Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба:Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні.Бұл ғылыми жұмысымызда ақын, педагог, қазақ жазуының негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәніне тоқталғымыз келіп отыр. Мақсатымыз: А.Байтұрсынұлы шығармаларының қазақ халқына әкелер тәрбиелік мәні; А.Байтұрсынұлы шығармаларын өскелең жас ұрпаққа насихаттау. Мақсатымызға сай оқылған шығармаларды қайталадық, талдадық. Ақын шығармаларында әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейіпінен хабарлар беріп, ишара, тұжырым жасалады. Мысалдарында кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман ағымына қатысты көптеген жайттарды ақын жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Осылайша, ақынның мысалдарын оқырман жүрегіне жеткізе білу. Жас жеткіншек ұрпақты жалқаулықтан, арсыздықтан тиып, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
4023
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны.





Кіріспе.


Негізгі бөлім.


1. Ахмет Байтұрсынұлы - халықтың әлеуметтік мәселелерін

жырлаушы ақын………………….........................................................................3

2. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің бас редакторы................................................................................................................5


3. Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні ..............................8


Қорытынды............................................................................................................13


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................14


























Кіріспе


Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық.

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тынысының ашылуы, ғылымының өсіп өркендеуі қазақ зиялыларының ағартушылық қызметімен тікелей байланыста болды. Сол тұстағы саяси өзгеріс, іс-оқиғалар мен үлкен сілкіністер әсерінен мемлекеттік істерге, саясатқа қызу араласқан зиялы қауым оқу-ағарту ісіне де белсене атсалысты. Бұл кезеңде қазақ тарихына, мәдениетіне, рухани дүниесіне мол ізін қалдырған ағартушы қайраткерлер мен ақын-жазушылар, ғалымдар шоғыры жарқырап шықты. Сондай бірегей тұлғалардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қайраткерлер өз халқына өлшеусіз еңбек сіңірді. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушы қызметті қазақтың саяси тынысы мен әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажет, ең игілікті әрекет деп қабылдады және оқу-ағарту жұмысы туған халқына теңдік, азаттық, бостандық, өркениетті даму алып беретін бірден-бір жол деп ұғынды.

Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық ғылым жасаушы. Ұлттық ғылым-ұлтқа қызмет ететін, оны өркениет жолымен таным шыңына жетелейтін, ұлттық болмысты жарқыратып көрсететін, ұлттық санаға жарық отын жағатын қару.

Ахмет Байтұрсынұлы - халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, әмбебап ғалым, аудармашы, журналист, көсемсөз шебері... Бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы» адам. Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қасиеттерінің бірі әлеуметтік-саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады. Мәселен, осы күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлы аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, айлалы саясаткер ретінде қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылды.




Ахмет Байтұрсынұлы - халықтың әлеуметтік мәселелерін

жырлаушы ақын


Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отызыншы жылы-қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз, ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де - бәрі шын мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да, осы отыз жылды қазақ өркениетінің «Байтұрсынов дәуірі», «Байтұрсынов ғасыры» десе де болады.

XX ғасырдың алғашқы ширегінде, қазақ еліндегі толғағы жеткен күрделі де, келелі мәселелер және шешімін табылмай шиеленісіп бара жатқан саяси-әлеуметтік жағдайлар әлеуметтік ойдың шұғыл дамуына себеп болды. Ахмет Байтұрсынов 1895 жылы Орынборда мұғалімдер семинариясын бітірісімен, әлеуметтік-саяси жұмысқа белсене араласып кетті. Оған мүшкіл күйі себеп болды. Ол халқының еркіндігін аңсап қана қоймай, әлеуметтік ахуалының нашарлығы отарлау саясаттан екенін көрсете отырып, бостандық, еркіндік үшін күреске бел байлайды. Оның бейбіт жолмен шешетін алғышарттарын қарастырады.

Қазақ халқын құрып кетерлік күйге жеткізген патшалық Ресейдің отарлық саясатын сынаған үшін Ахаң саяси қуғынға ұшырайды, әлденеше рет абақтыға жабылады, жер аударылады. Ол туған халқының мүддесі үшін күресін тоқтатпай, алдымен сол халықтың өзінің жігерін қайрап, намыс отын тұтатып, «ұйқыдан оятуға» бел буады. Екі ғасырдан астам уақыт отарлық бұғау оның жігерін құм қылып, дәрменсіздікке, үмітсіздікке ұшыратқанын түсінген Ахаң, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алды» .

Ахаң қазақ қоғамының қасіретке ұшырап отырғандығының басты себебі - жер мәселелесіне байланысты деп қарайды. Ол «қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры - жер мәселесі. Бұл - қазақтың тірі, я өлі болу мәселесі» - деп үлкен әлеуметтік мәнін ашып берді. Ахаң Қарқалыда жер аударылып жүрген кезінде, 1905 жылы бірқатар қазақ оқығандарының басын қосып, патша Үкіметіне Қазақ халқы атынан петиция жазады. Онда ең бірінші шешетін маңызды мәселе етіп қазақ жерін алуды тоқтатуды, орыс жерінен переселенді жібермеуді қояды. 1913 жылы жазған мақалаларында да жер мәселелеріне патша әкімшілігінің назарын аударып отырады. Соның бірінде жоғарғы хакімдер «қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіреді, қай жөнмен алып, қай орынға көшіреді - оны қазақ білмейді»,-деп ашына жазады.

Білім, білімге үйрету, білім беру Ахаңның үлкен бір арманы еді. Өйткені, әлеуметтік өмірдің барлық өзекті, түйінді мәселелері осы білімге, оқуға келіп тірелетін, ол барлық кезеңде солай болып келеді, солай болып қалып та отыр.

Ахаң: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек»,- деп мәселені айқындап қояды. Оқытқанда баланы ана тілі-қазақ тілінде оқыту керек деп санайды. Ал «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек... Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе, орысша да білу қажет»,-деп түйеді. Бұдан біз Ахаңның бала алдымен ана тілінде білім алып, ана тілінің ықпалымен азамат болып қалыптасуы қажеттігін көрсеткенін, соны ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыдан дұрыс деп тапқанын көреміз. Ол бұл пікірін басқа Ресейге бағынышты ұлттар пікірлерімен үндес екенін көрсетеді. Мәселен, Ахаң 1910 жылы бастауыш мектептер туралы Ресей Думасында талқыланғанда: «мектептерде оқу орыс тілінде оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілін оқуы тиіс»,- деп басқа жұрттар, әсіресе, татарлар Думаның нәсілдік-шовинистік әрекетіне наразылық білдіріп, қарсы болғанын құптай отырып, сондай әрекет қазақ тарапынан да істеліп жатқанын жөнді көреді.

Бастауыш сыныптарда баланың пәндерді тек ана тілінде оқуын армандаған және өзі өмірінің ақырына дейін соны іске асыруға ат салысқан. Ахаңның еңбегі қазір егемендікке қолы жеткенде зая кетіп жатқанына таң қаласың. Баяғы тотаритарлық жүйе кезінде салынған сүрлеумен балаларға екінші сыныптан бастап орыс тілін, тіпті оған қоса ағылшын тілін оқытумен келеміз. Ол балаға өзінің туған тілін ана тілін , әдебиетін, тарихы, дәстүрін игеру арқылы азамат болып қалыптасуына зардабын тигізуде.

Ал Ахаң баланың ана тілін білуін ұлттың ұлт болып өмір сүруінің ең басты шарты деп қараған еді. Ол: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешуақытта адам құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қауіптісі - тіл»,-деп кесіп айтқан. Оны халықтың сол кездегі әлеуметтік ахуалымен байланыстыра қарастырды. Ахаңды елімізге сырттан келген кірмелердің көбеюі қатты алаңдатты . Соған байланысты ол: «Тарих жолымен қарасақ, -деп жазды ол «Қазақ» газетінде,-келімсек жұрт күшті болса, келімсек жұрт сіңіп, тұрғын жұрттың түріне түсіп, бөтендігі жоғалмақшы». Ахаңның осы кемеңгерлікпен айтқан әлеуметтік-этнологиялық концепциясы кеңестік жүйе кезінде қазақтың баласына түсіп, орыс қауымы Қазақстанда үлкен этносты күшке айналды. Оның әлеуметтік зардабы қазақ тілінің мүшкіл халіне, тарихи және рухани сабақтастықтың бұзылуына әкеліп соқтырды.









Ахмет «Қазақ» газетіндегі бас редактор


1913 жылдың көктемінен өзі шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұрсынов қазақ қоғамынының саяси-әлеуметтік мәселесін көтеріп, оны өзінің отарлық бұғаудан қазақты құтқару жолындағы күресінің құралына айналдырды.

Өзінің саяси-әлеуметтік көзқарасын газет бетінде насихаттаумен қатар, оны іске асыру үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын да жүргізді. Жалпы қазақ съездерін шақыруға мұрындық болып, оларды шақыру, өткізу жұмыстарына белсене қатысты. Сондай съездің алғашқысы 1917 жылы 2-8 сәуірде Орынбор қаласында «Торғай облыстық съезі» деген атпен өткізілді. Оған 300 делегат қатысты. Съезді «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұрсынов ашты. Ол «Ресейдегі Ақпан төңкерілісі қазаққа бостандық береді» деп түсіндірді. Съезд он төрт мәселе талқылап, ауылдық, уездік, болыстық және облыстық азаматтық комитеттер құруға шешім қабылдады. Съезд жалпықазақ съезін шақыруға шешім қабылдап, Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған сегіз адамнан ұйымдастыру бюросын құрды. Оған съездің бағдарламасын даярлау, өткізілетін уақыты мен орнын белгілеу тапсырылды. Съезд мерзімді баспасөздің маңыздылығын еске ала отырып, Орынборда шақырылып келген «Қазақ» газетін жиірірек шығарып тұру қажет деп тапты. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру қажет деп, әрбір жүз мың үйге бір мектептен болу керектігін көрсетті. Съезд қарарларын орындауды ұйымдастыра отырып, Ахаң қазақтың – ұлттық-демократиялық партиясы «Алашты» құруға белсене қатысты. Оның бағдарламалық құжаттарын даярлауға және құруға ат салысты. Съезд 1917 жылы шілденің 21-нен 26-на дейін Орынборда болды. Съезде қаралған өзекті мәселелер: қазақтың териториялық-ұлттық автономиясын құру, жер мәселесін шешу, мемлекет басқару ісін, халықтың миллиция, сот құру, халыққа міндетті түрде бастауыш білім беру, қазақтың саяси партиясын құру т.б. мәселелері талқыланды.

Қаралған мәселелер Ахмет Байтұрсыновтың белсенді қатысуымен және оның үлкен ықпал етуімен талқыланып, олар жөнінде қазақ қоғамының өркендеуі, саяси әлеуметтік қатынастарын жақсарту жөнінде құнды шешімдер қабылданды. Шешім бойынша, Ресей құрамында қазақтың ұлттық демократиялық мемлекетін құрып, онда демократиялық әлеуметтік өзгерістер жүргізу көзделді. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасына әйелдердің саяси және әлеуметтік тең құқығы туралы қағида енгізді. 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш»партиясының жобасында Ахмет Байтұрсыновтың да қолы тұрды. Онда Ахметпен бірге Әлихан Бөкейхановтың да әлеуметтік көзқарастарын айқындайтын тұжырымдар жарияланды. Мәселен - «Басқарма мен миллицияда істейтіндер жөніндегі мәселені халық шешеді. Партия халық үшін дәулет пен мәдениет жасауға ұмтылады… Партия кедейлерді жолдас, қанаушыларды жау деп санайды. Салық әркімнің дәрежесіне және дүние мүлкінің дәрежесіне байланысты алынуы керек…

Халыққа білім беру баршаға ортақ, барлық оқу орнында тегін оқылады », -деп жария еткен. Жобадағы қағидалар Ресейде жеңіске жеткен Ақпан төңкерісінің ұрандарына сеніммен қарағандықтан жарияланған. Оны бағдарлама жобасынан көруге болады «Ресей демократиялық, федеративтік, парламенттік республика болады... Федерация мағынасы құрдас мемлекеттік бірлесу. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді »,- делінген.

Ахаңның «Қазақ» газеті бетінде 1917 жылдың екінші жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік проблемаларымен қатар, саяси проблемалар , ұлттық мемлекеттік мәселелері көбірек талқыланды. Оның өзекті мәселелері газеттің 1917 жылғы 252 –санында жарияланған «Ел қорғау » деген мақаласында жан жақты баяндалды. Онда: «Қазір бізге басында, мал-мүлкіңді, жер-суыңды қорғама деп тиятын да Ресей жоқ, пана болып қорғарлық та Ресей жоқ... Қазаққа өз жабдығыңды қазір ойлап, өлмес қамыңды істе деп отырғанымыздың мәні осы... Ресейге паналамаған кезде қазақ едің: өлер ме едің, яки өлмес қамыңды істер ме едің?! Өлмес қамыңды істер болсаң, істейтін шақ міне туды»,- деп ұран тастады. Ахаң «Қазақ» газетін барлық ұйымдастыру, саяси-әлеуметтік жұмыстардың орталығына айналдырды. Екінші жалпы қазақ съезін шақыруға Әлихан Бөкейхановпен бірге қызу жұмыс жүргізді. Съезге дайындықты айта келіп, «Қазақ» газеті 1917жылы 2-қазанда шыққан 244-санында , шілдеде өткен бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі негізінде құрылатын қазақтың саяси партиясын ежелгі атамыздың аты бойынша «Алаш» деп атау жөн деп жарияланды. Сол жылдың желтоқсан айының 5-нен 13-іне дейін Орынборда өткен 2-жалпықазақтық съезде қазақтың ұлттық-териториялық автономиясы да , саяси партиясы да Алаш деп аталсын деп шешім қабылдады. Съезде мектепке оқулық жасайтын Ахмет Байтұрсынов бастаған комиссия құрылды.

«Қазақ» газетінде жаңа ғана қанаттаған жылдың өзінде жаздыртып алушылар саны үш мыңға жеткен. Ахмет Байтұрсынов газет шығарудың талай қиыншылықтарын бастан кешірді. Түрлі-түрлі қаңқулардың шырмауына түскен. Маңдайы тауға да, тасқа да соғылған.

Бұл газет туралы Мұхтар Әуезов былай деп еске алады: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ахаңның жаңа істеген еңбегі-қазақтың ұзын–ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатып кеткен-мәңгілік ескерткіш.

Қазақ жастарының сол кездегі ардақты тәрбиешісі Ахаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күндері мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалап мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын тұманды оймен сезуші едік. Көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестеген еді.

Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің беттерінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық сөздер қауіптің пішінін айқын көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолына беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып жатқан әлсіз ойын «жол мұндалап», жетегіне бара жатқандай байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын.

Бөтен қалада қыр есіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға «Қазақ» газеті ауылынан келген сәлемдемедей болатын, ел басына келген пәле атын білмей, түсін танымаса да, елі мінбеген еспесі жоқ қайықты теңіздің ішінде жылжытып бара жатқан жел мен құйынның бар екенін оқып жүрген бала да сезе тұғын. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін, ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын...

Ұлттық Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі - Сәкен Сейфулин. Ол «Еңбекші қазақ» газетінде 1923жылы 19 январь «Ахмет Байтұрсынов елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «Ахмет Байтұрсынов қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың ішінен шыққан, өз заманында патша армап, қулықты атаман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз - Ахмет еді. Қазақтың осы замандағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды.» «Қырық мысал », «Маса» кітаптарын, «Қазақ» газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан Компартияға кіргенін түгел шалып айта келіп, мынадай түйін түйеді: «Қалай болса да, жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай...»

Сөйтіп, «Қазақ» газеті 1918 жылдың октябріне дейін шыққан.






Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік мәні.


Өткен жылы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдық мерейтойын атап өту барысында істелінген істер келер ұрпаққа үлігі-өнеге боларлық жай. «Ахметтану» саласының игі бастамасы, алып бәйтеректі алашқа қайта таныту мақсатындағы сара жолдың алғашқы соқпақтары іспетті. Жыл ішінде республикамыздың барлық білім ордаларында өткен ғылыми-практикалық конференциялар, баспасөз беттеріндегі толассыз жарияланған мақала, монографиялар, Алматыда ашылған мұражайы, орнатылған ескерткіш-бюсті, «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліп биі» қала, ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының (кездесулер, кештер, жарыстар) арнайы ұйьмдастырылуы бүкіл қазақтың зиялы қауымының, болашақтың тірегі жас бүлдіршіндердің ұлттық санасының қалыптасуы мен жаңаруына зор ықпалын, игі өсерін тигізді десек артық айтқандық емес. Мұндай жасампаз жұмыстар бүгінгі жастарға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде, жан-жақты дамыта отырып оқыту ісін де жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосуда. Ұлтық мүдде ұраншысы, оқу-ағарту ісінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік тағылымын әр қырынан таныту, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын іздестіру, ұрпақ тәрбиесінде ұлт жұмысын ұлғайту мақсатындағы ұлы істерін үлгі әрі тағлым ету болашақта да ары қарай жалғасын таба беретін мәңгілік мұрат. Ахмет Байтұрсынов артына айта берсе таусылмас мол мұра қалдырған. Сол мол мұраның бір саласы көркем аудармадағы үлесі қалайда халқын ояту, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» шақыру мақсатында, ол ұлы Абай салған соқпақты — аударма ісін жалғастырды. Абай Құнанбаевтың орны тілі арқылы батыс философ ғалымдары Дарвин, Милл, Спиноза тағы басқа еңбектерімен жақын таныс болғанын, көне грек кемеңгерлері Сократ, Аристотель, Платон еңбектерін үлгі еткендігін білеміз. Орыс әдебиеті үлгілерін Абай жете меңгеріп, Крылов, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Салтыков-Щедринді терең танып, олардың шығармаларын қазақ ті-ліне аударып, аударма існе жол салып, өз халқының «жақсы», «жаман» мінезін ашуда, санасын оятуда басты құрал еткен, яғни XX ғасырдың бес кезінде орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіндегі Абай, Ыбырайдан басталған жолды Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М. Сералин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ахмет Байтұрсыновтар жалғастырып, игі дәстүрге айналдырды.

А.Байтұрсынов алғаш рет 1909 жылы өзінің «Қырық мысал» атты аударма еңбегін жинақ етіп бастырып шығарды. И.А. Крылов өзінің мысал өлеңдеріне біздің эрамызға дейінгі VІ ғасырдағы грек мысалшысы Эзоп, I ғасырда өмір сүрген Рим мысалшысы Федр, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген француз мысалшысы Лафонтен мысалдарының сюжетін пайдаланса, Ахмет А.С. Пушкиннен бір топ мысалдар, оған қоса И. М. Хемницердің «Ат пен есек» шығармасын, орыстың белгілі лирик ақыны Семен Яковлевич Надсонның бір өлеңін қазақ-шаға аударған. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тіліндегі тұңғыш жеке жинақ кітабы болып табылады.

Ахмет Байтұрсынов осы «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген өлеңінде:

Орыстың тәржіме еттім мы салдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғымда желі болса,

Дүсірлеп ішлса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе қулағына дүбір барып.

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма.

Жүргенде қамыт басып, қажып-талып, —

деп халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасындағы жақсылықтарды ізденіс жолында пайдалануды үлгі етіп алуды мақсат-ниет тұта айтқан. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы болған жанр-мысал жанрын аудару ісінде А.Байтұрсынов айтылатын ойдың салмақтылығына, қазақ оқушыларының жанына жақын да түсінікті, сезімін оятарлық дәрежеде болуына баса назар аударған. И.А.Крыловтан Абай-14, Спандияр Көбеев -37, Бекет Өтетілеуов-12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше аударылғаны да бар. Мәселен: «Аққу, шортан һәмшаян», «Ат пен есек», «Қасқыр мен қозы», «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. «Ала қойпар», «Есек пен бұлбұл», «Бақа мен өгіз» т.б. мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Абай аудармалары Крыловтың түпнұсқасымен көбіне дәлме-дәл келеді. С.Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он томдық «Шымшық пен көгершін» мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын шығарма «Өгіз бен бақа» орысшада-17, қазақшада-36, «Қасқыр мен тырна» орысшада-35, қазақ-шада-56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жаса-ғанын көрсетеді.

Ахмет Байтұрсыновтың сүйікті жанры-мысал болғандығын ғұлама ғалымның әрбір шығармасынан-ақ байқауға болады. Эзоп, Крылов сияқты Ахмет Байтұрсынов та маса, бүйі, есек, маймыл бейнелері арқылы кертартпа кемшіліктер мен жағымсыз қылықтарды сынау үшін «алмас қанжардай» өткір құрал еткен. Ахмет Байтұрсыновтың аударма мысалдарының өзіндік

ерекшелігі ол әрбір мысал соңында ақынның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жасаған, өзіндік қорытынды ойлары кез-келген жас оқырманды өзінше қорытынды жаса, қандай ғибрат алдым, - деп ойлан деген әрекетке итермелеп тұрғандай. Яғни, біз үшін ғұлама ғалымның ең бағалы мұраларының прогрессивті идеялары, шаршамай-талмай халқының кертартпа, кесепатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы.

Мысалы:

Білмейсің жөнің менен терісіңді,

Ел болып іс етпейсің келісімді

Жөн айтқан жұртшылыққа

Шығарсың қолыңа ал керісіңді, - десе тағы бірде

-Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,

Қайтейін өзге десе көншігіңді.

Сықылды сынық бұтақ

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді? - деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық сияқты жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қаситтердің қауіпті екенін, болар елдің баласы олай етпейтіндігін, халқыма кесапаты тиетіндігін айта келіп, «лақ құрлы бақырмай, өлер болсаң», келімсектер алдында төмендей берсең, олардың оп-оңай жем қылып, тоз-тоз ететіндігін, сондықтан опық жемей тұрғанда одан құтылар жол ізде деп терең ой тастайды. Немесе Крыловтан аударған «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалының соңында:

- Жігіттер мұнан ғират алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!