезд» деп атайтын. Әкесінің інісі Ерғазының көмегімен Ахмет 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс - қазақ училищесіне түседі. Бертін келе Ерғазы қайтыс болған соң да Ахмет қинала жүріп оқуын тәмамдайды. Өз бетімен білімін жетілдіру жолында көптеген қиындықтарды көре жүріп Орынбордағы 1891-1895 жылдары қырғыз- қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп шығады. Шығыс пен Батыстың рухани мәдениетін жетік игеріп, соның арқасында «Мәдениет тарихы» атты кітап жазды. Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді.4-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.5- оқушы: Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері. 6-оқушы: А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы… Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.7-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.8-оқушы: Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса, Сап- сары аяқтары ұзын маса, Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?1 - жүргізуші. “Маса” кітабына енген өлеңдерде ақын жеке бастың мұң - шерін, тұмыс - салт суретін емес.2 - жүргізуші. Негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеяларды айтады.Ендеше ақынның өлеңдеріне кезек берейік./ барлығы шығады/1 - жүргізуші. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.2 - жүргізуші. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан – жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов түындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарады.1 - жүргізуші. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.2 - жүргізуші. Аудармаларында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп – төгіліп тұр. Енді кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соңғы пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.1 - жүргізуші. Петербург, 1909Қырық мысалЗамандастарымаОрыстың тәржіме еттім мысалдарын,Әзірге қолдан келген осы барым.Қанағат азға деген, жоққа сабыр,Қомсынып, қоқырайма, құрбыларым.2- жүргізуші. Аудармалардағы әр түрлі аңдар түрлі адамдарды бейнелейді. Адамдардың мінезі, патша отаршыларының, байлардың зорлық- зомбылығын Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.Ахмет Байтұрсыновтын мысал өлеңдерінен көріністі тамашалаңыздар.5а-класс,5б класс,6а-класс,6б класс,7а класс,7б класс 1- жүргізуші. «…Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз. Өзіміздің елімізді сақтап қалу үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек»,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы.2- жүргізуші. Алайда, оның осы ізгі істерін астарлап, терең ұққысы келмегендер оған ұлтшыл деп жала жапты. Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси - әлеуметтік ой- арманы бүгінгі Егеменді Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр. Ақын туралы айтылған айшықты ойларды тыңдайық.
  • … өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
Сәкен Сейфуллин2.Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Мұхтар ӘуезовСан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты. Сырбай МәуленовҚазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет. Сәбит Мұқанов … Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді. Ғаббас Тоқжанов1- жүргізуші. Ахмет Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол – жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет – ғұрыптарын терең білетіндіктен Ахмет Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді, тіпті, өзі орындады.Александр Затаевич, музыка зерттеушісі2- жүргізуші. Абай атамыздың: « Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Жүрекке толы ой салар, Әнді сүйсең мендей сүй» деп, келесі кезекті кешіміздің ән - би шашуына береміз.1 - жүргізуші.2 - жүргізуші. ( Әдеби кешке қатысқан барлық оқушы сахнаға шығады)1 - жүргізуші. Қымбатты білім сүйер қауым, Сырбай Мәуленов ақынымыз айтқандай «Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама» Ахмет Байтұрсынов атамыздың мерейтойына арналған әдеби кешіміз өз мәресіне келгендей.2 - жүргізуші.Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпіз.Барлығы бір дауыспен « Сау болыңыздар» дейді.













































Ахмет Байтұрсынұлы МҰРАЖАЙ-ҮЙІ





















Мұражайдың мақсаты — болмысымыз жоғалып кетпес үшін қазақ ұлттық әдебиетінің, тіл білімінің, мәдени тарихының негізін салған кісінің кім екендігін ұмыттырмау. «Өткеніміз арқылы болашақ болады» дегенді бүгінгі ұрпаққа таныту.Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында қызмет істеп жүргенде тұрған үш үйі болған екен. Оның жазбалары арқылы осы үш үйдің орнын зерттеушілер анықтаған. Алайда ол тұрған екі үй қалада жаңа құрылыстар басталғанда алынып тасталынған болып шықты. Соның ішінде тек Ахмет Байтұрсынұлы МҰРАЖАЙ-ҮЙІ ғана қалған. Ахмет Байтұрсынов бұл үйде 1934-1937 жылдар аралығында тұрған.Ахмет Байтұрсынов саяси қуғын-сүргінге ұшырап айдаудан келгеннен кейін, көпшілік оны «халық жауы» деп, қол созып, көмек көрсетуден қорқақтаған еді. Сол кезде оның қызы Шолпан мен күйеу баласы осы үйге қамқорлыққа алады.Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа апаның (Бәдрисафа - А. Байтұрсыновтың ә
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ