Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тағылымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тағылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш тағылымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынұлы және  Алаш тағылымы

225 орта мектебі

Нұрғожа Зәмзагүл Ерпайызқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                  Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

                                                              Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

                                                               Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

                                                                                         Ахмет Байтұрсынұлы

Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.

Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылумен аяқталды.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.

1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі,  байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел, атағы өсе бастайды. Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз  8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау. Қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп, өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз, басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай арыстарымыздың арқасында. Сондықтан әрқашан да ұлы тұлғаларымыздың аруағына тағзым етуіміз керек.

ТАҚЫРЫБЫ: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ АТТЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Тәрбие сағатының өту барысы:

 Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.

Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.

-Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

Ахмет Байтұрсынұлы туралы видеоролик көрсетіледі.

Оқушыларды пазл құрастыру арқылы топқа бөлу

        Ақынның өлеңдері оқылады

«Оқуға шақыру» өлеңі

«Адамдық диқаншысы» 

  • Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көгертуге құл халықтың.

 Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым, екi аяқты-

Адамдық айуанға қанша қажет

  • Жаратқан малды құдай не керекке-

Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.

Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

 Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.

Есептен алдағандай болғандар көп,

Жасықты, асыл ма деп, бiлмей қайрап.

WORDWALL бағдарламасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы сұрақтарға жауап береді.

1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген? (1873 жылы)

2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған? (Орынбор)

3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған? (“Қазақ” газеті)


  Сот үрдісінен  көрініс

ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!

( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)

Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,

              Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

              Маған ауыр осылардың бәрінен

              Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...

             Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

             Айдай бер қалса адамның қуылмаған.

( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады)

Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

              Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!

              Өлген күні апарып тығары-көр,

              Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

             Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

             Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

             Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

            Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.

Оқушы:

1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді

Жүргізуші: -Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.

 Қорытынды: Сәйкестендіру. Жұбын тап.

Мұғалімі: сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?

Балалар: Айна

  • Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.

Балалар:Көзілдірік

  • Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.

Балалар: Әмиян

  • А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?

(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)

Я құдайым! Аққа жақ!

Өзіңе аян- мен нақақ.

Аққа деген жолымның

Абыройын ашпай, жап! - бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?(“Тілек- батам”)

2. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат” өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға? (Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)

3. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы? (“Ер Сайын” жыры)

4.“Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді?

(Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді)

5. А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған? (Міржақып Дулатовқа арналған)

Топтық жұмыс

«Ақиқат және жалған» ойыны арқылы дұрыс және бұрыс жауаптарды табамыз.

Кері байланыс

Смайликтерге өздерінің бүгінгі ашық тәрбие сағатысынан алған әсерлерін жазады.











Ашық тәрбие сағатында пайдаланылған бағдарламалар арқылы тапсырмалар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!