Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2018
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім және Ғылым Министрлігі Шардара ауданы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің жанынан ашылған шағын орталық

















Сабақтың тақырыбы: «Табиғатым тамаша» Тәрбиеші: Избаева Елмира «Ақбота» ортаңғы топ

















2017-2018 оқу жылы. «Табиғатым тамаша» Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы «Ақбота» ортаңғы тобыБілім беру саласы: «Әлеумет», «Қатынас», «Шығармашылық»Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Тіл дамыту, ЖапсыруМақсаты: балалардың айнала қоршаған орта туралы білімдерін кеңейте отырып, байланстырып сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру. Дидактикалық ойындар арқылы табиғат туралы танымдарын кеңейту, табиғатқа оның әсемдігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, қамқор болуға тәрбиелеу.Билингвалды компонент: ағаш- дерево-tree, күн-солнце-seen, тау-гора-mauntain, табиғат- природа-nature. Сөздік жұмысы: өлі,тірі,табиғат дауы.Көрнекіліктер: өлі және тірі табиғат суреттері,табиғат көріністерінің атрибуттары,үлестірмелі материалдар.

Іс-әрекет сатылары Тәриешінің басқару әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық оятушылықШаттық шеңберАрайланып таң атты,Алтын сәуле таратты,Жарқырайды күніміз,Жарқырайды даламыз.Біз ерекше баламызАйтқан тілді аламыз.Достарымды көргенде,Қуана қарсы аламыз.Сәлемсіздер ме, апайлар.

(Баяу музыка ойнайды.)-Балалар ненің дыбысын естідіңдер,көздеріңнің алдына нені елестеттіңдер?Бүгін сәтті күн.Балалар жақсы тілектер айтайық.

Ия, балалар, біздің табиғат тамаша.-Балалар, онда біз табиғатқа саяхатқа шығайық.

Саяхатқа шығу үшін бізге не қажет?(Баяу музыка ойнайды)-Балалар,табиғат аялдамасына келдік.-Біз аялдамаға күндіз келдік, бірақ күнді көрмей тұрмыз.-Балалар күннің көзін қалай ашамыз?Көбелек ұшып келеді.-Балалар, көбелек бізге мына хатты беріп кетті.Хатта не жазылған екен ашып оқиық.-Балалар, хатты Табиғат-ана беріп жіберіпті, онда тапсырмалар бар екен, егер тапсырмаларды орындасақ күннің көзі ашылады.

1-тапсырма. Табиғат дегеніміз не?









2-тапсырма.Тірі табиғат дегеніміз не?





3-тапсырма. Өлі табиғат дегеніміз не?









Балалар,қазір мен сендермен ойын ойнаймын. Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат». Ойынның мақсаты: Балалардың тірі және өлі табиғат туралы білімдерін анықтау, аралас суреттерден тірі және өлі табиғатты топтау.

4-тапсырма.Күн,табиғат,ағаш,тау деген сөздерді қазақша ,орысша, ағылшынша айту керек.Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық. Күннің көзі ашылып, шуағын төгіп тұр.Күн көзінің ашылғанына қуанып, бәріміз бойымызды сергітіп алайық.



Тосын сәт: (көрініс)Музыка ойнап, ортаға күн ,су, ауа, адам,гүл, ағаш кіріп дауласады.









































Табиғат - ана келеді.Ей, адамдар, күн мен гүлден жаралған,От сезім мен мейірім содан таралған.Табиғат пен тіршілікті қорғаңдар,Бар жақсылық, табиғаттан жаралған!Табиғат - ана: Бұл не деген дау,мен сендердің дауыстарыңды есітіп, таң қалып келемін.Сен күн,су, ауа,ағаш, адам,гүл сендердің барлықтарың да маған қажетсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар,күн бізге не үшін қажет?-Ал, гүлдер бізге не береді?Гүлдерден біз нені үйренеміз?

-Ал, құстар туралы не білесіңдер?

-Құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?





-Ал,су бізге не үшін керек?









Тәрбиеші: Табиғат -ана біздің балалар табиғат туралы көп біледі.Ендеше, балалардың табиғат жайлы тақпақтарын тыңдаңыз.

Табиғат-ана: -Рахмет балалар, сендердің менің көп сырларымды білетіндерің көрініп тұр. Ризамын сендерге. Тәрбиеші: Балалар,енді Табиғат-анаға табиғат көрінісін жапсырып, сыйға тартайық.

Табиғат-ана:-Ой,балалар, қандай тамаша сыйлық, көп рахмет сендерге.-Балалар егер сендер ағаштарды аяусыз сындырып,гүлдерді жұлып, құстардың ұясын бұзып, жазықсыз жәндіктерді өлтіріп, ағып жатқан суға қоқыс, қалдық тастайтын болсаңдар, онда табиғат жоғалады.Мұндай жағымсыз қылықтардан аулақ болайық.Тәрбиеші: Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің қорытындысы болсын деп «Егер...... болмаса не болар еді?!» деген ойын ойнайық.

Тәрбиеші: Табиғат-ана,біздің сізге айтарымыз

Табиғат-ана балаларға жұлдызша ұсынады.

Табиғат-ана:-Рахмет,балалар, сендерді көлікке отырғызып шығарып салайын.
Балалар шеңберге тұрып,өлең жолдарын айтады, әуенді тыңдайды.















-Судың сылдырын,құстардың сайраған дауыстарын, жайқалып өсіп тұрған гүлдерді елестеттік.

-Күндей күлімде,оттай лаула, гүлдей жайна, бұлақтай сыңғырла, ағаштай мықты, таудай биік бол!



-Көлік қажет.-Бәріміз көлікке мінейік.





-Күнді бұлт жауып қалыпты.-Қалай ашамыз,қалай ашамыз?- Бізде күннің көзін аша алмадық.Күннің көзін тек адамзат қана ашады екен.















-Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта.Оған ауа, су,күн, тау,тас,өсімдіктер,жануарлар, құстар, жәндіктер,т.б. жатады.



-Тірі табиғат өседі,көбейеді,көктейді. Оған өсімдіктер,жануарлар, ағаштар жатады.

-Өлі табиғатқа: су,құм,тас,күн,жаңбыр, ай,күн,жұлдыз,т.б. жатады. Өлі табиғат өспейді, көбеймейді, көктемейді.









Балалар жасыл түстің астына тірі табиғат,қоңыр түстңғ астына өлі табиғат суреттерін орналастырады.



үн-солнце-seenабиғат- природа-nature ғаш- дерево-tree ау-гора-mauntain







Сергіту сәті.Табиғат,табиғатТамаша ғой табиғатТабиғатта ойнаймыз,Гүлдей өсіп жайнаймыз.



















Күн. Мен шуақты күнмін!-Мен бәріне жылуымды, нұрымды беремін.Егер мен болмасам, табиғатта болмас еді.Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін.Су.Мен мөп-мөлдір, тап-таза сыңғырлаған сумын. Мен болмасам,осындай сұлу табиғат болар ма еді?Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін.Ағаш. Мен жайнаған жасыл ағашпын,табиғатқа көрік беріп тұрған менмін.Мен болмасам, осындай әсем табиғат болмас еді.Гүл. Мен әсем гүлмін.Егер мен болмасам,жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқмда табиғат әсем болып тұр,табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.Адам.Мен дүниедегі ең күшті,ақылды адаммын! Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда.Сондықтан бұл өмірдің иесі де, киесі де менмін.Ауа. Мен таза ауамын! Табиғаттағының барлығы мен арқылы дем алады.Егер мен болмасам, ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.

















-Күн бізге жарық ,жылу, мейірім береді.-Гүлдер қуаныш,әдемілігін сыйлайды.

-Гүлден біз нәзіктік, сұлулықты үйренеміз.

-Құстар біздің досымыз,құстардың ұясын бұзуға болмайды.-Біз құстарға қамқор болуымыз керек.Ұя жасап, қоректендіреміз.-Біз туған жерімізге , табиғатымызды осылай қорғаймыз.

-Сусыз жерде тіршілік болмайды.Ол тіршілік көзі.

Балалардың тақпақтары.













Балалар плакатқа қиылған күн, бұлттар, таулар, ағаштар, гүлдер,шөптер,көбелектердің бейнесін жапсырып, Табиғат-анаға сыйға тартады.





















Балалар, егер күн болмаса, су болмаса, бұлт болмаса, ағаштар болмаса не болатынын айтады.



Балалар бәрі бірге: -Біз адамдар табиғатты сүйеміз,Табиғатпен ажырамас іргеміз. Қоштаспаймыз табиғатпен біз бүгін,Өйткені біз мәңгі бақи біргеміз.


Күтілетін нәтиже: Білуі керек. Табиғат ерекшеліктерін бағалап, оған қамқор бола білуі керек.Болуы керек. Өлі табиғат, тірі табиғат туралы түсініктері болуы керек.Үйрену керек. Сұрақтарға жауап беріп, таппсырмаларды ынтамен орындауды үйрену керек.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ