Материалдар / «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты Ахмет Байтұрсыновқа арналған әдеби-танымдық кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты Ахмет Байтұрсыновқа арналған әдеби-танымдық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновты еске алу мақсатында 7-8-сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
4086
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі КММ








«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты Ахмет Байтұрсыновқа арналған

әдеби-танымдық кеш



(7-8 кластар аралығында)





Ұйымдастырушы:

Балмагамбетова Айгуль Жаксыбековна





















Ақтөбе қаласы, 2021ж

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты Ахмет Байтұрсыновқа арналған әдеби-танымдық кеш

Кештің барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол ұстаздар! Білім құмар оқушылар!

Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы қыркүйек айында дүниеге келген екен. Қазақ елі үшін жанын қиған тіл жанашырының туылған күнін атап өту – азаматтық борышымыз. Ендеше, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты шағын әдеби-танымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.


2-жүргізуші: Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым.

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ! ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ!


  1. А.Байтұрсынұлының «Адамдық диханшысы» өлеңі. Оқитын ______________


1-жүргізуші: А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.


Ортаға халық ұстазының өмірін баян ететін өмірбаяншыларды шақырайық.


1-өмірбаяншы: Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек Ахмет 1882—1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищесінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі «Әдебиет танытқыш». Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді.

2-өмірбаяншы: Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.

1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халық өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.

1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, "халық жауы" деп аталған Ахмет ату жазасына кесіледі.

3-өмірбаяншы: 1988 жылы ақын ақталды. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы", "Тіл құралы", "Әліпби", "Жаңа әліпби" атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.

(«Дара тұлға» бағдарламасынан шағын өмірбаяны интерактивті тақтада айтылады)

2-жүргізуші: Тумысынан ауыз әдебиеті, халық әндері мен күйлерін тыңдап өскен Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар, өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор болған. Қазақ музыкасын зерттеуші Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. «Қазақ халқының жүз әні» атты еңбегінде Затаевич былай деп жазды: «Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол — жақсы домбырашы»-деген екен. Ендеше, ақынның «Анаға хат» әнін тыңдайық.

(Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әні интерактивті тақтада айтылады)

1-жүргізуші: Ұлт жанашыры Қазақ даласын «Маса» болып оятып, жаны ашып, оқу-білімге шақырады, сауаттылыққа үндейді.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?



  1. А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңі. Оқитын ______________



2-жүргізуші: Қымбатты білім сүйер оқушылар! Біз Ахмет Байтұрсынұлы туралы көптеген сабақтар алып, шығармашылығымен танысып, осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында білім алып келе жатырмыз. Сіздерге арналып, Ахмет Байтұрсынұлы туралы тапсырмалар әзірленді. Белсенділік танытқан оқушыларға шағын сыйлықтарымыз да бар.



1-тапсырма. Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларындағы мысалдарынан оқығанымызды бір сәт еске түсірейік.

3 7











1 2




8




4

5

6



9















А

У

Д

А

Р

М

А

Ш

Ы


































Сұрақтар:

1. Ілгері жылжымайтын, талап ойлап талпынбайтын жұртты ақын қандай суға теңейді?

2. Жегіліп жүк тартқан кейіпкерлердің бірі.

3. Көзі нашар көріп, қартайған Маймылдың сатып алған құралы.

4. “Өгіздей болам” деп суды іше беріп қарны жарылып өлген кейіпкер?

5. Түлкінің мақтағанына алданып ірімшігінен айрылып қалған кейіпкер?

6. “Төрткөзбен” дос болып, серт айтысқан төбеттің аты.

7. Тамағына сүйек тұрып қалып қиналған қасқырға кім көмек көрсетеді?

8. Көгершінді табалап отырып, өзі торға түсіп қалған кім?

9. Аңшылардан қашып ауылды сағалаған қасқыр кімнен ақыл сұрайды?



1-жүргізуші: Келесі тапсырма – сұрақтарымызға жауап алу.



  1. А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?


2. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы?

3. “Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді?


4 .А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?


5. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген?

6. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған?

7. А. Байтұрсынов ең алғаш сауат ашқан оқу орны?

8. Сібірге айдалып кетіп бара жатқан әкесі Ахметке қандай өсиет айтады?


9. Ахмет Байтұрсыновтың ардақты есімі қай жылы ақталды?


10. 1917-1919 ж. А. Байтұрсынов рухани көсемдерінің бірі болған партия қалай аталды?

11. А. Байтұрсынов аудармаларын атаңдар.


12.«Аққу , Шортан һәм Шаян» мысалында А. Байтұрсынов оқырмандарына қандай ғибрат айтады?


13. Тіл білімі саласындағы еңбектері?


14. А. Байтұрсыновтың қандай өлеңдер жинағын білесіңдер?


15. “… Балам деген жұрт болмаса, …

А. Байтұрсыновтың осы даналық қағидасының жалғасын тап.

2-жүргізуші: Сұрақтарымызға жақсы жауап берген оқушыларымызға көп-көп ризашылығымызды білдіреміз.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас – деп, Ахмет атамыз бізге мол өшпес мұра қалдырды.



Ахмет Байтұрсынұлы есімі мәңгі есте сақталады! Өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, келесі кезекті Ахмет атамызға арналған өлеңдерге береміз. 8б класс оқушыларын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Ақынның «Аққұм» әнін Майра Ілиясованың орындауында тыңдайық.

(Майра Ілиясованың орындауында «Аққұм» әні интерактивті тақтада айтылады)

1-жүргізуші:


Қадірменді көрермендер! Осымен бүгінгі әдеби-танымдық кешіміз тәмамдалды. Көңіл қойып, тыңдап, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу — білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге «бейбітке толы күндерімізде кездескенше!» демекпіз. Алдағы күндерде аман-есен жүздескенше, сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!