Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Владвтлвьввдвд дуьвшуьвз щц зцжы щцбзвдвзу лцьвшутыз зцзхццбивовлалу дуьлвтудвдвжаикоу дьущтуовшв зцлулуллудулулулулулу дцжжцюцдвзв зцбоулзвжуж зцбвтвищвжцжц жцбвшулдудуэц удуьщууьлулуэ дузуьуллужу зцьуьубуубду зцьвщутлу жцьшвту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

40. Генетикалық инженерияның даму тарихы

Ген инженериясы дегеніміз молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: “генетикалык инженерия” және “ген инженериясы”. Соңғы кезде “генетикалық инженерия” жалпылама түрде қолданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.

Генетикалық инженерия дегеніміз клеткаларда өздігінен көбейе алатын, белгілі бір затты синтездеуге қабілетті тұқым қуалаушылық материалдарын қолдан жасайтын молекулалық биолгияның жаңа саласы.

Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Сол жылы АҚШ-та П. Бергтің тобы алғаш рет пробиркада үш түрлі (маймылдың SV 40 онкогендік вирусының толық геномы, λ-бактериофагынын геномының бөлшегі және Е. соlі (ішек таяқшасы) лактозалық оперонының гені) микроорганизмнің ДНҚ-ларының фрагменттерінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды. Бірақ маймылдың рак вирусының, бактериофагтың және ішек бактериясының гендік ДНҚ-ларынан құрастырылған   ол гибридтік ДНҚ-ның клетка ішінде ойдағыдай  жұмыс істей алатындығы тексерілмеді, себебі құрамында рак вирусының нуклеин қышқылы болғандықтан ғалымдар тәуекелге бармады.

Клеткада жүмыс істей алатын гибридтік ДНҚ-ны 1973 жылдары алғаш С. Коэн, Д. Хелински мен Г. Бойер құрастырды. Олар басқа организмнен бөліп алған ДНҚ фрагментін (генін) бактерия плазмидасының  құрамына  еңгізді. Ол плазмидадағы  бөтен гендердің алғаш рет жаңа организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. Соның артынша-ақ дүние жүзінің көптеген лабораторияларында жүмыс істей алатын әр түрлі плазмидалар алынды. Совет елінде ондай бөтен гені бар плазмида академик А.А. Баевтың басшылығымен жасалды.

Ген инженериясы деп рекомбинантты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға еңгізуді айтады. Ген инженериясы шешетін мәселелер:

1. генді химиялық немесе ферментті қолдану жолымен синтездеу;

2. әртүрлі   организмнен   алынған   ДНҚ   фрагменттерін   бір-бірімен жалғастыру (ДНҚ рекомбинанттарын алу);

3. бөтен генді жаңа клеткаға векторлық ДНҚ аркылы жеткізу және олардың қызмет жасауын қамтамасыз ету;

4. клеткаларға гендерді немесе генетикалық жүйелерді еңгізу және бөтен белокты синтездеу;

5. бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.

 Ген инженериясында генді мынадай әдістермен алуға болады:

1. клеткадағы ДНҚ-дан тікелей кесіп алу;

2. химиялық жолмен синтездеу;

3. аРНҚ-дан кері транскриптаза арқылы синтездеу.

 

41.Популяция құрылымы.

Популяция дегеніміз-белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бар, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан жақты іздеуші экологтар С.С. Шварц, А.М. Гиляров, А.В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді.Мәселен Щварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгеріске ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, Яблоков өзінің еңбегінде "Белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтар" дейді. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысты.

42. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

- Зат және энергия алмасы

- Өзгергіштік

- Тұқымқуалаушылық

- Тітіркенгіштік

- Өсу мен даму

- Ырғақтылық

- Өздігінен реттелу, көбею.

43.Овогенез, сперматогенез деген не?

Овогенез - жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез - көбею, өсу және жетілу деген кезеңдерден тұрады. Көбею кезеңінде саруыз қапшығы эндотермасына аналық жыныс безі бастамасына келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары - гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овоганияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңдерде ғанк, ал жыртқыш жануардарда туғаннан кейін де жүреді.

Сперматогенез - еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін 4 кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

44.Гендік инженерияның даму тарихы

Басқа биологиялық ғылымдар сияқты генетикалық инженерияның да дамуының тарихы бар. Бұл саладағы алғашқы зерттеулердің қатарына дрозоврила шыбындарының хромосома санын өзгерту бағытында жүргізілген жұмыстары жатады.

45.Молекулалық-генетикалық дәлелдемелер

Молекулалық генетика-организмдердің өзгергіштік және тұқым қуалау қасиеттерін молекулалық негізін зерттейді. Молекулалық генетика ХХғ 40-50 жылдарында генетикалық мәселелерді шешуде физика мен химия ғылымдарының жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде пайда болды. Молекулалық генетиканың ең жетістіктерінің химиялық құрылымының анышталуы, организмнің тұқым қуалау ақпаратының қолданылуы мен оның жазылу әдісін талдау ; гендік инженерия әдістерін зерттеу болып табылады

46. Цитоплазма, эндоплазмалық топ, рибосома құрылысы мен қызметі?

Цитоплазма: 

Құрылысы: гиалоплазмалар, органеллалар, қосындылар.

Қызметі: Эндоплазмалық тор , митохондрия , пластидтер , гольджи жиынтығы , лизасома , жасуша орталығы , вакуоль және т.б. Жұмысын реттеп отырады .

Эндоплазмалық тор: 

Құрылысы: Жасушаның ішін түгелдей бірімен - бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс . Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бөкінсе- түйіршікті ЭПТ , бөкінбесе , тегіс жарғақшалы ЭПТ деп аталады .

Қызметі: Төгіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады . Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар Синтезделеді . ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі .ъ

47. Эмбриологиялық дәлелдемелер:

Өсімдіктер мен жануарлардың жеке дамуын зерттеу жұмыстары олардың жыныс жасушаларының түзілу әрекеті ұқсас екенін,көп жасушалы ағзалардың барлығы дерлік ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан дамитынын көрсетеді. 4 ке бөлінеді: морфологиялық, палеонтологиялық,биогеографиялық, эмбриологиялық. 

48. Онкологиялық жағдайлардың пайда болу теориялары:

Радиациялық, химиялық, вирусты генетикалық , дизонтогеникалық , жарақат, термиялық ,кешенді теориялар. 

49) Жануарлардың селекциясының ерекшеліктері. Жануарлар селекциясы негізін өсімдіктер селекциясындағыдай, қажетті белгілердің фенотиптік айқын білінуіне барынша қолайлы жағдай туғызатын, белгілі бір орта жағдайында өтетін тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік құрайды. Алайда, жануарлар селекциясының жануар организмінің табиғатынан туындайтын кейбір ерекшеліктері де бар: жануарлар тек жынысты жолмен көбейеді; жануарлардың ұрпағы көп болмайды және әрбір жеке особьтың едәуір құндылығы бар.

Жануарлар селекциясында олардың тұрықтық белгілерін еске алу маңызды; Тұрқы (экстерьер) дегі жануарлардың сыртқы пішінінің жиынтығын, олардыңдене құрылысын, дене мүшелерінің арақатынасын айтары.

Организм барлық мүшелері өзара байланысты біртұтас жүйе болып табылады. Шаруашылық тұрғысынан алғанда маңызды көгітеген белгілердің дамуы, мысалы, мүйізді ірі қараның сүттілігі, олардың белгілі дене құрылысына - қантамыр және тынысалу жүйелерінің және т. б. жақсы дамуына байланысты болды. Жануарларға селекция жұмысын жүргізгенде олардың әртүрлі белгілерінің арасындағы байланысты ескеру маңызды, өйткені белгілі бір белгісі бойынша жоғары өнімділік белгілі бір тұрақтық ерекшеліктеріне байланысты, суреттен мүйізді ірі қараның шортгорн (етті тұқым) мен джерсей (сүтті тұқым) атты екі тұқымның арасындағы (тұрқындағы) айырмашылығы айқын көрініп тұр.

Әртурлі тұқымға сыртқы жағдайдың өзгеруі, жемдеу өзінше әсер етеді. Мысалы, етті мүйізді ірі қара тұқымын жақсы жемдегенде олар ең алдымен салмақ қосады, сүтті тұқымдарда - сүт көбейеді. Тауықтың жұмыртқалағыш леггорн тұқымы рационды жақсартқанда жұмыртқаны көбірек салады, бірақ массасын өзгертпейді.

50. Метаболизм түрлері: 

Анаболизм(ассимиляция)- органикалық заттардың синтезі. Мысалы , фотосинтез үдерісінің барысында қанттардың синтезделуі.  

және катаболизм(диссимиляция)- органикалық заттардың ыдырауы. Энергия АТФ молекулалары түріде синтезделеді. 

51. Нәруыз қызметінің маңызы : 

-Денедегі негізгі құрылыс материалы.

-Олар витаминдер, гормондар, май қышқылдары және басқа заттардың тасымалдаушылары.

- Иммундық жүйенің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіңіз.

52. Көмірсулардың негізгі рөлі:

Көмірсулар энергия көзі қызметін атқарады: 1 грамм көмірсу тотыққанда 4,1 ккал энергия мен 0,4 г су бөлінеді.  Сақтау функциясы.  Көмірсулар қоректік заттар ретінде әрекет етеді: жануарларда гликоген, өсімдіктерде крахмал және инулин. Көмірсулар тағам рационының негізгі бөлігі . Көмірсулар есебінен тағам рационының тәуліктік калориясының жартысы қамтылады . Көмірсуларды пайдалану тәулігіне 300 – 500г құрайды . Көмірсулар жай және күрделі болып бөлінеді . Жай көмірсуларға моносахаридтер мен дисахаридтер жатады .

53. Ядро , қызметі, құрамбөліктері:

Ядро – грекше “ карион - ядро ) жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы.

Қызметі: Ақпаратты сақтау , яғни ядрода хромосомалар орналасады . Ұрпаққа ақпаратты беру . Гендердің дифференциальді белсенділігінің реттелуі жолымен жасушаның әртүрлілігін анықтау.

Құрамбөліктері: ДНҚ жіпшелері; ядрошық, ядрошық,ядро саңылауы, ядро жарғақшасы, ішкі/сыртқы мембрана, ядро шырыны.

 

54) өзгергіштік;модификациялық өзгергіштік?

Өзгергіштік-организм  мен сыртқы ортаның қарым қатынасын көрсететін күрделі процесс.

Модификациялық өзгергіштік – гендердің, храмосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көруін, осылай фенотиптің өзгеруін атайды.

55) Тұқым қуалайтын өзгергіштік (комбинативтік; гендік, мутациялық, храмосомалық)

Комбинативтік өзгергіштік –ата- аналар гендерінің қайта үйлесуіне ( комбинациясы байланысты өзгергіштік . Комбинативтік өзгергіштікте ата - аналарының гаметаларының қосылуының нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болады.

Мутациялық өзгергіштік - гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне байланысты кездейсоқ орын алып, тұқым қуалайтын өзгергіштік.

Гендік өзгергіштік - бұл генетикалық факторларға байланысты әр түрлі белгілер және тұқым қуалаушылық.  Бұл өзгергіштік типі бір немесе әр түрлі популяциялардың, бір немесе әр түрлі түрлердің генотиптерінің айырмашылықтарынан туындайды, сондықтан оны көбіне генотиптік деп атайды.

Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

56)  Бейорганикалық заттар. Су .Тұздар. Нуклеин Қышқылдары. 

Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар

Су — сутегі мен оттегінің  қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; 

Нуклеин қышқылдары (лат.  nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады

57) Селекция ғылым.Сұрыптау.Будандастыру. Мутациялық селекция. 

Селекция  жануарлардың асыл тұқымын, өсімдітердің сорттарын, микроорганизмдердің  штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым.

Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін  және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. 

Будандастыру — тұқымқуалаушылық  (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі организмді шағылыстыру арқылы будан алу. 

Мутациялық селекция - бұл мутацияларды физикалық немесе химиялық факторлардың әсерінен индукциялау арқылы жақсартылған сипаттамалары бар өсімдіктерді құру процесі.

58) Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың айырмашылықтары:

Қолдан сұрыптау және табиғи сұрыптаудың айырмашылықтары: табиғи сұрыптау адамның қатысуынсыз өтеді. Жаңа түрлер п.б. Сұрыпталу кезінде организмге пайдасы қалып, зияндысы жойылады. Көзге көрінбейді,жүруі білінбейді. 

Қолдан сұрыптау, адамның араласуымен болады. Жаңа іріктемелер ( өсімдікте) мен қолтұқымда (жануарларда) шығарылады. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды .

59) Эмбриондық және постэмбриондық даму:

Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі)даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін , ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге бөлінеді:

1)дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады;

2)түрленіп даму-эмбриондық дамудан кейін дернәсіл пайда болады

  Эмбриондық даму: Зиготада бастап жұмыртқаны жарып шыққанға немесе туылғанға дейінгі кезең.

60) Жасуша қүрамындағы органикалық заттар:

Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20 30 % - ын құрайды . Оларға биологиялық полимерлер нәруыздар , нуклеин қышқылдары және кемірсулар , майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер , гормондар , пигменттер , органикалық қышқылдар , аминқышқылдары , нуклеотидтер , спирттер , т.б. жатады . Жануарлардың , өсімдіктердің және микроағзалардың органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар . Мысалы : өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу полисахарид , жануарларда — нәруыз бен майлар , ал микроағзаларда нәруыздар басым болады . Осылай бола тұрса да , өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады .

61) Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсері:

Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі

62) Клондау ұғымы:

Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді.

63) электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері:

Электромагниттік толқынның әсері: Әрқайсысымыз толқын әсері оның  түріне(типіне)  байланысты болатынын білеміз.  Қарапайым көрінетін жарықтың адам ағзасына әсері рентгендік толқындардың әсерінен айқын ерекшеленеді, ал радиотолқындардың -сәулелену әсерінен өзгеше болады.  Толқынның жиілігі неғұрлым аз болса, соғұрлым адам ағзасына қауіпсіз болатыны анық. 

Дыбыс толқындарының әсері: Ең алдымен, адам белгілі бір диапазондағы дыбысты есту мүшесінің көмегімен қабылдайтынын ескеру қажет.  Біз еститін дыбыс - жиілігі 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқын. Төменгі жиіліктегі дыбысты біздің есту мүшеміз қабылдамайды.  Бұл толқын жиілігі 20 Гц-тен төмен инфрадыбыс. Біз естімейтін дыбыстар біздің ағзамызға  қалай әсер етеді?  Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша олардың әсері күрт теріс болуы мүмкін, басқаларының пікірінше, бұл өте аз, сондықтан бұл мәселеге назар аударудың қажеті жоқ.  Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, ультрадыбыстың әсерінен адамда ыңғайсыздық, мазасыздық сезімі пайда болады, ал ұзақ уақыт жүрсе - жүрек айнуы, көру өткірлігі төмендейді, құлақ шылдыры және басқа жағымсыз құбылыстар пайда болады.

64) Антропогенез кезеңдері:

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.

• Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),

•  770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!