Материалдар / Акробатикалық жаттығулар реттілігі. Гимнастикалық корпешелерде орындалатын жаттығулар

Акробатикалық жаттығулар реттілігі. Гимнастикалық корпешелерде орындалатын жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Гимнастикалық корпешелерде орындалатын жаттығулар. Акробатикалық жаттығулармен қозғалыс тәжірибесін байыту, қимыл қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2022
1399
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы

Б.Шалғынбаев атындағы № 217 IT-мектеп-лицейі

Пәні

Дене шынықтыру

Бөлім

3-бөлім Акробатика негіздерінде гимнастика

Педагогтің аты-жөні

Болатбекова Ақерке Болатбекқызы

Күні:


Сынып:

3 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар реттілігі. Гимнастикалық корпешелерде орындалатын жаттығулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.5.1 - кеңістікте қозғалыс әрекеттерін орындау және анықтау.

Сабақтың мақсаты

Қимыл қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, акробатикалық жаттығулармен қозғалыс тәжірибесін байыту. Негізгі физикалық қабілеттерді дамыту және дене жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру. Дене жаттығуларына қызығушылықты арттыру

Бастапқы білім

Гимнастикалық жаттығулар туралы сабақта, сабақтан тыс кездерде естіген, көрген білімдері бар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

1. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, мәлімет қабылдау
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- ұлдар қол желкеде, қыздар қол белде өкшемен жүру
- қол алда жартылай отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс

- қол артта, өкшені алақанға тигізе жүгіру

- қолды алға созып, тізені алақанға жеткізу

- толық отырып, қолмен тізені ұстап жүру

- қол белде, аяқты алдыға лақтырып, кейін оң және сол аяқпен секіре жүгіру

5. Тынысты қалпына келтіру (қолды жоғары көтергенде мұрынмен терең тыныс алу, қолды төмен түсіргенде ауызбен терең тыныс шығару)
6. Жалпы дамыту жаттығулары.

Б.қ аяқ иық тұсында, қолымыз белімізде, басымызды айналдырамыз:

оңға - 4 рет, солға – 4 рет

Б.қ аяқ иық көлемінде, қол белде, басты 1-алдыға, 2-артқа, 3-оңға, 4-солға иеміз

Б.қ аяқ иық тұсында, қолымыз иықта, шынтақты айналдырамыз:

1 – 2 алға; 3 – 4 артқа;

Б.қ қолымыз белімізде иілу жаттығулары: 1 – 2 сол жаққа қарай иілу

3 – 4 оң жаққа қарай иілу

Б.қ аяқ иық тұсында, қолымыз белімізде, белімізді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.

Б.қ аяқты алшақ ашамыз, қолымыз белімізде, алға иілеміз:

1- оң аяққа қолды тигіземіз, 2- еденге, 3-сол аяққа тигіземіз, 4-бастапқы қалыпта

Саптық, жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындау.


ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Спортзал, ысқырық


Жаңа білім

Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

Акробатикалық жаттығулар дегеніміз - денені әр түрлі жазықтықта айналдырып, тіреумен, тіреусіз және тепе-теңдікті сақтай отырып орындалатын жаттығулар.

- Алға қарай домалау

- Жауырынға тұру

Алға қарай домалау-денені жинап, жиырып алып аударылып түсу деген сөз. Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайымы қолды жерге тіреп отырып, алға қарай аударылып түсу.

Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін:

А) басты еденге тиюі

Ә) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу

Б) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға жылжытып жіберу

В) домалап түскеннен кейін аяқты жинамай жазуы

Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру: шалқамен жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықымды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек және қолды шынтақпен тіреп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады.

  1. Оқушылар кезекпен шығып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, гимнастикалық төсеніште алға қарай домалау жаттығуларын орындайды. Бастапқы қалып. Аяққа отырып қолдарын төсенішке тіреиді, алға ұмтылып домалау.

  2. Жауырынға тұру жаттығуын орындайды. Бастапқы қалып аяқтың ұшына, аяқты жинап отыру, аяқпен итеріліп шалқалай жатып, қолды белге тіреу арқылы, жауырынға тұрады.

  3. Оқушыларды командаға бөліп, көңілді эстафеталық жарыс өткізу


Берілген сұраққа жауап беріп, көрсетілген жаттығуларды, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Форматив

ті бағалау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Гимнастикалық матрас, ысқырық, гимнастикалық таяқша


Бекіту


Сабақты қорытындылау.

- Демалдыру жаттығуларын жасау.

- Оқушыларды бағалау.

- Үй тапсырмасын беру.

- Қоштасу.

- Бір қатармен спорт алаңынан немесе залдан шығару.



Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.








Кері байланыс

Рефлексия

Оқушылар «Ашық микрофон» арқылы сабақтан алған әсерін, өз ойларын айтады.











Сабақтаналған әсерлерін баяндау

«Ашық микро

фон»


«Ашық микрофон»

кері байланыс



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ