400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынов жайлы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы



Баяндама

Тақырыбы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ









Орындаған :Жарликасынова А.Н

Тобы:ҚТӘ-31

Тексерген: Турганалиева Г.Г.









Орал,2022

Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев
. Одан бөлек қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге,ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды.

Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтырудың әдіс тәсілдерін терең қарастырады.Сауаттылықтың негізі-жазуға жаттықтыру деп қарады,сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес,жазу мұқтаждығы тудырған.Жаза білуге үйрету әдісі,оқи білуге де үйрету әдісі болады.Жазу дегеніміз-әріптердің суретін салу,ал оқу дегеніміз-суреті салынған әріптердің дыбысын айту.Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң,сол дыбыстың таңбасы-әріпті көрсету керек.Оны меңгергеннен кейін оқу,жазу жұмыстарының бәріне сол тіреу болады.Жазу да,оқу да бір істеліп қана қоятын іс емес,мектепке күнде керек болса, күнде іске асырылатын жұмыс.Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі барған сайын қайсысын болса да,өнерге айналдырып,әдістемелеп жазуға,безендіріп оқуға төселіп алады.Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.

Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналының №11,12 сандарында «Жалқылау және жалпылау әдістері» деген көлемді мақала жазды.Ахмет өзінің «Баяншы» деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құралында,мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың,сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.

Ол оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге,тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді.Оның жазған «Әдебиет танытқыш» атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған,жүздеген әдеби білімдік терминдерді негіздеді.Мысалы:көрнекөнері,сымбат өнері,айтыс,кескін өнері,саз өнері,т.б. тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды.Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу,оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету,мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын.Ахмет Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп,оны шешудің жолын көрсетіп берді. «Қазақ байлары өркениетті елдердің байлары сияқтыұлт намысын қорғап,оқулық шығарушыларға бәйге жарияласын.Бәйге берілетін кітаптарды бір-екі рет ақы иесі бастырып шығарып,ақшасын өндіріп алатын болсын» - , деді.

Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып,арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де,ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп,орыс мектептерін,не қазақ медреселерін бітірген жастардың талаптарын таңдап алып,мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасады.Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды.

Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі,ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі,ең беделді,көшбасшы-көсемі Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне,оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін Мұхтар Әуезовше бағаласақ,көптеген қан жылаған еңбегі,өнер-білім,оқу ағарту,саясат жолындағы қажымас қайраты тарих ұмытпас істер болмақ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі