Материалдар / ӘЙЕЛДЕР МЕН ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЙЕЛДЕР МЕН ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыс уақытын реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Әйелдердің еңбек нарығындағы рөлі, олардың отбасылық жауапкершіліктерімен байланысты қиындықтар, және икемді жұмыс кестесінің, қашықтан жұмыс істеудің, қысқартылған жұмыс күнінің артықшылықтары талқыланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
135
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 349.22

ӘЙЕЛДЕР МЕН ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ

БАР АДАМДАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫН

РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Әділхан Ақжан Бахытжанқызы

Қорқыт Ата атындағы ҚУ

Ю-23-3 оқу тобының 2 курс студенті;

Исаева Айнұр Жеңісқызы

«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы,

философия докторы

Аңдатпа: Бұл мақалада әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыс уақытын реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Әйелдердің еңбек нарығындағы рөлі, олардың отбасылық жауапкершіліктерімен байланысты қиындықтар, және икемді жұмыс кестесінің, қашықтан жұмыс істеудің, қысқартылған жұмыс күнінің артықшылықтары талқыланады. Жұмыс уақытын тиімді реттеу әйелдердің еңбек өнімділігін арттыруға, отбасымен уақыт өткізуге және гендерлік теңдікті қалыптастыруға ықпал етеді. Мақала жұмыс уақытын реттеу мәселесінің әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Кілт сөздер: Әйелдер, отбасылық міндеттер, жұмыс уақыты, икемділік, қашықтан жұмыс, қысқартылған жұмыс күні, еңбек нарығы



ОСОБЕННОСТИ РЕГУЛИРОВАНИЯ РАБОЧЕГО

ВРЕМЕНИ ДЛЯ ЖЕНЩИН И ЛЮДЕЙ

С СЕМЕЙНЫМИ ОБЯЗАННОСТЯМИ



Аннотация: В данной статье рассматриваются особенности регулирования рабочего времени для женщин и лиц с семейными обязанностями. Обсуждаются роль женщин на рынке труда, трудности, связанные с их семейными обязанностями, а также преимущества гибкого рабочего графика, удаленной работы и сокращенного рабочего дня. Эффективное регулирование рабочего времени способствует повышению производительности труда женщин, позволяет уделять больше времени семье и способствует формированию гендерного равенства. Статья подчеркивает социальное и экономическое значение вопросов регулирования рабочего времени.

Ключевые слова: Женщины, семейные обязанности, рабочее время, гибкость, удалённая работа, сокращённый рабочий день, рынок труда



FEATURES OF WORK TIME REGULATION

FOR WOMEN AND INDIVIDUALS

WITH FAMILY RESPONSIBILITIES



Abstract: This article examines the features of work time regulation for women and individuals with family responsibilities. It discusses the role of women in the labor market, the challenges associated with their family obligations, and the benefits of flexible work schedules, remote work, and reduced working hours. Effective work time regulation enhances women's productivity, allows for more family time, and promotes gender equality. The article highlights the social and economic significance of work time regulation issues.

Key words: Women, family responsibilities, work hours, flexibility, remote work, reduced working hours, labor market



Кіріспе: Қазіргі заманда әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыс уақытын тиімді реттеу мәселесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Әйелдер еңбек нарығында белсенді рөл атқарғанымен, олардың отбасылық жауапкершіліктері жиі жұмысқа қатысуын қиындатады. Сондықтан, жұмыс уақытын реттеу, икемділік, қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктері және қысқартылған жұмыс күні сияқты шаралардың маңызы артып келеді.

ҚР Конституциясы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін кепілдендіреді [1]. Еңбек кодексінде Конституциямен және халықаралық шарттармен кепілдендірілген азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтары қарастырылған: еңбек бостандығын қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, еңбекке лайықты сыйақы. Бұл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабында көрсетілген қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі қағидасында көрініс табады [2].

Әйелдердің ер адамдармен қатар тең құқықтары бар, алайда сонымен бірге әйелдердің міндеттері де көбірек: жұмыстан басқа оларға аса маңызды жауапкершілік - отбасы мүшелерінің тәрбиесі мен денсаулығы және бірінші кезекте – бала тәрбиесі жүктеледі. Қоғамдық өндірісте қамтылғандардың жартысынан көбін әйелдер құрайды. Сонымен бірге, әлеуметтік зерттеулер әйелдердің және отбасылық міндеттері бар адамдардың едәуір бөлігі еңбек заңнамасында жазылған өз құқықтарын білмейтінідігін көрсетеді.

Отбасылық міндеттер, оның ішінде балаларды тәрбиелеу, үй шаруашылығы және қаржылық міндеттемелер, әйелдердің еңбек нарығына қатысуына тікелей әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасындағы жауапкершіліктері бар әйелдер жұмыстағы өнімділікті арттыруда, мансаптық өсуге қол жеткізуде, және психологиялық стресстің төмендеуінде қиындықтарға тап болады [3].

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Кодекс әйелдерге тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, бұл олардың отбасылық міндеттерімен қатар кәсіби қызметте бәсекеге қабілеттілігін сақтауына ықпал етеді. Кодекстің нормалары, әйелдердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған, мысалы, декреттік демалыс, бала күтімі және икемді жұмыс уақыты. Икемді жұмыс уақыты – отбасылық міндеттері бар әйелдер үшін тиімді шешімдердің бірі. Икемділік қызметкерлерге өз уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл жұмыс пен отбасы арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Икемді жұмыс уақыты әйелдердің отбасылық міндеттерін орындауда икемділікті арттырады, бұл өз кезегінде жұмыс орындарында өнімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қашықтан жұмыс істеу де мүмкіндіктері әйелдерге отбасылық міндеттерімен қатар кәсіби дамуына мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жолға кететін уақытты қысқартып, отбасымен өткізілетін уақытты арттырады. Қашықтан жұмыс істеу әйелдерге отбасымен тиімдірек байланыста болуға және қажетті міндеттерін орындауға мүмкіндік береді [4]. Қысқартылған жұмыс күні – отбасылық міндеттері бар қызметкерлер үшін жұмыс кестесін жеңілдетудің тағы бір жолы. Бұл модель бала күтімі немесе басқа да отбасылық міндеттермен айналысатын адамдарға жұмыс пен отбасын теңестіре отырып, өздерін кәсіби жағынан дамытуға мүмкіндік береді. Кодекстің 69-бабында қысқартылған жұмыс күнінің жағдайлары мен мерзімдері көрсетілген [5].

Жұмыс уақытын реттеу әйелдерге еңбек нарығында тең құқықтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Икемді жұмыс шарттары, қашықтан жұмыс істеу, және қысқартылған жұмыс күні әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың мансаптық дамуына қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Отбасылық міндеттері бар әйелдер мен азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары да маңызды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, яғни бала күтімі бойынша жәрдемақылар мен декреттік демалыстар, жұмыс істейтін әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Кодексте және әлеуметтік қорғау заңдарында осы мәселелерге қатысты нақты нормалар мен талаптар бар [6].

Жұмыс беруші, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен жүкті әйелмен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен, он төрт жасқа дейігі балаларды (не он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбилеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған дәрежедегі анасыз қалған балаларды тәрбилеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын бұзуға құқығы жоқ. Жүкті әйелдер құқығына қатысты, егер әйел еңбек шарты мерзімінің аяқталу күніне, жоқ қызметкердің орнын ауыстырған жағдайлардан басқа, он екі және одан көп апта мерзімімен жүктілігі туралы медициналық қорытындыны ұсынса, онда жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа жеткенге дейінгі бала күтімі бойынша демалысының аяқталған күніне дейін ұзартуға міндетті.

Жұмыс беруші жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндерінде жұмысқа шығару, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ оларды төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртуға құқығы жоқ. Бұдан басқа, жұмыс беруші түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, сондай-ақ вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа:

1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және анасыз қалған жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбилеп отырған басқа да адамдарды;

2) сырқаттанған отбасы мүшелерінің күтімін жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, егер медициналық қорытындының негізінде үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының сырқат мүшелері үнемі күтімді жүзеге асыруға мұқтаж отбасы мүшелері бар қызметкерлерді олардың жазбаша келісімінсіз жіберуге құқығы жоқ.

Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге және бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге, демалыс және тамақтануға берілетін үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшін әрбір үш сағаттан кем емес уақытта мынадай ұзақтықтарда қосымша үзілістер берілетіндігін көбі біле бермейді:

1) бір баласы бар адамдарға — әрбір үзілісте отыз минуттан кем емес;

2) бір немесе одан көп балалары бар адамдарға — әрбір үзілісте бір сағаттан кем емес.

Баланы тамақтандыру үшін үзілістер қызметкердің өтініші бойынша демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады не жиынтықталған үзілістер жұмыс күнінің басында немесе жұмыс күнінің (ауысымның) аяғында беріледі. Жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың бірінің, сондай-ақ сырқаттанған отбасы мүшесін күтетін қызметкердің өтініші бойынша, медициналық қорытындыға сәйкес, жұмыс беруші толық емес жұмыс режимін ұсына алады.

Жүкті әйелдер үшін, егер жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жұмыс уақытын жиынтықтау есебін қолдануға жол берілмейді. Бұдан басқа, медициналық қорытындының негізінде жұмыс беруші жүкті әйелді, орташа айлық жалақысын сақтап, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысты ұсынғанға дейін, ол соның салдарынан босатылған жұмыс күндеріне жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа айлық жалақысының сақталуымен, жұмыстан босатылуға жатады. Жүктілігі және тууы бойынша демалыстың алдында немесе тікелей содан кейін не бала күтімі бойынша демалыс аяқталған соң әйелге оның қалауы бойынша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі

Әйелдерге өтініші бойынша және белгіленген тәртіпте берілген жұмысқа жарамсыздығы туралы парақ негізінде, егер өзге Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленбегенде, ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге босанғанға дейін және елу алты күн (күрделі босанғанда және екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс күн) босанғаннан кейін демалыстар беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықпен саналады және әйелге демалыс босанғанаға дейін іс жүзінде пайдаланылған күндердің санына және жұмыс берушіде жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан, толығымен ұсынылады. Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге (ата-анасының біреуіне) асырап алған күннен бастап, бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс ұсынылады.

Жүктілігі және тууы бойынша, жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге демалысты төлеуге қатысты, жұмыс беруші, егер ол еңбек және ұжымдық шарт жағдайларымен, жұмыс берушінің актімен көзделген болса, жүктілігі және тууына, жаңа туған баланы (балаларды) қызды (ұлды) асырап алуға байланысты кірістен айырылған жағдайға, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған әлеуметтік төлем сомасын алып тастаумен, жүктілігі және тууы бойынша, жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге демалысты орташа айлық жалақысын сақтаумен төлейді. Жұмыс беруші жұмысшыға бала үш жасқа толғанға дейінгі мерзімге күтім бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ұсынуға міндетті. Ата-ананың таңдауы бойынша бұл не әкесі, не шешесі не баланы жалғыз тәрбиелейтін ата-ана, сондай-ақ іс жүзінде баланы тәрбиелейтін баланың туысы не жаңа туған баланың асырап алушысы болуы мүмкін.

Бұл демалыс қызметкердің жазбаша өтініші негізінде толығымен немесе бөлек-бөлек пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, демалыс кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала үш жасқа толғанға дейінгі мерзімге күтім бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер өзге Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе, жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне саналады. Бала үш жасқа толғанға дейінгі мерзімге күтім бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысы аяқталмағанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіні жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын өз ниеті туралы ескертуге міндетті.

Осы дәрежедегі қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жұмыс берушінің – заңды тұлғаның жұмысы тек жойылған кезде не жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде; қызметкердің біліктілігінің жеткіліксіздігі себебінен атқаратын лауазымына немесе орындалатын жұмысқа сәйкес еместігі және қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі болмайтын жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталған кезде жол беріледі [7].

Отбасылық өмір мен еңбек арасындағы тепе-теңдікті сақтау — қазіргі қоғамдағы маңызды міндет. Көптеген әйелдер, әсіресе, отбасылық жауапкершіліктерін атқару барысында жұмыспен қатар жүгіріп жүріп, қиындықтарға тап болады. Балаларды тәрбиелеу, үй шаруасымен айналысу, қарт ата-анаға көмек көрсету секілді міндеттер әйелдердің жұмыс кестесіне айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс уақытын реттеудің тиімді тәсілдері әйелдердің еңбек нарығындағы рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мәселеге орай әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыс уақытын тиімді реттеу үшін келесідей ұсыныстарды қарастыруға болады:

1. Икемді жұмыс кестесін енгізу:

Егер жұмыс орындарыңызда жұмыс уақытының икемділігін қамтамасыз ететін болса, оны пайдаланыңыз. Мысалы, жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақытын өз қажеттіліктеріңізге сәйкес реттеу, сондай-ақ, қажет болса, дистанциялық жұмыс режимін қолдану отбасылық міндеттеріңізді орындауға мүмкіндік береді.

2. Күнделікті жоспарлау және приоритеттерді анықтау:

Әр күнді жоспарлап, міндеттеріңізді басымдылығына қарай бөліп, неғұрлым маңызды жұмыстарды бірінші орында орындаңыз. Бұл әдіс уақытты тиімді пайдаланып, отбасылық міндеттерді де ескеруге көмектеседі.

3. Міндеттерді делегирлеу:

Отбасы мүшелерімен және туыстармен міндеттерді бөлісуді қарастырыңыз. Отбасылық жұмыстарды бірге орындау, балаларды қарау немесе үй шаруашылығын ұйымдастыру — барлығына пайдалы болады. Бұл уақытты үнемдеуге және стрессті азайтуға көмектеседі.

4. Технология мен құралдарды тиімді пайдалану:

Уақытты басқару мен міндеттерді орындауға көмектесетін заманауи технологияларды пайдалану. Мысалы, күнтізбе қосымшалары, тапсырмалар тізімі, ескертулер сияқты құралдар жұмысыңызды жеңілдетеді.

5. Ашық коммуникация:

Отбасы мүшелерімен ашық әрі шынайы сөйлесу, қажеттіліктер мен міндеттерді анықтап, бір-біріңізге қолдау көрсету. Бұл үйлесімділікті қамтамасыз етіп, проблемаларды бірлесе шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар, жұмыс орындарында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер мен ерлер арасындағы тең мүмкіндік жасау қажет. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, әйелдер жұмысқа тартылған кезде, олар компаниялардың өнімділігін арттыруға және инновациялық шешімдер ұсынуға қабілетті. Сондықтан, жұмыс берушілердің әйелдерге қатысты саясаттарын қайта қарауы, гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуі өте маңызды. Отбасылық міндеттері бар адамдарға арналған қолдау бағдарламаларының да рөлі зор. Мысалы, бала күтімі, демалыс уақытын тиімді жоспарлау, және кеңес беру қызметтері әйелдерге мансаптық өсуді қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет пен жұмыс берушілер тарапынан қолдау көрсету, еңбек нарығында әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында маңызды қадам болып табылады.

Қорытындылай келе, әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыс уақытын реттеу мәселесі, тек жеке тұлғалардың емес, қоғамның дамуында да шешуші рөл атқарады. Икемді жұмыс кестелері, гендерлік теңдік, және отбасылық қолдау жүйелері арқылы біз барлық жұмысшылардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейте аламыз. Нәтижесінде, әйелдер мен отбасылық міндеттері бар адамдардың жұмыспен және жеке өмірмен үйлесімін қамтамасыз ету, қоғамның тұрақты дамуына және экономиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыздағы Республикалық референдумда қабылданған)

  2. 2015 жылы 23 қарашада № 414-V Заңымен қабылданған ҚР Еңбек кодексі

  3. «Отбасылық міндеттер мен еңбек қызметінің өзара әсері». Әлеуметтік зерттеулер журналы | Момбекова Н (2018ж)

  4. «Жұмыс уақыты мен отбасылық міндеттер: шешу жолдары». Еңбек және әлеуметтік қорғау | Дүйсенова Л (2020ж)

  5. ҚР Еңбек кодексі | 69б

  6. Отбасы және еңбек / «Отбасылық өмір мен еңбек: әлеуметтік мәселелер» | Тұрсынова М (2021ж)

  7. https://egov.kz/cms/kk/articles/employment_relations/womens_labor_rights | Жүкті әйелдер мен жас аналардың еңбек құқықтары

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!