Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әйелдер-үлкен күш
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әйелдер-үлкен күш
Әйелдер-үлкен күш. Нәзік жанды әйелдер араласпайтын бірде-бір сала жоқ, шығар. Өңір тарихын зерделесек, бұған көз жеткізуге әбден болады. Өлкедегі әйелдер, қыз-келіншектердің тапсырылған іске үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын және тиянақты орындайтындығын «Қызылтаң» колхозының тарихын қарастырғанда көзім жетті.
1930 жылдардар ішінде осы өңірде 2 серіктестік құрылып, кейін екеуі де артель, артынан колхоз болды. Бірі-«Қызылтаң». Екіншісі–Тұщыбек. Тұщыбек серіктестігі 1938 жылы құрылып, 1954 жылы «Қызылтаңға» қосылып, Тұщыбек ауылдық кеңесі жұмыс жасады.
Колхоз ұжымы 1931, 1937 - 1938 жылғы зобалаңдарға қарамастан, тіршілік тізгінін берік ұстады. Бұл жылдарда екі колхоздан да бірде-бір адам жалған жаланың құрбаны болмаған. Ешкімді-ешкім сыртынан сатпаған. Алайда біздің жерлес-әйелдеріміздің бұл жылдардағы бастан өткерген ауыртпалығын, қиындығын айтпай қалуға болмайды. Сол жылдардағы «Қызылтаң» колхозының кейбір малшы отбасыларының тарих тақсыретін қалай тартқанын, қандай зобалаңға түсіп, қияметті күн кешкенін, ата мекеннен ауып, өзінің қазақи болмысын түгел өзгерткен мына сурет айқындап-ақ тұр.
Тарихтың тәлкегімен Иран асқан қызылтаңдықтар
Соғыс алдында Тұщыбекте 80 үй, қоғамдық малдан 4579 қой-ешкі, 151 түйе, 376 жылқы, 331 сиыр болыпты. 1939 жылы мал шаруашылығы қарқынмен дами бастады. 1939 жыл «Стахановшылар қозғалысы» жылы болды. «Қызылтаң» колхозынан бұлардың қатарында Түйеші Ізім Тәлкенова, жылқышы Б. Сейсенова, шопан Ұ. Үрпекова, сауыншы М. Қосымова стахановшы атанған. Ізім Тәлкенова бірнеше жыл қатарынан мал басын өсіруде үлкен жетістікке жеткен.
Стахановшы Тәлкенова Ізім
Тәлкенова Ізім 1901 жылы қазіргі Атырау облысы, Жылой ауданында дүниеге келген. 1928 жылы жолдасы Тәлкенов Морхан Жем өзенінен балық аулап жүріп, суға кетіп қайтыс болғаннан кейін, 1921 жылы туылған 7 жасар ұлы Төлебайын алып, ата-енесімен тумаластары қоныстанған Тұщыбек аулына келеді. 1939 жылға дейін малшы-бақташы, түйеші болып жұмыс жасайды.
Еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістерде жасауға әйелдерге тыйым салынады. Соғыс жылдарында бұл ескерілмеді. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Таушықтағы көмір шахтасында жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққанннан кейін 1964 жылы өмірден озды. Ол «1941-1945 жылдары Германия фашистерін жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Сонымен қатар мал бар жерде оның азығы да бар, оны дайындау оңай шаруа емес. 1938-1940 жылдарда Тұщыбек серігінің бірнеше басқарма отырысы болып, мал азығын дайындау туралы мәселелер көтерілген.
Амал не, бұлтсыз күні түскен жасылдай басталған соғыс бір сәтте бәрін ойран-топыр қылды. Ер азамат тегіс ұрысқа алынды. Барлық күш майданға жұмылдырылды. Ауыртпалықты әйелдер мен жасөспірімдер, еңкейген кәрілер көтерді. Мал, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар толығымен әйелдердің мойнына түсті. Егіс, пішен жұмысын толығымен әйелдер атқарды.
Тыл ауыртпалығын әйелдер, қарттар, жасөспірімдерге көтеруге тура келді. Тылдағы атқарылған жұмыстар майданнан кем болмады. Осы тылдағы еңбек еткендер әлі де өз орнын тарихтан ала алмай келе жатырғандығы өкінішті.
Соғыс жылдарындағы қалыптасқан ауыртпалық, қиын жағдайларға қарамастан, елімізде Айдарбаева Үміт - қарауындағы әрбір қозыны шығынсыз өсірген.
Ал 1943 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Тұщыбекте 121 колхозшының 71-і әйел екен. Мал шаруашылығында, егінде, пішенде, науқандық жұмыстың бәріне араласып, өлшеусіз еңбек етіп, бел шешпестен маңдай терін төккен осы аналарға бір ескерткіш керек-ақ! Қайран қара қайраттың қабы аналар! Ерліктің көкесі сендердің еншілеріңде еді ғой!
«1941 жылы Қарағұл таң атпай, әрбір үйдің есігінің алдына келіп: «Егіске шығыңдар!»-деп айқайлайды. Әйелдер жұмысқа шығады. Жас балалары бар әйелдерге қиын. Киім дейтін киім де жоқ. Таңертең балаларын қойдың жабағысына орап кетеді. Жабағыға тұншығып, балалардың өлгені де болды» (Шадиев Талпақ айтқан ауызша деректен).
1943 жылы шөп шауып жүріп, тамақтық ас аз, аштан талып құлап қалған әйелдер болды. Колхоздың мігірі жоқ жұмысының үстінде Іздіхан құлады. Адамның басында іркілдеп ұйып қалған қанды ағызып алатын, болжап айтатын қасиеті бар Дабысқа бала шаптырып, колхоз пішеншілері алдыртады. Дәкең хабарды естісімен, ауылға шабады. Тездетіп, жағы қарысып жатқан әйелдің аузына қамшы қыстырып, аузына еттің қанды көбігін құяды. Қол-аяғын уқалап, Сорпа құйып, тірілтіп алады. Бұл-сол қиын уақыттарда колхозшы әйелдер басынан өткен шындық жайттың бір ғана көрінісі.1944 жылы 27 марттағы «Қызылтаң» колхозындағы егіс жұмысында жұмыс жасайтын қыз-келіншектердің тізімі:
Қатар саны |
Фамилиясы мен аты |
Туған жылы |
Партиялығы |
Атқаратын жұмысы |
1 |
Шабаева Нұрлыхан |
1925 |
Комсомол |
Егіс жұмысы |
2 |
Шахатбаева Дәмеш |
1926 |
- |
Егіс жұмысы |
3 |
Базарбаева Күреңхан |
1915 |
- |
Егіс звено |
4 |
Қасымова Мәзжан |
1922 |
- |
Егіс жұмысы |
5 |
Ниязова Жанила |
1910 |
- |
Егіс жұмысы |
6 |
Құлшықова Өрік |
1913 |
- |
Егіс жұмысы |
7 |
Жұмаева Несібелі |
1901 |
- |
Егіс жұмысы |
8 |
Елеусінова Иба |
1919 |
- |
Егіс жұмысы |
9 |
Құсайынова Ақбілек |
1910 |
- |
Егіс жұмысы |
10 |
Сатыбалдиева Мария |
1904 |
- |
Егіс жұмысы |
11 |
Сабырова Алмаш |
1907 |
- |
Егіс жұмысы |
12 |
Қайырова Қымбат |
1927 |
|
Егіс жұмысы |
13 |
Түлкібаева Нәби |
1911 |
- |
Егіс жұмысы |
Қиялбаев Көңіл өзінің жастығына қарамастан, 1-2 жылдың ішінде шаруашылықтың жайын жақсы меңгерген. 1955 жылы отарына бекітіліп берілген 622 бас ұрғашы тоқтыны 1956 жылдың аяғында 98 пайызын аман сақтап, 2,5 кг жүн алған. Ал 1956 жылы бекітілген 613 қойдың 99,8 пайызын өткен қыста аман сақтап, әрбір 100 саулықтан 107 қозы алды. Аз уақыт ішінде мал шаруашылығында өзінің жеке шеберлік әдістерін көрсете білген. 1957 жылы 15 мартта Қиялбаев Көңілді КПСС мүшесінің кандидаттығына қабылдаған. Кепілдеме берушілер: Ерманов Қайырбай және Кемелханов Махмут. Сенімді пікір беруші-Дүйсенбаев Сенбай. 1958 жылы талапты жастардың комсомолдық тойын колхоз алғаш рет аудан көлемінде өткізді. Көңіл шопан қандай қызмет етсе, зайыбы Ханымның да үлесі одан кем емес еді.
Суретте: Әйгілі шопандар: Қиялбаев Көңіл зайыбы Саламатова Ханыммен
Жыл сайын қойды Орскіге айдап барып, етке мал тапсырған. Қияметтің-қияметі. Жол ұзақтығына ер адам зорға шыдайды. Орскіге 2 рет барған әйелдер де бар. Ол -Әнесова Үзікей-колхоз санитары, Серікбаев Рахман зайыбы.
Қой, түйе малшаруашылығын өркендетуде жоғары көрсеткіштерге жетіп, жан аямай маңдай терін төккен қойшылар мен түйешілер тізімі мұрағатта сақталған әйелдерден: Жүнбасова Доғдырхан 112 бас түйені 99 аман сақтады.
Сол жылдардың белесінде ай сайын облыстық газет беттерінде «Құрмет тақтасы» айдарымен әр колхоздағы озат малшылардың тізімі жарияланған. 1957 жыл 11 ноябрьдегі «Социалистік құрылыс» газетінің № 222 санындағы «Құрмет кітабындағы» тізімге «Қызылтаң» колхозының екі аға шопаны мен 3 түйешісі мал өсірудің майталмандарының арасында: Айтжанова Ақдиланның есімі енгізілген. Оларды біз де құрметпен атауға тиіспіз.
Дүйсенбаева Жанбибі, ф.ғ.д Ақтау қаласы