Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы тәрбие сағаты

Ахмет Байтұрсынұлы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
4367
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ахмет БайтұрсынұлыМақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту.Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, «Кубизм» стратегиясы.Көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар.III Кіріспе сөзҚазақ әдебиетінің бес арысы Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ақын - жазушылар білім мен ғылым саласында ерен еңбек еткен. Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік - қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған. - Олай болса балалар бұл адамдарды неге «Бес арыс» дейді?(Өйткені бесеуі де елдің мұңын жырлап қараңғы халықты ағартушылыққа бет бұруды көздеген азаматтар болған. Шығармаларын ағартушылыққа арнаған ақын - жазушылар. Бірақ өз ойын, мақсатын соңына дейін жеткізе алмай арманда кеткен арыстар.Қазақта ер азаматтың дүниеден ерте өткенін «арысым - ай» деп жоқтаған. Бұлардың барлығы дүниеден ерте кеткен азаматтар. Сондықтан арыс деген сөздің мағынасы кең, терең болған.)Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы бес арыстың біреуіАхмет Байтұрсынұлы туралы болмақ.Балалар, сендер Ахмед Байтұрсынұлы туралы не білесіңдер?Бейнефильм көрсету:Ахмет Байтұрсынұлы 1873жылы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы) Аққөл ауылында дүниеге келді.Ахмет - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткеріХронологиялық кесте..1882 - 84жылдары ауыл мектебінде оқыды1890ж. Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.1895ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген1895 - 1909ж Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс - қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады1909ж патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылады1913ж Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.1918 - 19ж Алашорда қатарында болады.1922 - 25ж Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары1925 - 29ж Халық ағарту институтында және ҚазПИ - де оқытушы болды.1929ж маусымда қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.М. Горькийдің зайыбы Пешкованың қолдаухатымен Ахметті босатады. Сол кезде, ол жанұясымен Алматыға қайта оралады.1937ж қазан айында А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады, екі айдан соң «халық жауы»деп, атылдыЯғни бүгінгі сабағымызды постер құру арқылы пысықтайық, сонымен1. Ахмет - аудармашы2 Ахмет - ақын3. Ахмет - тілші4. Ахмет - мұғалімСабағымызды мен Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезовтің сөзімен қорытындылағым келіп отыр.Олай болса біз де Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне деген зор еңбегін ұмытпайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ