Материалдар / Академик Ә.Х.Марғұлан -Беғазы - Дәндібай мәдениетінің негізін қалаушы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Академик Ә.Х.Марғұлан -Беғазы - Дәндібай мәдениетінің негізін қалаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада академик Ә.Х.Марғұланның мәдениеттану саласына қосқан үлесі, Беғазы- Дәндібай мәдениетін қалаушы туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2022
348
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Академик Ә.Х.Марғұлан -Беғазы - Дәндібай мәдениетінің негізін қалаушы

Академик Ә.Х.Марғұланның ғылымға сіңірген еңбегі қызық кітаптың айқара беті сияқты.Осы кітап уақыт озған сайын құны артып, толғанта иландыра бермек. Оның сыры Әлекеңнің алуан ғылым саласын тоғыстыра тереңнен ой толғанта алатындығында»деп Кемал Ақышұлы өз бағасын бере отырып, осы айтылған сөздердің бүгінгі таңда одан да ары құны арта түскендей. Әлкей Хақанұлы «археология дегеніміз- бұл өткен заман ескерткіштерін үздіксіз іздеу, заттай мәдениет комплекстерін, ерте заман өркениетіндегі адамдардың іздерін ашу. Өзімнің экспедициямды адамдармен сұхбатымды, қазба жұмыстарымды, тапқан заттарымды еске алсам- бұл менің өмірімдегі өте бақытты күндерім. Далада еңбектің бағасы, іске және сөзге деген адалдық саналады. Мұндай өнбейтін жұмысқа шыдам керек. Мен археолог ғалым М.П.Грязнов пен С.И.Руденконың экспедициясына қатыстым, А.Н.Бернштам, С.С.Черников, Л.Р.Кызласов және басқа да еліміздің атақты ғалымдарымен бірге жұмыс істедім, өзімнің оқушыларым К.А.Акышев, М.Қ.Қадырбаев. Х.А.Алпысбаев, А.М.Оразбаевпен және де жас коллегарым С.М.Ақынжанов, К.М.Байпақов,Л.Б.Ерзакович және басқаларымен де жұмыс істедім»-дейді Н.Э.Масановпен сұхбатында [1, 3-32 б]

Әлкей Хақанұлының ғылыми ізденісіндегі айырықша кезең Орталық Қазақстанмен тығыз байланысты. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ ҒА-ның тұңғыш президент, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың кеңесі бойынша Ә.Марғұлан көне мәдени ескерткіштерге өте бай, әлі зерттелмей, ғылым әлемі үшін беймәлім болып келген Орталық Қазақстанды өзінің негізгі нысаны етіп таңдады. Ол осы жерде жүргізген жүйелі зерттеулерінде мүлде жаңа тегеурінді қорытындылар мен дәйектемелар жасады. Әлкей Хақанұлының және шәкірттерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орталық Қазақстан ғылым үшін маңызды көне мәдениет және өркениет ошағы ретінде қайта ашылды. Ғұлама ғалымның басшылығымен 30 жылдан астам уақыт ішінде Орталық Қазақстанда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қола дәуірінің және алғашқы көшпенді тайпалардың мәдениеті мен шаруашылығы жан-жақты зерттелді. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің болмысы ғылыми тұрғыда дәлелденді. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижесі ретінде Ә.Марғұланның басқарумен және оның тікелей қатысуымен жазылған іргелі монографиялық еңбек жарыққа шықты [2, 5б].

Халқымыздың тарихын тура түсінуге қатысы бар осы мәселеге байланысты қалам тартқан ірі ғалымдардың бірі Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалым үшін бұл аса маңызды мәселе болатын. Әлкей Хақанұлының 1966жылы жарық көрген «Ежелгі мәдениет куәлары» атты жинаққа жазған кіріспе мақаласында :«Тегінде Азия мен Қазақстанды, Оңтүстік Сібірді қоныстанған ежелгі тайпалардың өркендеу тарихы орасан қызық. Бұларда мәдениет ошағы бұдан төрт мың жылдар бұрын, қола дәуірінің өзінен көріне бастаған. Әлкей Хақанұлы көп жылғы археологиялық зерттеу негізінде Орталық Қазақстанда қола дәуірінде жоғарғы дәрежеде металлургия оның ішінде мыс, қола және тағы да басқа да түсті металл өндіру дамыды деп көрсетті. Мұның куәсі көптеген молалар мен мавзолейлер, тұрғын үйлер құрылысы, қыштан, тастан, темірден және сүйектен жасалған бұйымдар, металл балқытатын орындар. Табылған ескерткіштер орта қола дәуірінен соңғы қола дәуіріне ХІІІ-YІІІ ғғ. б.э.д содан кейін қола дәуірінен ерте темір дәуіріне YІІІ- YІІ ғғ. б.э.д өту кезеңіне келеді. Ә.Х.Марғұлан Орталық Қазақстанда көптеген ескерткіштерді Айшырақ, Егізек, Беласар, Байбала, Беғазы, мавзолей Бұғылы, Саңғыру, Айбас- Дарасы, Дәндібай, Былқылдақ мавзолейлерін, аса ірі Шортанды бұлақ, Қарқаралы, Кент елді мекендерін тауып зерттеді. Қола дәуірінің соңғы кезеңі немесе Беғазы- Дәндібай мәдениетінің ескерткіштері шығысы Абралы тауымен Шыңғыс жотасымен батысы Ұлытау тауына дейін созылып жатыр. Орталық Қазақстанның қола дәуірін айғақтайтын этап ескерткіштері өзіндік ерекшелігімен бөлініп көрінеді, бұл бізге дейін жеткен алғашқы монументалды құрылыс (ХІІ-Х және Х- YІІІ ғғ б.э.д)- деп көрсетті Ә.Х.Марғұлан.

Қола дәуірінің гүлденген соңғы кезеңін Ә.Х.Марғұлан Беғазы- Дәндібай мәдениетіне жатқызды. Бұл кезеңде мал, егін шаруашылығы, кен өндіру мен металлургия жоғары дәрежеге жеткен еді. Беғазы- Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерінің жәдігерлерін талдау барысында б.з.д ХІІ-ІХ ғғ кезінде ірі-ірі рулық топтардың пайда болып, беделді тайпа басшыларының болғанын, олардың мәдени және әкімшілік орталықтарының яғни астаналарының болғанын көреміз. Демек сол кезде, кейінгі сақ дәуіріндегі мемлекеттік дәрежеге жеткен қоғам дамуының жоғары сатысының іргесі қаланған. 1947-1948 жылдары ірі тас плиталардан тұрғызылған Беғазы мавзолейлері зерттелді. Әлкей Хақанұлымен бірге осы ескерткіштерді 1948 жылы Москва Университетінің археология кафедрасының студенті қазіргі кездегі атақты ғалым, ММУ профессоры Л.Р.Кызласов болды. Ол Марғұлан жайында жазған мақаласында Әлкей Хақанұлын үш қырынан көрсетеді: біріншісі және негізгісі- туған жеріне және өз халқына берілгендігі, екіншіден, ғылымға берілгендігі, үшіншіден, барлауға барынша тырысуы. Сонымен қатар сағаттар бойына жүре алатын «тума талантты шабандоз» де деп есіне алады [3, 64-67 б].

Беғазы-Дәндібай ескерткіштері өзінің құрылымдық күрделігімен, көрнекілігімен, сәулет құрылыстарын салудын жоғары техникасымен назар аударады. Ғаламат сирек тастар. Обалар, кесенелер, мүсіндер сонау қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған дәуірі екені Әлекеңнің жаңадан шыққан бірінші томында айырықша дәлелденген. Көне құрылысшылар өздеріне арналған мекендерді, кесенелерді ылғи ірі, қақпақ тастардан салуда аса шеберлік танытқан. Беғазы- Дәндібай мәдениетін зерттегенде, Әлекеңнің көне тайпалардың мал өсірудегі, кен қазудағы және металл балқытудағы шаруашылық әдістеріне де мән беріпті.

Академик Ә.Х. Марғұлан Беғазы- Дәндібай қорығында қазба жұмыстарын жүргізгенде, қоныстар мен кесенелерден табылған керемиканың түрі мен өрнектері жалпы бір-біріне ұқсас екеніне назар аударды. Академик өзінің «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп аталатын кітабында мынадай тұжырым жасапты: «Беғазы- Дәндібай мәдениеті Оңтүстік Сібірдегі Қарасұқ мәдениетінен бөлек, өзіндік дербес жағдайда дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы- Дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса бай ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Қарасұқ мәдениетіне тигізген зор ықпалын айқын аңғартады [4, 12-14 б].

Сонымен қатар бұл еңбек- Орталық Қазақстанды көп жылдар бойы зерттеген еңбектің жемісі. Бұл кітап дүние жүзі ғылымында ерекше орын алады. Өйткені :Әлекеңе дейін дүние жүзі ғылымында Солтүстік Кавказдағы Қобан мәдениеті мен Оңтүстік Сібірдегі Қарасұқ мәдениетіне дейін территорияда ешқандай мәдениет пен өркениет болмаған деп айтылып келген. Әлекең мұны түгелдей жоққа шығарады.Орталық Қазақстандағы екі мың жыл бұрын пайда болған Беғазы- Дәндібай мәдениеті- бір жақтан келген емес, сол жердің төл мәдениеті екенін дәлелдейді.Ертедегі кен қазушылар, малшылар және егіншілердің қалашықтар Қаракерей даласы мен Солтүстік Бетпақ дала, Атасу алқабы. Ұлытау аймақтарында болған.Жезқазған аймағының жерінде бұдан екі мың жыл бұрын металл қорытылған, яғни Қазақстанның сонау бөлігі ертедегі түсті металлургияның дүниежүзілік мәні бар орталығы екені дәлелденді. Тізбелей берсек Әлекеңнің археология саласының еңбегі ұшан-теңіз [5, 32-34б].

Қазақтың, қазақтың ғана емес бүкіл түркі жұртының маңдайалды майталманы атанған Әлкей Хақанұлы өзінің ғылымы үшін баға жетпес мұра қалдырды.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:


1.Маргулан А.Х. Некоторые итоги и перспективи археологического изучения Казахстана // Изв Ан Каз ССР. Серия. Археолог. 1948. Вып. 1. Стр -3-32.

2.Арын Е.Нұхұлы А. Ғылымның маңдай алды майталманы.

// Сарыарқа самалы.- 27 мамыр.- 2003,-5 б

3.Әзиев Ә. Академик Марғұланның мұрасы. // Ақиқат. -2000.№2. – 64-67бб.

4.Байпақов К. Ақышев К. Қазақ археологиясының атасы. // Қазақ тарихы.- 1994.№2. -12-14бб.

5.Марғұлан Ә. Из истории изучения древней культуры Казахстана: (Археологические аспекты). –Изв. АН Каз ССР. Сер. Обществ. №6.- 1981. -32-34бб



РЕЗЮМЕ

Автор в своей статье рассматривает проблему научного доказательства древней культуры «бронзового периода» Бегазы-Дандибай академиком А.Х.Маргуланом.

Summary

The author in this article investigates the problem of the scientific evidence of the Begazy-Dandybay’s «bronze period» ancient culture, which was done by the academic A.Margulan.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!