Материалдар / Айбын-достық мекені.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айбын-достық мекені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Айбынды елдің айбынды жастары туралы. Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жас¬тар үшін отан¬сүй¬гіштіктің, дос¬тық¬тың және тұлға болып қа¬лып¬тасудың шынайы мектебі. Біз – бірлік туын берік ұстаған, бар¬шаға үлгілі көпұлтты елміз. «Ел бірлігі- айбынды жас ұрпақта»-дегендей Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айбын-достық мекені.

Әскери бөлімнің күші- жауынгерлік достық пен

жолдастық бірлікте, ынтымақта.

(Б.Момышұлы)

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарымызға айтылған сөзінде: «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу»,- деген еді. Бұл үндеудің басты мақсаты еліміздің, жеріміздің, ұлтымыздың тарихы – ұрпақ игілігі, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрасы, қайталанбас құндылығы. «Кешегіден бүгінгіге, бүгінгіден келешекке бағыт түзеп тынбай толастамай зулаған уақыт, өмір көшінің тұла- бойы тұнған тарих-сананың інжу-маржан шежіресі»-десек, сол бағыттың жалғасы болған, ата-бабаларымыз аманат еткен ұлан-ғайыр жеріміздің қорғаны болар бүгінгі «Айбын» әскери-патриоттық ұйым.

Қазақстан президенті мемлекет тарапынан жастарды қолдап, олардың болашақтарын жарқын ету үшін ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі екеніне назар аударды. Сондықтан да Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жастарымыздың болашағынан зор үміт күтіп, олардың болашаға жарқын болуы үшін жан-жақты білім алуына жағдай жасалуда. Қазақстанның көк туын желбіретер жас буындарымызға бүгінгі күні патриоттық тәрбие негізінде жас сарбаздар мектебі де өңіріміздің түпкір-түкпірінде бой көтеруде.

Бүгінгі таңда Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жас­тар үшін отан­сүй­гіштіктің, дос­тық­тың және тұлға болып қа­лып­тасудың шынайы мектебі. Біз – бірлік туын берік ұстаған, бар­шаға үлгілі көпұлтты елміз. «Ел бірлігі- айбынды жас ұрпақта»-дегендей Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген қазақ даласын қорғар ел азаматтары деген сеніммен үміттенеміз! Қазіргі таңда Республикамыздың әр аймағында дәстүрге айналған «Айбын-2021» әскери-патриоттық жиыны Отанымыздың қорғаушысы болуға шақырылған жастар үшін бірегей алаң болып саналады, – дейді мемлет басшысы өз сөзінде. Осындай Айбын-2021» әскери-патриоттық ұйым Қарағанды қаласының Ю.Н.Павлов атындағы жалпы білім беру мектебінде де бой көтеруде. Мектебіміздегі әскери-патриоттық саладағы білім берудің негізгі мақсаты оқушы бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, ел намысын қорғар жас сарбаздар дайындау. Осындай мақсатты ұстанған мектебіміздің «Жас мотоатқыштар» әскери-патриоттық клубы өз нәтижесін көрсетуде. Атап айтсақ «Айбын-2021» әскери-патриоттық жиыны бүгінгі күні терең дайындық барысында оқушылармен тығыз жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ биылғы жылы мектебімізде жас журналистер үшін де «Жас сарбаз-жас тілші» деген сайыста өз жұмысын жандандыруда. Қазақ елінің құндылығын болған «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша да нәтижелі көрсеткішкер көрсетілуде. Бұның барлығы мектебіміздің мәртебесі, мақтанышы. Осындай игі істерді барында қолға алып, жетекшілік еткен аға-ұстаздардың еңбегіне шығармашылық татыс тілейміз! Бүгінгі күні мемлекет үшін жас­тарға рухани-адамгершілік тәр­бие беру және шын мәніндегі патриотты дайындау өте маңыз­ды. Әр жас ұрпақтың бойында, санасында, жүрек түкпірінде жасам­паздық, бейбітшілік пен келісім, халықтың бір­лігі, Отанға деген сүйіспеншілік, халқ­ы­мызды біріктіретін құндылықтар жас­тар­дың басты бағыт-бағдары. Осындай айбынды елдің асқақ туын көкке желбірететін жастар «Айбын-татулықтың белгісі, Айбын-жалынды жастардың жиыны, Айбын-болашақтың қорғанышы, Айбын-нағыз ер азаматтың мәртебесі» екенін қағида етіп, елінің бірлігін, намысын, арын, тәуелсіздігін сақтау-басты парызым деп білуі тиіс.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» -деген сөздің астарында достығымыз -бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің әсем көрінісі болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, айбынымыз асқақтап, ілгері басып келеді. Әрине бұл қазақ елінің көпұлттылығы, халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі -біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтау әр азаматтың парызы, Отан алдындағы борышы. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Бірлігі жарасқан елдің туы әрқашан биікте асқақтатар, айбыны зор айбынды жастардың қолында. Сондықтан да бүгінгі тәуелсіз мемлекет аталып, ел – халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету -бүгінгі күннің өзекті міндеті,-дей келе айбынды Ата заңымыз бен айбынды жастарымыз жасай берсін демекпін. Қазақ елі- достығы жарасқан, қаймағы бұзылмаған озық ел! Бүгінгі білімді, саналы ұрпақ-елдің ертеңі, Отанның қорғаушысы. Сондықтан да айбынды елдің болашағы айқын боларына кәміл сенемін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!