Терешкова
атындағы № 31 жалпы орта
мектебі
2017-2018 оқу жылы 12 ақпан
2018 жыл
10-11 сынып
қыздары
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасын
жүзеге асыру
аясында
«Ұл мен қыз – ұлт
намысы»
кешенді іс-шарасының
негізінде
өткен «Әжелер тәрбиесі»
атты
қыздар
жиналысының
Х А Т Т А М А С
Ы
Дайындаған: Тоғысбаева
Г.А.
Шымкент
қаласы
Терешкова атындағы № 31
жалпы орта мектебі
2017-2018 оқу жылы 12 ақпан
2018 жыл
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыру аясында
«Ұл мен қыз – ұлт намысы»
кешенді іс-шарасының негізінде
«Әжелер тәрбиесі» атты
10-11 сынып қыздар жиналысының
Х А Т Т А М А С
Ы
Күн
тәртібінде:
1. Баяндама. Тақырыбы: Ұл мен
қыз – ұлт намысы. Баяндамашы: Нұрмағамбетова
М.Қ.
2. Баяндама. Тақырыбы: Қыз –
қылығымен. Баяндамашы: Каюпова Н.И.
3. Психолог баяндамасы.
Тақырыбы: Жасөспірім қыздар арасындағы аутодеструктивті
мінез-құлықтың алдын алу.
4. Мектеп инспекторының
баяндамасы. Тақырыбы: Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық
қатынастың, ерте жүктіліктің алдын алу
5. Әжелер тәрбиесі. Қыз бала
нені білуі керек?
6. Кәмелетке толмаған
жасөспірімдер қыздар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың,
қаңғыбастық пен панасыздықтың алдын алу.
Т Ы Ң Д А Л Д Ы
:
2018 жылы ақпанның 12-сі күні
Терешкова атындағы № 31 жалпы орта мектебінің 10-11 сынып
қыздарымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұл
мен қыз – ұлт намысы» кешенді іс-шарасының негізінде «Әжелер
тәрбиесі» тақырыбында осы сыныптардың сынып жетекшілерінің
ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар
тарапынан бір-бірден әжелер де қатысты. Жиналыс өткізудегі мақсат:
қыз бала бойына сүйіспеншілікті, жылулықты ұялату,
ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен
қыз болуға тәрбиелеу; халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың
ақ сүтімен, әженің өнегесімен, атаның
ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық
қасиетімізді балалар бойына дарыту болды. Осы мақсатта
алдымен сынып жетекшілер даярлап келген слайдтар мен видеороликтер
көрсетілді, баяндамалар тыңдалды.
-
Бірінші болып 10 сынып
жетекшісі Нұрмағамбетова М.Қ. «Ұл мен қыз – ұлт намысы» деген
тақырыпта, Каюпова Н.И. «Қыз - қылығымен» деген тақырыпта баяндама
оқыды (баяндамалар тіркеледі).
Баяндамалар жан-жақты тыңдалып
болған соң, Әжелер тобына сөз берілді. Онда әжелер өздерінің
басынан өткен тұрмыстық жағдайдағы оқиғалары туралы, келіндер
туралы оқиғалар, қыздар туралы түрлі жағдаяттар
айтты.
Қазіргі қыздар - ертеңгі
келіндер, болашақ аналар. Сондықтан олардың қолынан өнер тамған
іскер, дәмді тағамдар пісіретін аспаз, сәнді киімдер тігетін
тігінші, сұлу, әдемі, сымбатты болып жүретін, қолынан бәрі келетін
бесаспап адам болу керектігін түсіндіріп кетті. Қыздардың
іскерлігін сынау мақсатында 5 кезеңнен тұратын іскерлік ойындар
жүргізді. Олар:
-
Тігін тігу, оның ішінде жиі
кездесетіні түйме қадау.
-
Тоқыма тоқу, шұлық
тоқу.
-
Шаш
өру.
-
Қамыр
жаю.
-
Бесік жырын
айту.
Ойынның әр түріне әр сыныптан
бір-бір қыз қатысты. Әр ойынның шарты түсіндіріліп, мақсаты
айтылды. Әр ойынды жүргізетін әже тағайындалды. Ойынды жүргізген
әже ойынға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, жіберілген
қателіктеріне талдау жасап, ондай қателіктерді алдағы уақытта
болдырмау үшін өздерінің ақыл-кеңестерін беріп
отырды.
1. Киім тіге білу, дәмді тамақ
пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының
тіршілігі толыққанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер
қыздардың қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке санаған адам
қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын,
қызығын молайтатын, мән – мәнісін арттыратын, бір – біріне
ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы
бір аса маңызды жағы, мүмкін ең маңызды жағы шығар, келешекте
өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі – өнеге
көрсете алатын болуы.
2. Тоқыма тоқу – ертеден келе
жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта
өзіне не жақынына сый тарта алады. Мұның бәрі жіптің қалыңдығына
қарай: егер жіп қалың болса, шұлық, бөкебай секілді жылы бұйымдар
тоқуға болады, ал егер жіп жұқа болса, көйлектерге арналған
заманауи жағалар, білезік тоқуға, тіпті, етегі қысқарған тоқыма
белдемшеге етек етіп, әдемілеуге болады. Халқымыздың ұмытылып бара
жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың
ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі
заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту
жастардың еншісінде
3. Кісінің көркі болып
саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам. Шашқа
қатысты ырым, нанымдар да, қазақи тыйымдар да жетерлік. Бұрынырақта
аналарымыз белден асқан шашты кеспеген. Ұзын шашты орынсыз кесу
үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. «Бір тал түскен
шашты кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына
шалдығады» деген де бұрыннан бар тыйым.
4. Қыз баланы үй шаруашылығына
икемді болуға,ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа,тазалық пен
ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
керек. Анасына қарап қыз өсер тон пішіп, ал Атасына қарап оқ жонар
ержетіп. естен кеш жаксы емеспе қазақ атамыз айтқандай есі кірмей
жатып анасынын қасына барып құрт жасауға көмектесіп жұмсағанына ,
істегеніне қарап көнілге тоқысаң. үйренетін адам жалықпай қатесін
түзегенше үйренер қай тамақты жасаса да бәрінің қолынан
келеді.
5. Бесік жыры — балаға
берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының
әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің
ырғағымен тербетеді.
Қазіргі келіндерге ұлттық
өнегені көрсетіп, тәрбие беретін енелер азайды. Өйткені бүгінгі
енелер мен әжелер - кешегі Кеңес өкіметінің келіндері. Олар
көпбалалы болудан гөрі қызмет қуғанды қалады, ерлермен тең құқықты
болуға ұмтылды, осылай ерікті және еріксіз түрде ұлттық
құндылықтан, тәрбиеден ажырады.
Бесік жыры арқылы баланың тілі
ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен
баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз.
Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан,
сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да —
алаңдатарлық жайт екендігін айтты. Ойынға қатысушы қыздардың
еңбектерін қорытындылай келе, қыздарға қолынан өнері тамған шебер,
іскер, пысық болу керектігін, бастысы еңбеккор болу керектігін,
еңбекқорлықтың ала алмайтын қамалы жоқ екендігін, еңбекқор болсаң,
сыйлы болатындығын айтып кетті.
Соңынан әжелер әр қатысушыға
түрлі тәттілерден сыйлық берді.
Баяндама Мектеп психологі және
мектеп инспекторы дайындаған мәліметтер тыңдалды. Сөз кезегі мектеп
психологі Тұрысбекова Күлия апайға берілді. Ол өз сөзінде қыздарға
психологиялық жақтан түрлі кеңестер берді. Қыздардың келешекте
отбасын құрып, ана атанатындығын, отбасылы болған кезде түрлі
кедергілердің кездесетіндігін, ол кедергілердің барлығын шешу үшін
үлкен төзім керектігін, төзімді болу үшін алдымен білімді болу,
сабырлы, төзімді болу керектігін ескертті. «Жасөспірімдердің
арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбына баяндама тыңдалды.
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын
ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге
жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу,
өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге
үйрету,бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы, бір-біріне
көңілді күй сыйлау. Баяндамада статистикалық зерттеулер
қорытындысымен белгілі болғандай жасөсіпірімдер арасындағы жиі
кездесетін суицидтің түрлерін атап өтті.
Өтілген, атқарылған
іс-шаралардың барлығын саралай келе, жиналыс соңында мектеп
инспекторы: Қазақ халқының қылмыс туралы ежелгі заңында шашқа
қатысты арнайы баптары болғандығын, оны бұлжытпай орындау, бұзса,
жазалау берік те қатаң тәртіп, дәстүр боп саналғандығын, сондықтан
да бұзық ойлылар, есерлер әйелдің шашын кесетін болса, ол
әйелдің бір мүшесін кескен болып есептелініп, соған сай әлгі адам
қатаң жазаға тартылғандығын немесе үлкен айып төлегендігін айтты.
Ал енді әйелдер қылмыс жасаса, оларға қолданған жазаның ең ауыр
түрі — шашын кесу болған. Бұл жаза сол кездегі әйелдер
үшін өлім жазасына тең екен. Мұның бәрі халқымыздың әйелдердің
шашын баяғы кезден-ақ қатты бағалағанын, қасиетін терең түсінгенін
көрсетеді.
Мектеп инспекторы, сондай-ақ,
ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым
абыройлы, сыйлы болатынын айтты. Қыздар – ұлт анасы! Осы ұлт
атағына лайық болыңыздар! Ұлт тағдыры қыздарға байланысты екенін
ұмытпаңыздар деді.
Тіршіліктің ағынында асыл ана,
ардақты әже атанып, сонымен бірге есімі елге танымал ұл-қыздың
анасы атану тіптен қиын. Ол қоғам мен адамның әрбір кезеңіне тән
арнайы тәлім мен тәрбиенің маңызды екенін жіті түсінген асыл жандар
екендігін айтты. Олар көпті көргендіктен, олардың айтқан әрбір
сөзін, ақыл-кеңестерін мұқият тыңдауымыз керектігін
айтты.
Жоғарыдағыларды тыңдай келе,
қыздар жиналысы төмендегіше
Қ А У Л Ы Е Т Т І
:
-
«Ұл мен қыз – ұлт намысы»,
«Қыз - қылығымен» деген тақырыптарда оқылған баяндамалар өте құнды
деп есептелсін. Ұлт намысы қыздарға байланысты екендігі
ұмытылмасын.
-
Аутодеструктивті
мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу қолға алынсын. Қыздар
жаман қылықтардан аулақ болсын, ар-намысын ешкімге
таптатпасын. «Қызды тәрбиелегенің – бір
ұрпақты тәрбиелегенің» - деген ата-бабамыздан қалған сөзді үнемі
жадымызда ұстайық.
-
Әжелер тәрбиесі. Қыз бала
нені білуі керек? деген сауалдарға берілген ақыл-кеңестерге қыздар
құлақ салсын.
Халқымыздың
қолөнері, көркем тігістері
туралы ұғымдарды қалыптастыра отырып, танымдық қызығушылықтарын
дамытсын, еңбекқор болсын, салт-дәстүрді құрметтеуге
үйренсін. Әсемдікке, эстетикалық
талғамға сай қыздар
тәрбиеленсін.
Жиналыс төрайымы: Каюпова
Н.И.
Хатшы: Тогусбаева
Г.А.