Материалдар / Акробатикалық жаттығулар 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Акробатикалық жаттығулар 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қазақмыс»корпорациясының Политехникалықколледжі» ЖМ


ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар

Модуль /пән атауы

ЖБПП 09

Дайындаған педагог

Кенжегарин Нурдос Несипбаевич

Күні

2022 жылғы "_27_"__01___

1. Жалпы мәліметтер


Курс, Топтар

МЦМ-21-09к

Сабақ түрі

  • сабақ :

  1. Жаңа білімді меңгеру сабағы.

дәріс;

  • практикалықсабақ;


2. Мақсаттары, міндеттері

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу

Сабақтың мақсаты:




Білім алушыларды жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз физикалық және психикалық денсаулықтарын нығайтуға ынталандыру, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.

Міндеттері

Білім беру

- акробатикалық жиынтық жаттығуларын реттілігімен құрастыру;

- акробатикалық элементтер жиынтығын орындалу техникасын көрсету;

Дамыта оқыту

  • дене дайындықтарын нығайту, дененің негізгі физикалық сапаларын (икемділік пен төзімділікті) дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерің арттыру.

Тәрбиелеу

Студенттердің арасындағы өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге төселдіру, сауалатты өмір салтын насихаттай отырып, құндылықтарды дарыту.

3. Оқу-жаттығу процесінде білімалушылар меңгеретін күтілетін нәтижелердің және (немесе) кәсіби машықтардың тізбесі.

- Саптық жаттығулар: Бұрынғы үйретілген жаттығуларды қайталау, қозғалыстағы бұрылу тәсілдерін қолдана алады;

- Жалпы дамыту жаттығулары: Дененің негізгі бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығуларын орындай алады (ауырлықпен және ауырлықсыз);

- Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу. Иіліп, шалқайып секіріп түсуді меңгереді;

- Акробатика (ер балалар): Биіктігі 80-90 см кедергіден алға ұзыннан аунай секіріп өту. Қолмен тұру. Қолмен тұрып, аунап айналуға көшу. Басымен және қолмен тұру арқылы көпір жасауға көшу дағдыларын үйренеді;

- Акробатика (қыз балалар): Бұрынғы үйренген акробатика элементтерінен жинақталған жеке кешен жаттығуларын жасайды.

4. Қажетті ресурстар

Гимнастикалық төсеніш, таратпа материалдар, интерактивті тақта, ысқырғыш, секундомер.

4.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, Анықтамалық әдебиет

  1. К.Жахин, Е.Юркова Физическая культура. Методические пособие

  2. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.

  3. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.

  4. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.

  4.2 Техникалық жабдықтар, Материалдар


Бейнематериал, интерактивті тақта.



5.Сабақ барысы


Сабақта жоспарланған қызмет

Гимнастикадағы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, гимнастика теориясына шолу жасау, акробатикалық элементтер жиынтығын орындалу техникасын көрсету. Білімалушылар ЖФД кешенін акробатикалық жаттығулар құрамын (акробатикалық секіру, тепе теңдік, лақтыру қозғалысы) орындау барысында, кемінде бұлшық еттің бір тобына (иық белдеуі, тығыздауыш, аяқ), дененің түрлі бұлшық еттеріне күш түсіруді реттей білудің қарапайым дағдыларын реттей білетіндіктерін көрсетеді.

Ресурстар

Карточкалар , доптар

1



Кезеңдер (сабақ түріне, сабаққа байланысты және жеке)



Ұйымдастырушылық

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.

Студенттерді қатарға тұрғызу сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ мақсаттарымен таныстыру.

Ысқырғыш


Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Алдыңғы сабаққа байланысты сұрақ-жауап.

  2. Әдіс тәсілді ортаға шығып көрсету

Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру, жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

Оқушылармен фронтальды жұмыс.



Студенттерді білімді белсенді және саналы түрде меңгеруге дайындау.

«ЖАЛҒАН/АҚИҚАТ» тапсырмасы.

Студенттерге бірнеше тұжырымдама ұсылады. Алдыңғы игерілген білім бойынша тұжырымдаманың «Жалған/ Ақиқат» екендігін ажырату қажет.


Тұжырымдама

Жалған

Ақиқат

Спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;


Ырғақты гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.


Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы.


Спорттық акробатика - жекелей және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар.


Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды.


  • Әр тұжырымдаманы талдау барысында «Гимнастика» бөлімі бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталу.

  • Гимнастика терминдерін еске түсіру.

  • Гигиеналық гимнастика, ырғақты гимнастика, спорттық гимнатика, атлетикалық гимнастика түрлерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Карточкалар, плакаттар көрсету


Жаңа білімді игеру.


Төмендегі акробатикалық жаттығулар элементтерінен реттілікпен жаттығулар жиынтығын және орындалу техникасын түсіндіру және көрсету.

a) Бастапқы қалып- қолды жерге тіреп жүреден отыру, алға домалап, бастапқы қалыпқа келу

b) Шалқадан жатып «көпір» жасау


с) Шалқадан жатқан қалыптан жауырынға тұру.

d) Артқа домалап жартылай шатқа отыру.


Дене белсенділігін дамыту үшін тапсырма беріледі.

Тапсырма

Жаттығуды орындаңыз.

1) Дене қыздырыну жаттығуларын орындаңыз.

2) Серіктесіңіздің көмегімен жаттығуларды орындаңыз.

3) Қауіпсіздікті сақтаңыз.

4) Гимнастикалық төсеніште акробатикалық жаттығуларының бірнеше элементтерін бір мезгілде орындаңыз:

- қолға тұру

- алға аударылу

- «көпірше» қалпы, бастапқа қалыпқа оралу.

Нұсқама

Іс- әрекет реті (орындалуы)

Shape1

  • дене қыздырыну жаттығуларын жасайды;

  • жаттығуларды серіктесінің сақтандыруымен орындайды;

  • қауіпсіздікті сақтайды;

  • бірнеше акробатикалық жаттығуларды орындайды.


Гимнастикалық төсеніш

Жаңа білімді бекіту.



І.Үйрену дайындық жаттығуды орындау тапсырылады.

1) Еденде қолды тіреп, жүреден отырып аяқты артқа, жанға серпіле жазыңыз.

2) Еденде қолды тіреп, жүреден отырып серпіле аяқты артқа жазып, серпіле екі аяқты қол бойында иық көлеміне соза қойыңыз.

3) Гимнастикалық орындық үстінен серпіле жерге қоныңыз (тізені бүге, қолды жоғары соза жерге түсіп, екі қолды жоғары көтере денені тік ұстау).

ІІ. Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау: Топ мүшелерінің үйрену дайындық жаттығуларын ережеге сай, сапалы орындауын бағалаңыз.

Білім алушылар төмендегі критерийлерге сәйкес бірін- бірі бағалайды:

- дайындық жаттығуларын сауатты орындайды;

- кіші ағашаттан секіруді техникалық біліктілікпен орындайды;

- жаттығудың орындалу сапасын бағалайды.

Сұрақ- жауап, талқылау сұрақтары, бағалау критерийлері

5.Сабақ бойынша рефлексия










Сабақты қорытындылау мақсатында «Шеңберлер сөйлейді» әдісі қолданылады. Студенттер бүгінгі сабаққа кері байланыс ретінде берілген сипаттама, критерийге сәйкес үш түсті шеңберден өзі қалаған шеңберге орналасады.

ЖАСЫЛ ТҮСТІ ГИМНАСТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР

Сабақ мен үшін сәтті болды. Көңіл күйім тамаша! Жаттығуды еш қиындықсыз орындай алдым.

САРЫ ТҮСТІ ГИМНАСТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР

Жаттығуларды орындауда қайталау, жаттықтыру жұмыстары қажет. Әлі де түсінбеген тұстары болды.

ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ ГИМНАСТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР

Бүгінгі сабақта шаршау байқалады. Сабақ жүйесіздеу болды. Тапсырманы нақтылы түсінбедім.


Жасыл, сары, қызыл түсті гимнастикалық шеңберлер.










6. Үй тапсырмасы

«Адам денсаулығын нығайтуда гимнастикалық жаттығулардың маңызы»








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!