Материалдар / "Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн"

"Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
1718
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда медициналық жоғары колледжі















БаяндамаТақырыбы: «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»Орындаған: Елеуова БалнұрҚабылдаған: Байменова Индира





































Қызылорда 2018ж

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күнЗорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық - зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.Қазақстанда зорлық-зомбылықты екінші кезектегі мәселе ретінде қарастырады. Бұл мәселе көбіне тұрмыстық жағдайдың, отбасының экономикалық жағдайының көлеңкесінде қалып кетеді. Сондықтан зорлық көрген қыз келіншектер жылдан жылға көбейіп келеді. Оның алдын алу үшін қоғамда үгіт-насихат жұмыстары жаппай жүргізілген жөн. Ол үгіт-насихат жұмыстарын әкімдіктер мен дағдарыс орталықтарынан бастап, діни ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарға дейін жүргізгені жөн деп білемін. Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің құқығын қорғайтын мемлекеттік және тәуелсіз дағдарыс орталықтары бар. Олар әйелдерге заң жөнінен кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетеді. Зорлық - зомбылық көрген әйелдер кез келген ішкі істер басқармасына, әр облыстағы дағдарыс орталықтарына шағым түсіре алады. Олар жайлы бар ақпарат құпия сақталады.2014 жылы ақпанда Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң қайта қаралып, қабылданған.Ішкі істер министрлігі әкімшілік полициясы комитетінің өкілі Игорь Лепеха қыркүйекте Астанада өткізген брифингте: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық осыған дейін әкімшілік жауапкершілік ретінде қаралған. Жаңа заң бойынша қылмыс деп танылады. Зорлық көрсеткен адам 30 күнге қамалып, айыппұл төлейді, кейбірі қоғамдық жұмысқа тартылады» деп мәлімдеді. Қазақстан бас прокуратурасының дерегінше, 2018 жылы әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық артып, мұндай 137 мың оқиға тіркелген, 54 әйел тұрмыстық жәбір кесірінен өзіне қол жұмсаған. БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (UNFPA) Қазақстанда жүргізген зерттеуі бойынша, бұл елде әрбір сегізінші әйел тұрмыстық-зорлық зомбылыққа (адамды ұрып-соғу, жезөкшелікпен айналыстыру, саудаға салу, ақысыз жұмыс істету сияқты қылмыстарға) ұшыраған. «Қазақстандағы әйелдер» ұйымының дерегінше, бір жылда елдегі дағдарыс орталықтарына зорлық-зомбылыққа ұшыраған 12 мың әйел шағымданған. Алматыдағы полиция басқармасы күніне он шақты әйел ерлер Әйелдерге қатысты  әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы -  бақытты ел»  атты ұранымен өткізіліп,  Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтілуде.  Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.                 Осы орайда, бүгін республика көлемінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық  жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің  құқықтық білімін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы - бақытты ел» атты ақпараттық - насихаттау акциясы басталды. Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді халық көп шоғырланған (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда, базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіріп, таратуда.  Жалпы,  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда ішкі істер органдарының жұмыстарын ұйымдастыру тобымен 2015 жылдың 10 ай көлемінде   1693 қылмыстық іс-әрекет тіркелсе, оның ішінде 663-не қатысты қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 72,9 пайызға  төмендеген. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр.   Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша  тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Мысалы, ағымдағы жылдың 15 ақпанында  Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны, 1970 ж.т. Т.Ш. заңды некедегі әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, Ш.Т. асхана пышағымен әйелінің жүрек тұсынан екі рет  жарақат салып, артынша өз-өзін пышақтаған. Нәтижесінде, алған дене жарақаттарынан оның әйелі оқиға болған жерде мерт болған. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Паналау орны жәбір көрген әйелдің бір айда құжаттарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Оған психологиялық қолдау көрсетеді, аурухана, емханаға қаралуына, қажет болса полицияға, сотқа жүгінуге көмектеседі. Теміртауда зәбір көрген балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды. Бұл жер оларға уақытша пана болып, жаңа мамандық табуға да көмектеседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ